Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!" - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан халқы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтіп жатыр.