Қазақстанда сәуір айынан бастап не өзгереді

1013 просмотров
0
Ратель
Суббота, 01 Апр 2023, 11:30

Көлік салығын төлеу мерзімі, таңбаланбаған аяқ киім саудасына тыйым, 1-сыныпқа құжат қабылдау – осы және өзге де өзгерістер сәуір айында күшіне енеді

Көлік салығын төлеу мерзімі, таңбаланбаған аяқ киім саудасына тыйым, 1-сыныпқа құжат қабылдау, құмар ойындарға жұмсалған ақшаның есебі – осы және өзге де өзгерістер сәуір айында күшіне енеді. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Читайте также
Алматы прокуратурасының ықпалымен тауарлық газға тариф төмендетілді

Көлік салығын төлеу екі күннен кейін аяқталады

Заң бойынша 2022 жыл үшін көлік салығын төлеу мерзімі бүгін аяқталуға тиіс еді. Алайда биыл 1 сәуір демалыс күніне түсіп тұрған соң, төлеу мерзімі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар көлік салығын 3 сәуір күні төлей алады.

Ал 4 сәуірден бастап салықты төлемеген азаматтарға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі. Осыдан кейін салық төленбесе, отыз жұмыс күні өткен соң, 1 АЕК немесе 3 450 теңгеден асатын берешек бойынша жеке тұлғаның борышын өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарылып, борышкерге жолданады.

Салық бұйрығын алған қазақстандық 5 жұмыс күні ішінде берешегін өтемесе, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі.

Бұл ретте жеке сот орындаушылары қарыздан бөлек, салық берешегінің 25%-не дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады. Оған қоса борышкердің шоттарын бұғаттап, елден шығуға шектеу қоюы мүмкін.

Сол себепті артық шығынға ұшырамау үшін көлік салығын уақытында төлеген дұрыс.

Қазіргі таңда салық органдары есептеген, төленуге тиіс көлік салығының сомасы Каспи банк пен Халық банктің мобильді қосымшалары арқылы PUSH-хабарлама түрінде жіберіледі. Есептелген салық сомасын, сондай-ақ, "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Электронды сервистер"→"ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі" сервисінен де көруге болады.

Аяқ киім сататын кәсіпкерлер үшін не өзгереді

Кәсіпкерлерге 2023 жылғы 1 сәуірге дейін таңбаланбаған аяқ киімді сатуға рұқсат етілген болатын. Бүгін ол кезең аяқталды. Енді бизнесмендер аяқ киімді тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркеуге міндетті.

Яғни бүгіннен бастап бизнеске таңбаланбаған аяқ киімді сатуға тыйым салынады.

Аяқ киімді міндетті таңбалау және қадағалау жүйесі 2021 жылы 1 қарашада енгізілген еді. Алайда кәсіпкерлер жаңа ережеге бейімделу үшін көбірек уақыт сұрап, оны толық енгізу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылды.

Міндетті таңбалау және қадағалау дегеніміз – елге кіретін әрбір өнім туралы ақпаратты тіркейтін және бірегей деректер матрицалық коды арқылы қадағалайтын жүйе. Өндірушіден/импорттаушыдан соңғы тұтынушыға дейінгі өнімнің бүкіл жолын көрсетеді. Таңбалау және қадағалау жүйесінің міндеті – Қазақстандағы тауар айналымын ашық ету.

Айта кетері, Қазақстан заңнамасында аяқ киімді таңбаламағаны үшін айыппұл қарастырылмаған.

Читайте также
Тамара Вааль: Мен өз елімнің Әнұранын жатқа білемін, ылғи да тік тұрып, зор мақтанышпен орындаймын

Елордалық мектептерде 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады

Астанада 3 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылданады. Бұл жұмыс жалпы орта білім беретін мектептерде 1 тамызға дейін жалғасады.

Қала әкімдігінің болжамынша, биыл 26 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды.

"Білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, қызмет көрсететін аумақта тұратын алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды. Мамандандырылған мектептерден басқа барлық мектеп бірінші сыныпқа баратын балаларды ешқандай емтихансыз қабылдайды. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету мақсатында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша комиссия құрылды", - деді білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева.

Ата-аналар құжаттарды www.egov.kz порталы арқылы тапсырады.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар қажет екенін әкімдіктің сайтынан біле аласыздар.

Қазақстан ЕАЭО елдерімен саудада тауарларды қадағалайды

1 сәуірден бастап Қазақстанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда-саттық жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу міндеті енгізіледі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, ілеспе жүкқұжаттары электронды форматта шекараға дейін рәсімделеді. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Соның арқасында жалған тұлғалар, банкрот болған және кәсібі тоқтатылған адамдардың атына құжат рәсімдеуге жол берілмейді.

Сондай-ақ виртуалды қойманы қолдану міндеті де енгізіледі. Оған бірнеше тауар жатады: тоңазытқыш, мұздатқыш, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері.

ЕАЭО аумағында барлық тауар бойынша импорт пен экспортқа ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу қажет.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан-2050" стратегиясын" түбегейлі қайта қарауды ұсынды

Судьяларды қорғайтын заң күшіне енеді

Осы айда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заң күшіне енеді.

Заңға сәйкес, енді құқық қорғау органдары судьяларға қысым көрсете алмайды. Судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шаралары тек бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі. Парламент депутаттары бұл норма судьялардың тәуелсіздігін нығайтады деген үмітте.

Сонымен қатар аудандық соттың төрағаларын кадр резервіндегі және өз-өзін ұсынған азаматтардың арасынан сайлау тетігі енгізіледі. Судья қауымдастығы кандидатты өзі ұсына алады.

Бұдан бөлек сенат Жоғарғы соттың судьяларын да баламалы негізде сайлайды. Сенатқа кемінде екі судьяның кандидатурасы ұсынылады.

Сондай-ақ Жоғары сот кеңесіне шекті жасты ұзарту, судьялардың өкілеттігін тоқтата тұру және тоқтату жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Сот төрелігі академиясы да Жоғары сот кеңесінің қарамағына өтеді.

Букмекерлік кеңселердегі ставкалар есепке алынады

Мәдениет және спорт министрлігі букмекерлік кеңселерде қабылданған ставкалар туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау ережелерін бекітті. Құжат сәуір айында күшіне енеді.

Сондай-ақ осы ережелер аясында тотализаторлардағы ставкалар да есепке алынады.

Ол үшін букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар өздерінің аппараттық-бағдарламалық кешендерін ставкаларды есепке алу орталығына қосады. Ақпарат онлайн беріледі.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді

Ставкаларды есепке алу орталығының қызметін өкілетті орган жүзеге асырады.

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға түсетін барлық төлемнің бірыңғай есебі көлеңкелі айналымды болдырмауға, салықты көбейтуге және бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

ЕАЭО аумағында тауарларды бажсыз әкелу шегінің қолданысы ұзартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелудің ұлғайтылған шегін 1000 еурода қалдыру мерзімін 2023 жылғы 1 қазанға дейін ұзартты.

Бұған дейін тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтімдерінде жіберілетін, сондай-ақ әуені қоспағанда, көліктің барлық түрімен әкелінетін немесе жаяу алып жүретін тауарлар үшін бажсыз әкелу шегі 1000 еуроға дейін көтерілген болатын. Мұндай шек уақытша осы жылдың 1 сәуіріне дейін бекітілген еді.

Бұл шараның ұзартылуы азаматтарды санкциялық қысым жағдайында қолдауға және ең қажетті тауарлар тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Ораза айт

Биыл 23 наурызда басталған Рамазан айы 20 сәуірде аяқталады. Ал 21 сәуір күні мұсылмандар Ораза айт мейрамын атап өтеді.

Мұсылман әлемі отыз күн оразадан кейін Ораза айтты үш күн бойы тойлайды. Бірақ бұл күндері ресми демалыс қарастырылмаған.

Читайте также
Алматыда тағы қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмау керек

Мейрамның бірінші күні мешіттерде жамағатпен айт намазы оқылады. Ораза айттың таңында сәресі ішілмейді, күндіз ауыз ашық болады. Рамазан айынан қалған қаза оразаны айттың екінші күнінен бастап ұстай беруге болады.

Мейрам күндері әрбір мұсылманның шаңырағында бауырсақ пісіріліп, ет асылып, мерекелік мол дастарқан жайылады. Туған-туысқандар, көрші-қолаң бір-біріне қонаққа барып, айт мерекесімен құттықтайды, сыйлық береді.

Дәстүр бойынша бұл күні мұсылмандар бір-біріне "Ораза айт қабыл" болсын" деп жылы лебізін білдіреді. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап, өкпе-назын ұмытады.

Сонымен қатар Ораза айт мерекесінде тұрмысы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге қол ұшын созған абзал.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




журналист
Жаслан деген Жасұлан емес пе? Жаслан деген Жасұланның орысша қате жазылған түрі ғой.
Почему женщину в Казахстане не считают человеком
Государство не станет цивилизованным никогда, если не прекратится насилие над гражданами женского пола
Как школьники стали объектами травли
Почему власти не реагируют на сетевые призывы к расправе с учителями и школьниками Международной школы Алматы
Зачем Управлению делами президента поле для гольфа
Нацкомпания QazaqGaz избавилась, наконец, от навязанного ей убыточного актива
Так кто же предатель? Комментарий к фильму Марии Певчих
Как случилось, что Владимир Путин пришёл к власти
Неизвестная война
Страницы истории Второй мировой, которые на постсоветском пространстве почти не упоминаются
Первая трансказахстанская магистраль: что видели пассажиры поезда Оренбург-Ташкент в начале XX века
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. О творчестве и не только
"Ковры-груди", тюльпаны размером с телевизор и оцифрованные архивы художника - вот чем встречает нас весна
Как нам война в Украине 12 лет мешает восстанавливать энергблок ЭГРЭС-1
Мы-то помним, что война началась в 2022 году, но в "Самрук-Энерго" уверены – из-за неё российский завод не выполнил контракт 2012 года
За что могли отправить в отставку министра Багдата Мусина
Госаудит выявил нарушения законодательства о государственных закупках в конкурсе на 5 млрд тенге
В ВКО обещают довести медицину до села
Между тем жители отдалённых сельских пунктов жалуются на отсутствие врачей
Застройщики оставили без жилья 480 актюбинцев
Некоторые из пайщиков умерли, так и не дождавшись квартир, за которые полностью отдали деньги. Их наследники живут на дачах
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
"Самрук-Казына" окутал финансовой тайной проект "Комфортная школа"
Компании, которые участвовали в конкурсах, подписали соглашение о конфиденциальности
Казахская сказка о мальчике Бату стала хитом Amazon
Книга как отложенное оружие мира
Ратель. Лучшее за 2022 год. Эрик Байжунусов
Ratel.kz публикует самые читаемые материалы авторов сайта за прошедший год
Ратель. Лучшее за 2022 год. Аналитическая служба Ratel.kz
Ratel.kz публикует самые читаемые материалы авторов сайта за прошедший год
О запрете на экспорт, ручном управлении экономикой и индонезийском пальмовом масле
Все разумные решения принимаются по-разному, но глупые - одинаково
Макаш и Курмангазы
Как казахский правитель спас легендарного музыканта от тюрьмы
Однофамилец
Всевышний умеет шутить, посмеиваясь над нашими планами и так называемыми экспертами
На рынке арендного жилья Алматы происходит настоящая катастрофа
Казахстанцы без своего жилья будут копить на него ещё очень и очень долго
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.