Сәбит және оның командасы

3101 просмотров
0
АЙНУР ТУНГЫШБАЕВА
Вторник, 21 Сен 2021, 17:45

Мұқтаж жандарға баспана мен ертеңгі күнге деген үміт сыйлайды

Олар Аяз ата емес. Дәл осындай тақырыппен былтыр Ratel.kz сайтында қызылордалық он жігіт туралы жазғанбыз. Расында, олар Аяз ата не сиқыршы емес, бірақ, тұрмыстың ауыртпалығы батпандай батқан әлжуаз тұрғындарға үміт пен жылу сыйлауда.

Читайте также
Олар Аяз Ата емес

Әркімнің босағасын паналаған не қиырдағы лайдан өрген лашықта ілдәлап жүргендердің қаяу көңіліне ертеңнің аяулы сенімін жағып келеді. Бүгінде бес отбасына бес баспана сатып әперді. Одан бөлек, жылына жүздей жанұяға материалдық жәрдем жасайды.

Қайырлы іске ұйытқы болып жүрген Сәбит СҰЛТАН есімді азамат. Сәбиттің шекесі шылқып жүрген жоқ, өзі де бала кезінен жоқшылықтың азабын аз тартпаған.

Бірде мектебіне әлеуеті төмен отбасы балаларына көмек беруге меценат кісі келіпті. Әжептәуір жәрдем берген.

Сол шақта Сәбит "мен де ертең ер жеткенде меценат болам, алушылардан емес, берушілердің санатынан болам" деп армандаған екен. Құр армандамай, құмырсқадай тырбаңдап тірлік етіп өсті, жетілді. Еңбегі берекесін бере бастаған тұста садақа арқылы қайырын еселей түсуді мақсат етті. Өзі сынды қолы ашық, елге болсын деген ниеттегі жігіттердің басын қосып, өзара зекет жәшігін ұйымдастырды.

Ай сайын тапқан табыстарының бір бөлігін салып тұрады. Сосын өзара ақылдасып, шын мұқтаж деген жерлестердің жай-күйін жақсартуға қадам жасайды.

Бүгін міне, бесінші жайлы да жарық пәтер Гүлжазира МАХАНОВА есімді келіншекке бұйырды. Гүлжазира көпбалалы ана, қаланың сыртындағы Сабалақ шағын ауданындағы отын-суы жоқ мына лашықта өмір сүріп келді.

Өмір сүріп дегеннен гөрі өлместің күйін кешіп келді деген дұрысырақ шығар. Төрт баласын әкесіз асырауда. Жуырда ойламаған жерден жиенді (немерелі) болды. Тағдыр шығар. Олар да Гүлжазираны паналап отыр. Балаларға Сабалақтан салпылдап қаладағы мектепке қатынау, одан қалды суы, газы жоқ үйде тұру оңай болмады. Суды каналдан тасып ішкен. Қызылордада канал тұрмақ, дария тартылып жатқанда, ондағы ылғалдың сапасын айтудың өзі артық.

"Сүзіп іштік, амал нешік, басқа түссе, бәріне көндігесің. Қыста балаларым су алам деп, каналға құлап, жүрегім жарылып кете жаздаған. Сол кезде бізге де бір жақсылық бұйырар, жыртық үйдің құдайы бар демеуші ме еді халық деп отбасымды жұбатқам, шүкір, бүгін қолымыз мынадай жаңа әрі жарық баспанаға жетті, тіпті сене алар емеспін, еріксіз жылай берем", - дейді келіншек толғанысын жасырмай.

Пәтер жаңа үйде, 2-қабатта орналасқан, жарық әрі жылы.

Сәбит достарымен бірге жөндеу жұмысын жасап, қажетті жиһаз, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, азық-түлік сынды керек-жарақтың бәрін реттеп жатыр.

Читайте также
60+ және 70+

Бұл қайырымды жігіттер тек баспана берумен шектелмей, оның жөндеу жұмысын, керек дүниесін, ас-суын қамдап жүретін әдеті бар. Өйткені онсыз да ілдәлап жүргендер бұл тірлікті түгендей алмасын түсінеді, сондықтан "қайыр қылсаң – бүтін қыл" тәмсілін ұстанады. Гүлжазираның балалары дән риза. Әр бөлменің терезесінен сыртқа қарап, сүйсінуде. Олармен сөйлескенімізде бірі хирург, енді бірі тіс дәрігері болуды армандайды екен. Бекер емес, анасының жағдайын түзегісі келген ниеттен туған мақсат екені түсінікті. Жеткіншектердің жоспары орындалсын деп тіледік.

Сәбит және оның командасы алдағы уақытта да қайырымдылық істерін жалғастырмақ. Бұл жігіттер тек баспана әперумен ғана емес, заттай, азық-түліктей жәрдем жасауды ғұрыптап келеді. Пандемия кезінде емдеу орындарын оттегі баллондарымен, басқа да медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

"Садақа бергеннен, кісіге көмектескеннен кеміп қалмайсың. Жаратушы ие оның орнын еселеп толтырады, жүрегіміз жылы, қолымыз ашық, пейіліміз кең болса, еліміздің ахуалы жақсара түседі. Жарыссақ гаджет не шет елдік көліктің қымбаттығымен, үйдің зәулімдігімен емес, бір-бірімізге деген адами қасиеттің артықтығымен жарысайық", - дейді Сәбит пен оның командасы.

Айтпақшы, Сәбиттің де, оның қолы ашық достарының да коттеджі, қымбат көлігі жоқ, қарапайым көп қабатты үйдің пәтерінде тұрады, ортаңқол көлік мінеді.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Айнур Тунгышбаева.

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Доллар упал на 20%, депозиты дают до 20%: что сейчас делать с деньгами
Как изменился финансовый рынок Казахстана и почему высокие ставки заставляют пересмотреть привычную стратегию сбережений
Почему люди в Казахстане не верят в закон
Адвокат Асқат Сулубек о том, почему недоверие к закону часто связано с практикой его применения и зачем гражданам знать свои права
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Учёные нашли новых претендентов на звание самой громкой птицы в мире
Исследование 123 видов показало, что громкость птичьего голоса зависит от размеров тела и способности широко раскрывать клюв
Забастовки, наводнения, пожары, дипломатические кризисы и войны
Главное в мире
История без мифов: зачем Казахстану заново осмысливать свое прошлое
Политолог Максим Крамаренко о героях и культах, наследии Алаш, советском периоде и исторической памяти
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Каждый пятый ребёнок в опрошенных семьях Ливана ложится спать голодным
UNICEF: война и многолетний экономический кризис лишают детей еды, лечения и образования
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай