Олар Аяз Ата емес

10405 просмотров
0
АЙНУР ТУНГЫШБАЕВА
Суббота, 08 Фев 2020, 10:00

Бірақ, үш жыл ішінде үш отбасыға пәтер сыйлады

Қала тұрғыны Сәбит СҰЛТАН жоқшылықтың, ауыр тұрмыстың жайын жақсы біледі. Өзі де көп балалы отбасынан шыққан. Оқушы күнінде ол білім алатын мектепке бір жігіт ағасы келіп, мұқтаж жанұя балаларына материалдық көмек көрсетіпті. Сол бір сәулелі сәтте ол «ертең мен де ер жетіп, еңбек етіп, әлжуаз адамдарға көмектесем» деп балалық көңілмен серт етіпті.

Сәбиттің сол тілегі орындалып жатыр. Бүгінде өзі секілді он жігіттің басын қосып, үш жыл ішінде үш отбасыға баспана сыйлады. Он жігіт, он түрлі саланың өкілі. Ай сайын жалақыларынан, түскен табыстан қайырымдылық жәшігіне қаражат жинайды. Асып-тасып бара жатқан дәулеттері жоқ, бірақ, жүректерінде мейірім мен жылылық бар. Бастысы, сол емес пе?

Осыдан 2,5 жыл бұрын ауданнан қалаға қоныс аударып, әркімнің времянкасында бас сауғалап жүрген, өзі де, балалары да мүгедек Нұргүл БОРАНБАЕВАҒА қала орталығынан 2 бөлмелі пәтер әперді. 38 жасар Нұргүл көз мүгедегі, 5 баласы бар, олардың екеуі мүгедек.

Ал, Аружан есімді қыз Фейсбук желісі арқылы отбасындағы жағдайды баяндап,баспаналы болуға өтініп көмек сұраған-ды. Әкесі қайтыс болған, анасы онкологиялық аурумен ауырады. Әлеуметтік жағдайы төмен. Отбасында 6 бала бар. Аружанның отбасына Сәбит бастаған команда қала орталығынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Күні кеше екі баласы бар, оның бірі сал ауруына шалдыққан мүгедек, өзі жалғызбасты Мәдина есімді келіншекке Сәбит пен достары 2 бөлмелі жылы да жайлы пәтерді тарту етті.

Байқағанымыз: Мәдинаның қызы Айзере (1-сыныпта оқиды) жұрттың баласы секілді кафеге барып, дәмді ас ішіп, не болмаса ойын-сауық орталығында ойнап көрген емес, тіпті ойыншығы да жоқ екен. Үйде мүгедек інісіне массаж жасап, сабағын оқып, ал кешкілік анасына қамыр илеуге көмектеседі. Тегеш-тегеш қамыр илеп, самса пісіріп, күнелтеді. Оның балалық шағы осылай өтіп жатыр.

"Кім болғың келеді?" деп сұрағам Айзереден, ол құлағыма: "массажист" деп сыбырлады.

"Неге?" деген сауалыма: "інім Айсұлтанды емдеп, аяққа тұрғызсам деймін", - деді.

Читайте также
Мал бордақылауға субсидия алынып тасталды

Бұл сөзді естігенде еріксіз көзімнен ыстық тамшылар ыршып түсті. Бауырға деген махаббаттың соншама мықтылығына. Ол қыз болып әдемі көйлек туралы армандамайды, оның санасы тым жоғары. Тұрмыс сананы бәлкім, осылай билейтін болар?!

Бір айта кетерлігі, Сәбит бастаған еріктілер командасы баспана сатып алғанда оған міндетті түрде жөндеу жүргізіп, кем-кетігін түзеп береді. Себебі жалғыз басты әрі мүгедек бала бағып отырған әйелдерге ол істің де оңайға соқпайтынын жақсы түсінеді. Одан бөлек, қажетті деген тұрмыстық техникасын да сыйға тартуды ұмытпайды. "Қайыр қылсаң – бүтін қыл" деген қазақтың мақалын жадыларына мықтап тоқыған. Олар пиар үшін әрекет еткен емес. Оның оларға қажеті де жоқ. Себебі қарапайым отбасынан шыққан он жігіт қиын тұрмыс деген не екенін көзімен көрген, бастан өткерген.

Шын мәнінде, мемлекеттің басты байлығы кен орындары емес, мемлекеттің басты байлығы - оның азаматтары, осыны билікте отырған азаматтар ұмытпаса екен деген тілек бар бізде. Ал, Сәбит бастаған команда алда тағы мұқтаж отбасыларды қуантуды жоспарлап жүр. 

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Доллар упал на 20%, депозиты дают до 20%: что сейчас делать с деньгами
Как изменился финансовый рынок Казахстана и почему высокие ставки заставляют пересмотреть привычную стратегию сбережений
Почему люди в Казахстане не верят в закон
Адвокат Асқат Сулубек о том, почему недоверие к закону часто связано с практикой его применения и зачем гражданам знать свои права
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Учёные нашли новых претендентов на звание самой громкой птицы в мире
Исследование 123 видов показало, что громкость птичьего голоса зависит от размеров тела и способности широко раскрывать клюв
Забастовки, наводнения, пожары, дипломатические кризисы и войны
Главное в мире
История без мифов: зачем Казахстану заново осмысливать свое прошлое
Политолог Максим Крамаренко о героях и культах, наследии Алаш, советском периоде и исторической памяти
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Каждый пятый ребёнок в опрошенных семьях Ливана ложится спать голодным
UNICEF: война и многолетний экономический кризис лишают детей еды, лечения и образования
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай