Бүгінде Қызылорда облысында екіншідүниежүзілік соғысының көзі тірі 16 ардагері бар
Облыс әкімі Г. ӘБДІҚАЛЫҚОВА күні кеше жағымды жаңалық жеткізді. 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай олардың әрқайсысына 1 млн 110 мың теңгеден берілетінін айтты.
Одан бөлек, біздің қарт солдаттар үшін Ресей Федерациясы тарапынан да қаржылай көмек болмақ, атап айтқанда көрші ел әр ардагерге 75 мың рубльден төлейтінін мәлім етті. Сонымен қатар, көшбасшы партия (Нұр Отан) 50 мың теңгеден жарылқайтынын жария етті.
Ендігі тілек: бар болғаны сол 16 қарт жауынгердің 9 мамыр күніне аман-есен жетуі болып отыр.