
“Азаттық” радиосының жабылу қаупі бар
Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек ОРУНБЕКОВ “Азаттық” радиосы жабылуы мүмкін деген ақпаратқа байланысты пікірін білдірді.
- Қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты “Азаттық” радиосының жабылу қаупі бар. Олай болса, сол жерде жұмыс істейтін әріптестеріміз жұмыссыз қалуы мүмкін. Біз бұл жағдайға бей-жай қарамаймыз және әріптестерімізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді хабарлаймыз.
Біз тәжірибелі журналистерді жұмыссыз қалдырмаймыз және олардың тәжірибесі мен білімінің елге пайдалы бағыттарда қолданылуына көмектесеміз. Бізде өте тәжірибелі, тамаша журналистер көп, олардың медиа саласына қосқан үлесі өте зор. Біз оларға қолдау көрсетіп, жаңа платформаларда жұмысын жалғастыруына жағдай жасауға тырысамыз, - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд ТРАМП жеті федералды агенттікті қысқарту туралы жарлыққа қол қойған, оның ішінде “Азаттық” радиосын, “Америка дауысы” және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалайтын АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігі (USAGM) бар.
Фото: istockphoto.com.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!