ІІМ: Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 50-ден астам қылмыстық іс қозғалды

1564 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 22 Июн 2025, 13:30

Жалпы 150-ден астам адам жауапкершілікке тартылады

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін әшкерелеу және тоқтату жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың басшылары мен қатысушыларына қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Читайте также
Қазақстанда базар азайып, дүкен көбейіп келеді

— Алматы қаласының полиция департаменті күзет қызметі түрінде әрекет етіп, іс жүзінде бұзақылық, бопсалау және қару сақтау сияқты заңсыз әрекеттермен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. Олардың заңға қайшы әрекеттері ағымдағы жылдың қаңтар айында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапынан тоқтатылды. Сонымен қатар трансұлттық сипаттағы жеті ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша және бір қылмыстық қауымдастық құру фактісі бойынша істер тергеліп жатыр, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазақстан криминалитетінің өкілдеріне қатысты трансұлттық қылмыстық қауымдастық құру және оған басшылық ету фактісі бойынша алғаш рет сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған істер бойынша қылмыстық қудалау аясында тек ел ішінде ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар бар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, дәлелдемелер жинау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жалпы 150-ден астам адам жауапкершілікке тартылады.

— Соңғы екі жыл ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша қозғалған 90-нан астам қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді. 13 ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша сот шешімдері шығарылды. Аталған істер бойынша 130-дан астам адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Мысалы, "Qarmet" АҚ нысандарынан ұрлық жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты көп эпизодты қылмыстық іс бойынша 24 адам әртүрлі мерзімге сотталды, оның ішінде топ басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды, — деді Қуандық Алпыс.

Ұйымдасқан және трансұлттық сипаттағы қылмыспен күрес Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

Фото: видеодан алынған скрин.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай