Биыл қазан айында Ұлттық халық санағы өтеді

2153 просмотров
0
Ратель
Четверг, 13 Фев 2020, 16:20

2009 жылы халық санағында болған кемшіліктер биылғы халық санағында қайталанбайды

Биыл қазанда өтетін Ұлттық халық санағы екі кезеңнен тұрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Жалғыз аяқпен жанұясын асырап жүр

- 2020 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағын өткізу уақыты мен кезеңі. Халық санағы шартты екі кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында болады. Бұл кезеңде интервьюерлер үйлерді аралап, онда тұратын тұрғындардың нақты санын анықтайды. Осы кезеңде санақты аудандарға бөлу дайындық жүргізіледі, - дейді Нұрболат Айдапкелов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Ол санақты аудандарға бөлудеген өңірдегі әрбір елді мекеннің аумағын санақты өткізу үшін нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу екенін айтты.

- Екінші, яғни негізгі кезең 1-30 қазан аралығында болады. Қазан айының 1 мен 15 аралығында, яғни тікелей халық санағының алғашқы 15 күнінде интернет-сауалнама жүргізіледі. Интернет-сауалнамада респонденттер өзіне және отбасы мүшелеріне Интернет желісі арқылы sanaq.gov.kz арнайы сайтында санақ парақтарын өз бетінше толтырады. Сонымен бірге, сайтта респонденттерге арналған түсіндірмелер мен арнайы виртуалды көмекші де бар. Интернет-сауалнамамен қатар 1-30 қазан аралығында интервьюерлер жаппай сауалнама жүргізеді. Сауалнама жауаптары планшетке енгізіледі. Интернет арқылы мәліметтер берген респонденттер интервьюерлер жүргізетін сауалнамаға қатыспайды. Халыққа сауалнама жүргізу барысында респондентті сәйкестендіру үшін сұралатын адамның ЖСН-і пайдаланылады. Сауалнама аяқталғанда халық санағынан өткені туралы анықтама беріледі, - дейді ол.

 - Бірінші ерекшелік, қағазбен жұмыс істеу болмайды. Сауалнама жауаптары планшетке енгізіледі. Екінші ерекшелік, интервьюерлерді үйіне кіргізуді қаламайтын адам sanaq.gov.kz арнайы сайтына кіріп, санақ парақтарын өз бетімен толтыра алады. Бұл - өте ыңғайды нәрсе, - дейді Нұрболат Айдапкелов.

Читайте также
Мал бордақылауға субсидия алынып тасталды

Ол қазан айының 1 мен 15 аралығында, яғни тікелей халық санағының алғашқы 15 күнінде интернет-сауалнама жүргізілетінін айтты.

- Сонымен бірге, сайтта респонденттерге арналған түсіндірмелер мен арнайы виртуалды көмекші де бар. Интернет-сауалнамамен қатар 1-30 қазан аралығында интервьюерлер жаппай сауалнама жүргізеді. Сауалнама жауаптары планшетке енгізіледі. Интернет арқылы мәліметтер берген респонденттер интервьюерлер жүргізетін сауалнамаға қатыспайды. Халыққа сауалнама жүргізу барысында респондентті сәйкестендіру үшін сұралатын адамның ЖСН-і пайдаланылады. Сауалнама аяқталғанда халық санағынан өткені туралы анықтама беріледі, - дейді ол.

- Бастапқыда Ұлттық халық санағы 2019 жылы өтуі керек деп жоспарланған, бірақ техникалық мәселелерге байланысты ақпараттық жүйені жасап үлгермедік. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу мәселесін шешуге, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты сұрақтарды шешіп үлгермегендіктен, бір жыл кейінге шегердік, - дейді Айдапкелов.

Ұлттық халық санағын өткізуге бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінді. 

- 2018 жылдан бастап 2022 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағына дайындық және өткізу үшін Комитетке 8 млрд 211 млн теңге сомасында қаржы қарастырылған. Салыстырып айтатын болсақ, 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағының бюджеті 6,5 млрд теңгені құрады. 2009 жылғы халық санағын өткізу кезінде бір адамға шаққандағы шығындар - 2,9 АҚШ долларын құраса, 2020 жылы - 1,2 АҚШ долларын құрайды. Ал 2020 жылғы Ресей Федерациясы халық санағының бюджеті 50 млрд рубль болды. Ресейде санақ өткізу кезіндегі бір адамға шаққандағы шығындар – 3,6 АҚШ долларын құрайды, - дейді Нұрболат Айдапкелов.

Читайте также
Почему правоохранительные органы требуют от граждан давать обет молчания

Сондай-ақ, комитет төрағасы Ұлттық халық санағы үшін бюджеттен бөлінетін қаржы қайда және қалай жұмсалатыны туралы айтты.

- Бюджеттің негізгі бөлігі 3 млрд 7 млн теңге интервьюерлердің еңбегіне төленеді. Онайн ресурс пен ақпараттық жүйеге де қаржы кетті. Одан кейін әрбір облыс орталықтарында санақ жүргізу бөлімдерін аштық. Содан кейін, аудан, ауылдарда санақ жүргізу үшін көлік жалдайтын боламыз. Сондай-ақ, шамамен 1 млрд теңгеге планшеттер, сумкалар, шарфтар сатып алдық. Бұл туралы мәліметтер сайтта ашық көрсетілген, - дейді ол.

 2009 жылы халық санағында болған кемшіліктер биылғы халық санағында қайталанбайды. 

- 2009 жылы Ұлттық халық санағы кезінде болған қателіктерді ескердік. Биылғы санақ барлық талаптарға сай болады. Біз интервьюерлердің қауіпсіздігі туралы да ойлап, облыстық әкімшіліктермен жұмыс істеп жатырмыз. Кейбір "қиын" аудандарды интервьюерлер учаскелік полициялармен бірге аралайды, - деді Нұрболат Айдапкелов.

- Статистика комитетінің азаматтары ешқандай мемлекеттік сатып алу процесіне қатыспайды. Өздеріңіз білетіндей, ҚР Қаржы минисрлігінің ішінде мемлекеттік сатып алуларға арналған арнайы сайт бар. Сол жерде бүкіл сатып алулар электронды түрде жүргізіледі. Кім ұтып алады, сонымен келісімшартқа отырамыз. Содан кейін әр облыста әкім басқаратын комиссия болады. Оның жанынан Статистика органы тағы комиссия құрып, адамдарды жұмысқа алу мәселесін шешеді, - дейді ол.

Сондай-ақ, оның сөзіне қарағанда, санақ персоналымен өтеулі қызмет көрсету шарттары жасалады.

- 30 күнге қызмет көрсетілген кезде дайындық кезеңінің интервьюеріне (тіркеушіге) көрсетілген қызметтері үшін 75 743 теңге, сондай-ақ негізгі кезең интервьюлеріне (санақтан өткізушіге) 94 678 теңге төлеу жоспарланған. Ал 45 күнге қызмет көрсетілген кезде дайындық және негізгі кезеңдердің нұсқаушы-бақылаушысына көрсетілген қызметтері үшін 113 614 теңге ақы төленбек, - дейді Нұрболат Айдапкелов.

KAZINFORM.

Фото: © Sputnik / Евгений Биятов.

Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
В Казахстане усиливаются обсуждения перехода на авиационное топливо SAF
Эксперты предупреждают, что это скажется на национальной безопасности страны
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане усиливаются обсуждения перехода на авиационное топливо SAF
Эксперты предупреждают, что это скажется на национальной безопасности страны
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента