Осылай отыра берсек, ертең доллар 600, 700 теңге болады

4122 просмотров
0
Галим ХУСАИНОВ
Вторник, 26 Ноя 2024, 14:00

Соңғы 15 жылда курс 400%-ға құнсызданды

Читайте также
Қазақстан 7 жылда 6 млн тонна мұнай өнімін сырттан сатып алған

Теңге бағамына қатысты түрлі сұрақтар қаптай бастады. Қатты тисе де бірден айтайын: инфляциясы жоғары және еңбек өнімділігі тым төмен дамушы елдің валютасы тек қана құнсыздана береді.

Экономикамыздың қазіргі ұсқынымен біз әлі доллардың 500, 600 және 700 теңгеге өскенін көреміз, аман болсақ. Не екі жылда, не он жылдың ішінде осыған келеміз. Соңғы 15 жылда курс 400%-ға құнсызданды. Егер ештеңе өзгермесе, 15 жылдан кейін 1 доллардың бағамы 2000 теңгеге жетуі мүмкін. Теңге тірі қалуы үшін құрылымдық реформалар жасалып, инвестициялық климат жақсартылуы тиіс.

Бұл Ұлттық банктің қолындағы дүние емес, бұл – экономика заңы, одан құтыла алмайсың. Бізге экономиканы түсініп, оны валютамыз құнсызданбайтындай етіп құру қажет.

Экономиканың сырын қарапайым мысалмен қарастырайық. Мысалы, көрші елде 1 литр сүт $1 тұрады, ал ол сүттің өзіндік құны – $0,8. Курс 450 теңге/доллар делік. Біздің елде сүттің бағасы литріне 450 теңге, ал өзіндік құны – 360 теңге. Өзара теңгерім әзірге сақталып тұр.

Сосын үкімет мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтереді. Біздің халық сүт шығаратын жерде жұмыс істегісі келмей, жалақысы жоғары мемлекеттік компанияларға жүгіре жөнеледі. Содан сүт зауыты жалақыны көтеруге мәжбүр болып, нәтижесінде сүттің өзіндік құны литріне 420 теңгеге жетеді. Мемлекеттік қызметкерлердің ақшасы көбейіп, олар сүтті көптеп тұтына бастайды. Сүт өндірісін тез арада арттыру мүмкін болмай, сұраныс артып, баға да өседі. Ақыры сүттің бағасы 450 теңгеден 500 теңгеге немесе $1,11-ге жетеді.

Читайте также
Жақында сайлау өтейін деп тұрған сияқты

Көрші елдің өндірушілері бізде сүттің бағасы $1,11 екенін байқап, өз сүтін бізге үйіп-төгеді. Олар біздің нарықта сүт сатып, доллар алғысы келеді. Бірақ бізде соншама доллар жоқ болғандықтан доллардың бағасы көтеріледі. Долларға сұранысты қанағаттандыру үшін курс 500 теңгеге дейін өседі, ал сүттің бағасы қайтадан $1 болады. Біз бұрынғы күйге қайта түсеміз: сүт әлі де $1 тұрады, бірақ енді теңгемен алсаң 450 емес, ендігі 500 теңге тұрады. Былай қарасаң мемлекеттік қызметкерлер мен жұмысшылар ақшаны көбірек табады, бірақ іс жүзінде олардың сатып алу қабілеті артқан жоқ, тек инфляция өсті.

Тағы бір мысал. Көрші елде еркін экономика, дамыған институттар бар, инвестициялары мол. Олар сиырларының өнімділігін 30%-ға арттырудың жолын тауып, өз сүтінің өзіндік құнын $0,6-ға дейін төмендетті. Сатылымды арттыру үшін олар бізге сүтті $0,9 немесе 405 теңгеге жеткізе бастады. Біздің өндірушілер бұл бәсекелестікке төтеп бере алмай, жабыла бастады. Бұл сектордан инвесторлар кетіп қалды.

Көрші елдің өндірушілері біздің нарықты толық жаулап, олар енді доллар іздейді. Бұл доллар бағамының 450-ден 500 теңгеге дейін көтерілуіне әкеледі. Сүттің бағасы $0,81 болды, импорттаушылар бағаны $0,9-ға дейін көтерді, ал сүттің құны қайтадан 450 теңге болып, біздің өндірушілер қуанып қалды. Біздің өндірушілерге бірақ енді нарықты қайта жаулап, өндірісін арттыру керек. Курс 500 теңгеге жетті, сүт бағасы доллармен санағанда арзандады, бірақ теңгемен санағанда сол деңгейде қалды. Импортталатын тауарлардың бәрі қымбаттап, бұл тағы да инфляцияға әкелді.

Проблеманың себебі:

Бұл қарапайым мысалымыздағы басты себеп – өнімсіз шығындардың өсуі, жалақысы өскен мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өнімділігі артпайды, ал көрші елде еңбек өнімділігі артады.

Егер бізде инфляция 10% болса, ал көрші елде – 2%, экономика инфляцияны азайту үшін әрдайым теңгерімді курсқа алып келеді. Демек, мұндай жағдайда валюта тек құнсыздана береді.

Шешім қандай?

Инфляция болмауы үшін бар-жоғы еңбек өнімділігін арттыру қажет. Ол үшін не инновациялар, не қарқынды даму керек. Мына нәрселер болмай, бұл мүмкін емес:

  • сапалы білім,
  • меншік құқықтарын қорғау,
  • дамыған институттар (тәуелсіз сот, мықты саяси және қоғамдық институттар, еркін БАҚ және т.б.),
  • капитал қозғалысының еркіндігі,
  • тиімді салық және ақша-несие саясаты,
  • дамыған инфрақұрылым (жолдар, электр қуаты, су және т.б.),
  • монополияларды тиімді реттеу.
Читайте также
Шымкент тұрғыны түк істемей жалақы алудың жолын тапты

Басқаша айтқанда, инновациялар мен қарқынды даму мемлекетке емес, адам мен кәсіпкерге байланысты. Мемлекет тек бизнесті қолдап, бәріне тең жағдай жасауы керек, бірақ экономикаға араласпай, кәсіпкерлердің не өндіретіні мен кімге сатуы жағына араласпауы қажет.

Сонымен қатар, уақытша мемлекеттік қолдау (мысалы, инфрақұрылымдық жобалар түрінде) пайдалы болуы мүмкін, егер ол шынымен уақытша болса және теңсіздік жағдайларын туғызбаса. Мемлекеттің қолы қатты араласқан жерде еңбек өнімділігі мен тұрақты экономикалық өсім болмайды.

Әлемдік тәжірибе:

Оңтүстік Корея немесе Сингапур сияқты елдердің жетістігі көрсеткендей, экономикалық тұрақтылық пен дамудың кілті – үлкен инвестиция, бәсекелестік орта және тұрақты институттар. Мысалы, Оңтүстік Корея жоғары технологиялық өнімдерді экспорттауға және білімге инвестиция салуының арқасында адам болды.

Сондықтан теңгенің қазіргі күйі – экономикалық саясатымыздың заңды жемісі. Еркін нарықтық экономика мен дамыған институттар құрудың орнына біз бүкіл елді мемлекеттік ресурстарға таластырып қойдық.

Фотоinbusiness.kz / Серикжан Ковланбаев.

Дереккөз: Ғалым Құсайыновтың Telegram-каналы Galim’s channel. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Аударған: А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




блогер
Мирра Андрееваны шақырып, азаматтық беріп жібермедік пе?
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
Технология слива: на что идут судьи ради престижных должностей в казахстанских судах
И насколько круто умеют работать следователи полиции, когда дело касается важных должностных лиц
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Стоят ли российские нефтяники в очереди за казахскими НПЗ
Эпоха лёгких денег и непуганых инвесторов закончилась
Штрихи к портрету экономики Казахстана
Количественные характеристики
AMERICA IS BACK
США переходят от модели глобального одностороннего доминирования и мирового шерифа к знакомой парадигме самодостаточного лидера
Аулие-Ата: чем и как жили в "русской части" города в начале XX века
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Гендерное неравенство в городских названиях
Пища для размышлений
Димаш Кудайбергенов избил кыргызского инвестора
Генконсульство Кыргызстана обратилось с нотой в представительство МИД РК, прося содействия в объективном расследовании уголовного дела
Как ботаники в Казахстане прививают обществу интерес к науке
Три года назад казахстанцы получили возможность участвовать в конкурсе по сбору данных о растениях и животных на онлайн-платформе iNaturalist
"Сотрудники" антикоррупционной службы хотели заработать на оральном сексе
Бизнес-план обернулся скамьёй подсудимых и уголовными сроками
В акимате Семея не помнят, кто подарил чиновникам Land Cruiser
Определить сумму средств, затраченных на содержание автомобиля, также не представляется возможным
В Караганде чиновники разрешили BI Group уничтожить Центральный парк города
На участках земли, которые вдаются в зелёную зону, компания будет строить большой ЖК с дорогими квартирами
На долги по субсидиям снова жалуются аграрии СКО
В профильном управлении пояснили, что денег пока нет – но держаться надо
Полицейские Жетысу советуют сельчанам чаще примерять на себя роль Шерлока Холмса
В ответ граждане пишут коллективные жалобы и снимают видеоролики о разбитых дорогах
В Алматинской области у фермера отбирают землю из-за того, что на ней якобы построены “глэмпинги”
На самом деле фермер занимается пасекой и выращивает сады, а “глэмпинги” - это сараи для хранения инструментов
Главному бухгалтеру полиции Шымкента вынесен приговор
Вместе с ним осуждены двое его помощников и бизнесмен
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.