?> ?>

Қылқаламнан төгілген ашаршылық қасіреті

2261 просмотров
0
Гульнар ТАНКАЕВА
Четверг, 09 Ноя 2017, 15:00

Ашаршылық жасатқан қылмыс ұрпақтан-ұрпаққа беріледі

Суреттегі қызды жеу үшін шөптің арасына жасырған екен

Мен олар жайлы шамамен он рет жазған шығармын. Анасы жайлы, қызы жайлы, немересі туралы. Сосын тағы да: немересі, қызы, анасы хақында...

Негізі, бұл отбасы туралы жазып жүрген жалғыз журналист мен ғана емеспін. Мәдениет тақырыбында қалам тербеп жүрген әріптестеріміздің барлығы бұл өнерлі отбасымен кездескен. Әулеттің анасы – халық суретшісі, тума талант. Қызы – кескіндеме өнерінің дарынды өкілі. Анасына мүлдем ұқсамаған. Өнерде өз сүрлеуі бар. Енді немереге келетін болсақ, ол да отбасылық дәстүрді жалғастырып сурет өнерімен айналысады. Алайда, перформанс бағытында.

Читайте также
Таза қазақша сөйлейтіндер кедей болып келеді

…Барлығы сол «тентек» қыздың  перформансынан басталды. Өз өнерін көпшілікке ұсынбас бұрын отбасылық журналистеріне айналдырып алған мені репетициясына шақырды.

Кең бөлме. Орындық, үстел атаулы жоқ. Тек, жерге мөшек-креслолар қойылған. Ортада ошақтың орнында электр пеші тұр.  Оның үстіне жиырма жастағы жас суретші (Атын шартты түрде Аида деп атайық) қазан қойыпты. Бір кезде бөлменің қабырғасына түсініксіз бейнелер пайда бола бастады. Адамның қолы ма, ағаш па, әлде, түтін бе, тұман ба, әйтеуір түсініксіз көрініс. Зарлы дауыстар да шыға бастады...

Сәлден соң зарлы дауысқа біреудің жан айқайы қосылды. Бәрінен де баланың шырылдаған дауысы жанымды түршіктіріп жіберді. Орнымнан атып тұрып, кетіп қалғым келді...

Бір заматта Аида үш құрбысымен сахнаға шықты. Алғашқы қауымдық адамдардың өмірін бе, әлде маймылдарды бейнеледі ме ол жағы түсініксіз. Алба-жұлбалары шыққан, жартылай жалаңаш қыздар бір нәрсені сүйретіп жүр. Содан кейін онысын қазанға тастап жіберді. Осы кезде бағанағы зарлы дауыс күшейе түсті. Аида көрермендерге бұрылғанда тіксініп қалдым. Жас қыз  қан-қан сәбидің қолын тістелеп жеп тұр.

…Әрине, Аиданың аузындағысы қуыршақтың қолы еді. Қазіргі озық технологиямен жасалған. Шынында да, бір қарағанда жас баланың қолы ма деп қаласың...

Тоқта!!! Ту сыртымнан бұйыра сөйлеген дауыс саңқ ете қалды. Алғашында Аида көрсетіп жатқан перформансқа жазылған дауыс деп ойладым. Жоқ, есік аузында Аиданың анасы мен әжесі тұр екен. Тағы да: «Тоқта», – деді де қарт суретші есінен танып құлап қалды. 

Келесі күні мені қоймай жүріп үйлеріне шақырды. Әдетте сұхбат жасағанда шеберханада кездесетінбіз. Бұл жолы үйлеріне келуін өтінді.

Пәтердегі дәрі-дәрмек пен шылымның иісі қолқаны қабады.

Нұрсұлу апаның қалы қалай? – табалдырықты аттай салысымен қарт суретшінің жай-күйін сұрай бастадым.

- Ауруханада. Аиданың анасы Әлия қысқаша қайырды. Шылымды бірінен соң бірін тартты. Бір кезде:

- Кеше сенен басқа тағы да, қанша журналист болды?

- Мен ғана болдым.

- Көргеніңді жазасың ба? Әлия демін ішіне терең тартып, маған қарады.

- Түкте жазбайтын шығармын.  Перформанс болды деуге келмейді. Ешкім еш нәрсе түсінген жоқ. Не туралы жазам?

Арада тыныштық орнады.

- Қазір саған не туралы болғанын айтып берем!  – Әлия орнынан тұрып шығып кетті. Көп кідірмей қолына кенеп ұстап келді. Маған бір сұмдық сурет көрсетті.   

Читайте также
Құл-Мұхаммедтің миллиондары

Ақ кенепте бейнелген суретті сөзбен толық айтып жеткізе алмаймын. Бір түпсіз тұңғиық, бұлдыр дүниені суретші майлы бояуын сүйкей отырып салып шыққан. Суреттегі бейнелерді түсініп болмайсың. Қол ма, ағаштың бұтағы ма, түтін бе, әлде, тұманды салған ба? Бастысы көрерменді өзіне тартады. Кенептің бір бұрышында шымқай қызыл дақ тұр. Бұл дақ қызыл бояумен бейнеленбеген сияқты. Бейне бір кенептен қан сорғалап кететіндей...

- Неткен сұмдық сурет! – аузымнан бұндай сөздің қалай шыққанын байқамай қалдым.

- Рақмет, - деді Әлия мырс етіп.

- Сен мені дұрыс түсінбедің. Шығарма керемет салынған. Адамға қатты әсер етеді екен. Ыңғайсыз жағдайдан шығу үшін: Картинаның аты қалай? – деп сұрақ қойдым.

- Ашаршылық.

- Голод?

****                  *****                *****

…Бұл зұлмат өткен ғасырдың 30-шы жылдары болған-ды.Қазақ даласы аштықтан өлген жазықсыз жандардың сүйегіне толды. Бұл қан-қасаптан совет билігі хабардар еді. 1929 жылы Қазақстанда 40 миллион мал басы болған. 1933 жылы есепке бар-жоғы төрт-ақ миллионы іліккен*. Шындықты жасырып қалу үшін, аштықтан қырылған халықты санағандар болған жоқ. Кейін демограф Мақаш ТӘТІМОВ 30-жылдардағы аштықтан 2млн. 300 мың қазақ және 200 мың  өзге этникалық топ өкілдерінің өлгенін жазады**. Кейін сол бір зобалаң заманда құрбан болғандардың саны тіптен көп болыпты деген әңгімелерді де естідік. Бірақ оларды жоқтап, марқұмдардың нақты санын зерттеп жатқан кім бар?   

- Бірінші, бес жастағы Бекзада дүниеден өтті.Артынша, үш жасар Бексейіттен айрылдық деп, шешем айтушы еді.Әлия тағы да бір тал шылымын езуіне қыстырды. – Содан кейін үлкендері Бекназар ажал жастығына жантайған... Одан арғысын аштықтан әбден әлсіреген шешем білмейді. Әлия қайтадан назарын суретке бұрып: – Сен айтқан суреттегі қоймалжың нені білдіретінін білесің бе? Жауабымды күтпей сөзін қайта жалғады. – Мен өзім суретті бітіргеннен кейін бір-ақ білдім. Бұл естен адасу. Аштықтан адамдар есінен адасқан. Менің әжем есінен адасып бауырларымен бірге көршілерінің баласын жеген.

Читайте также
Нұржұман Ықтымбаев: Бізде бүкіл ұлтты қорлайтын кинолар түсіріліп жатыр

Мен үндемедім. Өйткені, оның әңгімесін тыңдағым келмеді. Бірақ та Әлия әңгімесін тоқтатпады.  

- Олар көршінің кішкентай қызын ұрлап кетіп, жеген. Шешем аузына сорпа тосқанда есін жиыпты...

- Анаңның өзі ол кезде бала болған. Демек, оның жазығы жоқ, - дедім дауысым бұғыңқы шығып.

- Ол жағы енді түсінікті, - деді Әлия сөзін сабақтай. – Тірі қалған туыстарымның барлығы сол бір оқиғаны ұмытуға тырысты. Алайда, ұмыта алмады. Менің шешемнің анасы яғни әжем өмірінің соңында есінен адасып, жынданып кетті. Барлық кішкентай қыздарды өзі жеген баланың атымен атайтын. Ол қыздың есімін айтпай-ақ қояйыншы. Айтпақшы, мені де сол бейбақ жанның атымен атаушы еді.

- Ұл балаларды қалай атайтын?

- Біздің отбасымызда ұл балалар болған емес. Ұлдар дүниеге келмейді. Әлия тағы да бір тал темекіні алып тұтатты.– Сен байқамадың ба? Менің екі қызым, екі әпкем бар. Қаншама немере апа-сіңлілерімнің  барын білесің бе? Солардың ешбірінде ұл бала жоқ. Анамның айтуынша, бұл тәңірдің жазасы. Күнәмізді өтемейінше, біз дүниеге тек қыз балаларды ғана әкелеміз. 

Ұл баланың басқа да себептермен дүниеге келмейтіні туралы ойладым. Бірақ бұл жерде қарсы пікір айтудың реті жоқ еді. Тек:

- Бұл жайлы Аидаға қашан айттыңыздар? -деп сұрадым.

 Біз оған айтқанымыз жоқ, - деді Әлия бейғам кейіпте. – Айтпақшы, маған ол оқиғаны ешкім айтып берген жоқ. Мына суретті салғанан кейін бәрін білдім. Бұл сурет менің түсіме кіре берді. Содан кейін түсімді ақ кенепке түсірдім. Құлағыма зарлы дауыстар естілетін. Кешегі Аиданың  перформансындағы. Мұрныма үнемі еттің иісі келетін. Оянып кетіп қай көрші ет асып жатыр екен дейтінмін. Бұл суретті сондай ұйқысыз түндердің бірінде салғанмын. Анам көріп, жылап жіберді. Бірден бәрін түсінді. Қазір шешем немересінің де қандай түс көріп жүргенін біледі... Бәлкім, Аида сол бір түсті менен гөрі анығырақ көреді. Шешем айтып берген сұмдық оқиғаның әр деталі түсіне ап- айқын кіретін сияқты. Ол да мен сынды  ұйқы бермеген түстен құтылғысы келген болуы керек.

Читайте также
Латынға өтудің шығыны қанша?

- Енді қашан айтпақсың?

- Аман болса, анам айтып берер. Аида қазір ауруханада әжесінің қасында.Сені шақырып алғаным ақымақтық болып көрінетін шығар. Бірақ ішімдегіні шығару керек болды. Сен бізді көптен бері білесің ғой. Сондықтан да түсінесің деп ойлаймын.

****      ****      ****

Мен Әлияның не айтқысы келгенін түсіндім. Шынтуайтында, бұндай зілбатпан қайғымен ғұмыр кешуді ойлаудың өзі ауыр емес пе. Әлия мен Аида анадан балаға берілген сол бір қилы заманның қасіретін суретке түсіріп, өнер арқылы жандарына тыным табады. Осындай айтуға ауыз бармайтын өткен күннің ауыр құпияларын өзге отбасылар қалай сақтап жүр екен дейсің...

Содан бері Аиданы көргенім жоқ. Ал Әлия әңгіме барысында «Ашаршылық» атты туындысын салып біткенде жаны тыншығанын айтқан болатын. Алайда, бұл суретті ол ешқашан да жұрт назарына ұсынбайды. Иә, ешқашанда.

 

*Мәлімет Валерий  МИХАЙЛОВТЫҢ  «Хроника великого джута» кітабынан алынды

**М.Тәтімов. Қазақ әлемі. Алматы, 1993 г.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




?> ?>
первый заместитель главы Антикора
Большинство госслужащих – порядочные люди, я отвечаю!
Как получить автомобиль, не потратив ни тиына на его покупку
Лизинговая компания Astana Motors Finance позволяет клиентам использовать новый автомобиль без капиталовложений
Ловкость рук и никакой коррупции: как снять сливки с бюджетных миллиардов
Для чего управление строительства Алматы переиграло тендеры для ПКС на квартиры для очередников
Устроивший ДТП мопедист признан свидетелем аварии
В Алматы судят водителя минивэна, не сумевшего увернуться от мопеда с пассажиром
Мегапроекты как национальная идея
Зачем Казахстану сверхглубокие скважины и сверхмощные электролизеры
Как год за годом снижается уровень жизни казахстанцев
Доля бедных в Казахстане начала расти ещё в 2017 году, до того, как пришел Covid-19
Китайский автопром: галопом, но не по Европам
Евросоюз вслед за США и Канадой решился начать масштабную экономическую войну с Китаем
Эпизод из жизни великого Пржевальского: три месяца тюрьмы в "поганом Зайсане"
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Талхиз. Выхода нет?
Нужен ли нашей стране  памятник ЮНЕСКО и может ли он когда-нибудь стать популярным туристическим объектом
В центральном отделе полиции Павлодара самые назойливые взяточники
Сначала у задержанного по 346 статье УК РК смешную сумму в качестве взятки потребовал один дознаватель, потом другой
Директора актюбинских спортшкол проиграли более 6 миллионов тенге, полученных за аренду спортзалов
А футбольный клуб "Актобе" незаконно выплатил посредникам за полёты команды более 165 миллионов
Сколько Минтуризма заплатило "Казахтуризму" за клип с участием Димаша
Съёмки ролика на композицию известного музыкального исполнителя проводились в популярных туристских локациях
Почему в Алматы никак не могут исполнить простейшее решение суда
Речь идёт о самозахвате земельного участка в элитном комплексе "Тау Шатыр"
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Президент и крестьяне
Земельные кадастры - как инструмент восстановления справедливости (или передела незаконно захваченного)
Казахская сказка о мальчике Бату стала хитом Amazon
Книга как отложенное оружие мира
Ратель. Лучшее за 2022 год. Аналитическая служба Ratel.kz
Ratel.kz публикует самые читаемые материалы авторов сайта за прошедший год
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.