Саясаттанушы: президент институтының қазіргі құзыреттері суперпрезиденттік жүйеге жеткізбей ме

1329 просмотров
0
Ратель
Пятница, 01 Дек 2023, 13:00

Ол атқарушы биліктен басқа сала өкілдерінің де әр сөзін "Президент тапсырмасы бойынша" деп бастайтын тенденция туралы пікір білдірді

Читайте также
Азаматтарға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан бас тарту құқығы беріледі

Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Айдос Сарым кейінгі бір жылда президент институты қаншалықты трансформацияланғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform

- Шынын айтатын болсақ, мәселенің екі жағы бар. Бір жағынан Президенттің өзі де ел ішіндегі биліктің монополиясы қандай қиянатқа әкелетінін бізден артық түсінбесе, кем түсінбейтіні анық. Сол себепті де үлкен реформаларды 2019 жылы бастап, 2022 жылы жалғастырды. Еліміз жабылып қалған жоқ, керісінше, ашыла түстік. Оны көрмеу, елемеу я соқырлықтың, я бір теріс пікірдің бар екенінің айқын көрінісі.

Сондықтан, менің түсінігімде басты мәселе — елдегі болып жатқан өзгерістердің бағыт-бағдарын айқын түсінуіміз керек, оның қадір-қасиетіне жетуіміз керек. Себебі байқасаңыз, елдегі бүкіл реформаны президент өзінен бастады. Ең алдымен, президент өзінің функцияларын, мүмкіндіктерін шектеді. Мысал үшін, Конституцияға ешқандай референдум немесе ешбір парламент өзгерте алмайтындай қылып, тасқа таңбалап жаздық. Президент тек қана 7 жылға сайланатыны туралы принцип негізгі принциптің бірі болып бекіді. Президент саяси партияда бола алмайды, президент өзінің туысқандарын мемлекеттік қызметке тарта алмайды және квазимемлекеттік секторға жетекші қылып қоя алмайды. Ол бағыттар бекерден-бекер жазылған жоқ, — дейді сарапшы.

Оның пайымдауынша, елде болып жатқан өзгерістер қоғам мен биліктің арасын жақындатуға ғана бағытталып отыр.

- Суперпрезиденттік жүйе қалыптасып келе жатыр деушілер әлі де болса, сол баяғы "Ескі Қазақстанның" тұсында қалыптасқан түсініктермен жүріп қалған топ болуы мүмкін. Сондықтан, менің ойымша, бұл жерде ең басты мәселе біреу ғана. Елімізде болып жатқан саяси реформалар. Конституциялық реформа айналып келгенде қоғам мен биліктің арасын жақындатуға, билікті қоғамға тәуелді етуге, биліктің негізгі күшін, мүмкіндіктерін халықтың өзіне беруге негізделген. Біз Орта Азиядағы әкімдерді сайлай бастаған тұңғыш мемлекетпіз. Бізден басқа ешбір көршімізде әкімдерін сайлап жатқан ел жоқ аймақта. Тіпті, Ресейдің өзінде кезінде ол болған институт. Қазір олар бас тартып, бір жағына бұрып тастады. Осының өзі-ақ көп нәрсені аңғартады. Сондықтан „Суперпрезиденттік мемлекетке келе жатырмыз“ деген сияқты әңгімелер, менің ойымша, қоғамда өзінің орнын таба алмағандардың немесе бұрынғы жүйені қалайтын бір азаматтардың сөз ұстыны сияқты болып көрінеді, — дейді ол.

Читайте также
Қарағанды азаматы криптовалютаны заңсыз сату арқылы 100 млн теңгеге жуық ақша тапқан

Саясаттанушы атқарушы биліктен басқа сала өкілдерінің де әр сөзін "Президент тапсырмасы бойынша" деп бастайтын тенденция туралы пікір білдірді.

- Бұл жерде мәселені екіге бөлу керек сияқты. Мысалы, "Amanat" партиясының өкілдері жаңағыдай нәрсені айтса, ол заңды. Өйткені, "Amanat" партиясы — президенттің саяси тұғыры, саяси қолдаушысы болып отырған партия. Біз ұсынған Әлихан Смайылов — "Amanat" партиясының премьер-министрі. Үкіметтің іске асырып жатқан бағдарламасы — айналып келгенде президенттің және "Amanat" партиясының ұсынған сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы. Біз президенттің саяси тұғыры ретінде осыны негізге ала отырып, дамытып, соны әрі қарай ұсынғанбыз. Сондықтан, депуттардың көбінің жаңағыдай әңгіме айтуы заңды. Өйткені, біз президенттің саяси бағытын қолдаймыз, біз оның іске асырлуын қалаймыз, соған еңбектеніп жатырмыз.

Сот билігі деп қалдыңыз, меніңше, соттың ешбір шешімінде "президенттің тапсырмасына сай" деген әңгіме жоқ. Мысал үшін, бүгін кезінде әділетсіз деп танылған көптеген істер қайта қаралып жатыр. Сондай істерде президентке дәйексөз жасалатыны заңды. Адвокаттардың немесе билікпен соттасып жүрген азаматтардың "Жаңа Қазақстандарыңыз қайда?" деп президентке қайырылуы заңды. "Жаңа Қазақстандарыңыз қашан басталады?" деп сұрау — заңды құбылыс. Бірақ екінші жағы бар. Ешбір соттың шешімінде, ешбір соттың нақты шешімінде ондай әңгіме жоқ. Бүгін еліміз сот жүйесін, құқықтық жүйені қайта құрып жатқан мемлекет болғандықтан судьялардың емес, соттың реформасымен айналысып жатқан азаматтардың президентке сілтеме жасауы заңды. Өйткені оған бүкіл қоғам сілтеме жасап жатыр, бүкіл қоғам осы өзгерістердің болғанын қалайды. Оның ішінде судьялар да ғылыми конференцияларда, өздерінің жиналыстарында әңгіме айтуын дұрыс деп танысақ, ал ол соттың өзінің үкімінде, ешбір заңды шешімінде ондай сілтеме жоқ. Сондықтан мәселені осылай екіге бөліп қарағанымыз дұрыс, — деді Айдос Сарым.

Президент институтының бұған дейінгі кейбір өкілеттері парламентке берілгенін жиі айтамыз. Қазіргі мемлекет басшысы қолында қалған өкілеттерді, президент институтының құзыреттерін, мүмкіндіктерін қаншалық тиімді пайдалана алып отыр? Сарапшы бұл мәселеге де пікір білдірді.

Читайте также
Қазақстан мен Өзбекстанды жаңа теміржол байланыстыратын болады

- Меніңше, өте тиімді пайдаланып отыр. Мысалы, сыртқы саясат, қорғаныс, қауіпсіздік сияқты негізгі мәселелер тұрғысынан ешқандай өзгеріс болған жоқ. Бірақ саяси бағыттағы, экономикалық бағыттағы реформаларды іске асыру, менің ойымша, орынды. Жақындағы реформа аясында Үкіметке көптеген мәселе бойынша еркіндік пен жауапкершілік беріліп отыр. Үкіметтің немесе әр салалық министрліктің, әкімдіктің өз бағдарламасы болу керек. Соның бәрін ашық жариялап, соған халық алдында, Мәжіліс немесе мәслихат депутаттарының алдында жауап беру деген сияқты бағыттарды ашық айқындап берді. Бірақ президент өзінің арбитрлық функциясын сақтап отыр.

Президенттің сайланғанына жақында ғана бір жыл болды. Енді 6 жылы қалды деген сөз. Осы 6 жылдың ішінде бізге көптеген саяси реформаны жүзеге асырып қана қою аздық етеді. Біз оның бәрін саяси мәдениет пен саяси дәстүрге айналдыруымыз керек, яғни әкімдер сайлауды үйренуіміз керек. Бүгінгі таңда облыс әкімдерінен басқа әкімдердің бәрін сайлайтын жағдайға жетіп қалдық. Эксперименталды сайлау өтті. Оның қорытындысын қарап отырмыз. Оның алдында 2 мыңға жуық ауыл әкімін сайладық. Соның бәрін байқап отырсақ, жақсы өзгеріс бар. Қарапайым мысал, халық өзі сайлаған әкімдер белсендірек жұмыс істеп жатыр деген сияқты кейстер бар, яғни жауапкершілікті бөлісу, оны түсіну деген әңгіме бар. Жалпы биліктің мемлекет ісі халыққа тікелей қажет екендігін де, мемлекет ісі халық құзыретінен, халық ұстанымынан туындағаны әділетті екенін бәріміз түсініп келе жатырмыз. Кем дегенде, алдағы мерзімде бір Мәжіліс сайлауы, бір Сенат сайлауы, бір мәслихат сайлауы өтеді. Әкімдерімізді бір-бір рет сайлап аламыз. Осы кезеңде біз көп нәрсеге үйренуіміз керек. Президент өз тұғырынан кетіп, ел тізгінін басқа президентке берген кезде мұның бәрі шын мәніндегі саяси мәдениет пен дәстүрге айналып кететін дүние болу керек. Жұрт таңғалмайтын, таңсық қылмайтын, өз-өзін әрі қарай ақтап кететін, алып кететін автоматты түрде ұғылатын дүниелерге айналу керек. Осының бәрін түсініп алып кетсек, президент діттеген мақсатына жетіп, реформаларының негізін жасады деп айтуға болатын шығар, — деді сарапшы.

Читайте также
Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн акциясы басталды

Оның пайымдауынша, қазіргі президенттік институт тұрғанда парламенттік республика құру мәселесі өзекті емес.

- Бір жағынан мен ондай пікір айтып отырған азаматтарды түсінбеймін. Екінші жағынан, өзім осы мәселе төңірегінде көптеген азаматпен пікір таластырып, ой жарыстырып көрдім. Сонда байқағаным, жаңағы сияқты бастамалар жалпылама әңгіме болып кеткен. «Жүйені өзгерту керек» деген сияқты жалпылама уәж. Ал қалай өзгерту керек деп тереңдеп үңілгенде көп адам шашылып қалады. «Бізге парламенттік республика керек, алғаш қабылданған Конституцияны қайтару керек» дегенді айтып жүрген азаматтардың көбін білем, талайымен сөзге келгем. Оларға ішіндегі (алғашқы Конституцияның - ред.) баптарын, басқаларын айтып түсіндіре бастасаң, өздері оны оқымағаны, түбіне тереңдемегені көрініп тұрады. «Ой, мынау тіпті жауыздық екен ғой» деп пікір айтқан азаматтарды көрдік. Сондықтан, менің ойымша, бұл жалпылама әңгімеге айналып кеткен. Мен білсем, қазіргі реформалар жалғаса беретін болса, олар өмірдің ішіне тамыр жіберіп, гүлдеп жататын болса, онда мұндай жалпылама әңгімелер қалады. Өйткені бізге бәрібір де, біреуге ұнасын-ұнамасын, күшті президенттік билік керек. Еліміздің аумағы өте үлкен, ішіндегі мүдде өте көп. Көп жағдайда біз әлеуметтік желідегі белсенді азаматтардың сөзіне емес, мықты институттарға арқа сүйеуіміз керек. Ол үшін бізге шынымен де дәл мынандай алмағайып заманда күшті президенттік билік керек. Бізде президент жеті жылға сайланады, яғни ұзақ мерзімді саяси-стратегиялық бағытты ұстап отыруға мүмкіндігі бар деген сөз. Ал Мәжіліс — бесжылдық, Сенат — алтыжылдық дейміз. Соның өзінде жаңағы мәселе айқындалып отырады, яғни президенттің саяси өзгерістерге белгілі бір дәрежеде саяси ықпал ететін өкілеті бар.

Мемлекеттің тірегі, мемлекеттің конституциялық институттарының кепілі ретінде президенттің рөлі артпаса, төмендемейді. Бірақ, әрине, ол дегеніміз бұрынғыдай монополияға, биліктің узурпациясына алып келеді деген сөз емес. Келесі сайлау бұдан да қызық, бұдан да тартысты болады. Келесі Мәжілістер бұдан бетер айтысқа толы, тартысты болатыны анық. Бүгінде мәслихаттардың өзі сондай жағдайға жетті. Ертең ауылдардың өз мәслихаты пайда болады. Ауыл, аудан, қала әкімдерін сайлап жатырмыз. Мұның бәрі елдің ішіндегі саяси үдерістерді тірілтіп, саяси партиялар арасындағы белсенділікті, бәсекені арттырса, діттеген мақсатымызға жетер едік, — дейді саясаттанушы.

Фото: qazaqstan.tv.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай