Отандық жылқы өсірушілер тығырыққа тіреліп отыр

1441 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 13 Окт 2024, 15:00

Жылқы етінен шығарылатын өнімдердің үлесі 5 пайызға да жетпейді

Еліміздегі жылқы саны соңғы жылдары еселеп өсіп, 4,3 млн-ға жеткен. Өкінішке қарай, жылқы етін экспортқа шығаруды былай қойғанда, жергілікті ірі сауда желілеріне өткізу ауылдағы ағайын үшін үлкен мәселеге айналған. Ал ет өңдейтін кәсіпорындар мен мейрамханалар оны Ресейден тасып отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Сан бар, сапа жоқ

Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған деректерге сүйенсек, еліміздегі жылқының 10 пайыздан астамы Түркістан облысында. Ондағы шаруашылықтар 475 мыңға жуық қылқұйрықты өсіріп отыр. Абай облысында 401 мың жылқы бар. Ал үштікті Қарағанды облысы түйіндейді.

Ертіс-Баян өңірінде де соңғы жылдары жылқы саны көбейіп келеді. Павлодар облысында 292 мыңнан астам жылқы өсіріледі. Оның 5,5 мың асыл тұқымды, бұл – жалпы жылқы басының шамамен 2,4 пайызы ғана.

Алайда, жылқы шаруашылығында сан болғанымен сапа ақсап жатыр. Салдарынан отандық жылқы өсірушілер қазір үлкен тығырыққа тіреліп тұр. Ғылымдағы соңғы жетістіктер мен өнертабыстар жылқы шаруашылығына енгізілуі керек деп есептейді отандық экономистер.

Қазақ жылқысының типтері шындап келгенде өзге жылқы түрлеріне қарағанда денесі шағын, экспортқа таза ет күйінде шығарылғанда салмағы аз. Мысал үшін кейбір жылқы етін тұтынатын Еуропа елдері жылқының таза еті тұтастай алғанда 250 килодан төмен болмауы керек деген талап қояды. Бұл – бір ғана мәселе.

Екіншіден, біздің елімізде жылқы етін, оның терісі мен тұяғын, қылын іске жарататын кәсіпорындар жоқтың қасы. Пісірілген шұжық дайындайтын үлкен компанияларда жылқы етінен шығарылатын өнімдердің үлесі 5 пайызға да жетпейді. Ел тұрғындары жылқыны көбіне соғымға және ат спортына ғана жарататынын айтуымыз керек.

Үшіншіден, жыл санап жайылымдар саны тарылып келеді. Бұл – бірнеше мыңдаған жылқы табындарын ұстайтын үлкен шаруашылықтарға қысы-жазы жұмыс істейтін мал бордақылау орындарын құруға негіз болуы керек.

Фото Еркін Садықовтың жеке мұрағатынан.

- Павлодар облысында жылқы саны соңғы 30 жылда 3,5 есеге көбейгеніне қарамастан бұл салада бірқатар мәселелер қордаланып қалған. Мысал үшін өңірдегі жылқының тек 5,5 пайызы асыл тұқымды. Жергілікті шаруашылықтар үшін жылқы етін экспортқа шығару әлі күнге арман болып отыр. Дамыған мемлекеттер, мәселен, Франция мен Италия халқы жылқы етін тұрақты тұтынғанымен қазақ жылқысының еті олардың тәбетін ашпай тұр. Еуропа жұрты еттің сапасын қазының қалыңдығымен өлшемейтіні белгілі. Импорт еттің салмағы мығым болуы керек. Ал біздің жылқылардың әлеуеті оған әзірше жетпейді. Сондықтан жылқы өсірушілеріміз әуелі сапа тұрғысына мән беріп, жануардың қасиетін физикалық тұрғыдан арттыруға көңіл бөлсе керек. Бір қызығы, Орал өңіріндегі "Кублей" зауытының өзі жылқы өнімдерін дайындау үшін шетелден жылына 5 мың тонна тоңазытылған жылқы етін сатып алатын көрінеді. Ал нарықтағы жылқы етінің 6-7 пайызын Ресейден жеткізілетін өнімдер құрап отыр. Өзіміздің қалалардағы супермаркеттер желісі жергілікті шаруашылықтардан жылқы етін тіпті алғысы келмейді. Олардың талабы бойынша, өндірушілер жылдың 4 мезгілінде де бірдей сападағы етті жеткізуі керек. Қазақ жылқылары тек тебінде жүріп, ауа райы, табиғат жағдайына байланысты қоң жинайтындықтан, олардың көңілінен шығатын ет тек күз айлары мен қыстың басында ғана болатыны түсінікті. Сондықтан жылқы өсірушілер үшін сауда желілері алынбас қамалға айналған, - дейді Торайғыров универсиетінің ректоры, экономика ғылымының докторы, профессор Еркін САДЫҚОВ.

Ғалым атап өткендей, дамыған мемлекеттер, соның ішінде Қытай соңғы 10 жылда жалпы ішкі өнімнің 1 пайызын ғылым саласына бағыттап, нәтижесінде ауыл шаруашылық құрылымдары озық технологиялармен жарақталған.

Соңғы 4 жылда жергілікті университет өңірдің іргелі шаруашылықтарымен байланыстарын нығайтып, дуалды оқытуға көбірек көңіл бөле бастады. Нәтижесінде "Победа" және тағы басқа шаруашылықтарда жастар жұмыс істеп әрі бір жағынан білім алып, тәжірибесін толықтыру үстінде.

Бұл тәжірибені болашақта жылқы шаруашылықтарында да жүргізуге болады. Себебі қазіргі күні аймақта жылқышылардың тапшылығы байқалып отыр.

Мыңдап табын айдау тиімді емес

Ғалымдар алдағы 10-15 жылда еліміздегі қылқұйрықтардың саны 10 млн-нан асады деп болжап отыр. Бұған еліміздегі жайылымдар мүмкіндік береді. Ендігі жерде қазақ жылқысының сапа тұрғысындағы көрсеткішін арттыру маңызды.

Мысал үшін жергілікті "Мойнақ-2015" ЖШС-ында жаңаалтайлық жылқылар 2000-шы жылдан бері өсіріледі.

Фото Төлеген Асанбаевтың жеке мұрағатынан.

- Жаңа алтайлық пен қазақ жылқысын шағылыстырып, одан алынған жабағыны сойғанда 170 килограм ет берді. Ал екі жарым жасар құнанның таза еті 250 килограм тартты. Әлгі серіктестік жергілікті шаруашылықтар үшін жаңаалтайлық жылқы тұқымын сата бастауы мүмкін. Бұрын Ресейден қымбатқа сатып алып келген жануарлар өзімізде көбейіп жатқаны қуантарлық жаңалық. Бұл біздің климатқа әбден бейім, төзімді жануарлар. Бұған қоса жылқы өнімдерін өңдеу ұмыт қалып барады. Ертеде Мәскеудегі жылқы өсіру бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып жүрдім. Сонда якут жігіттерінің жылқы терісінен жасаған құрақ көрпесін көріп, таң қалғаным бар. Жылқы терісінен олар жылы аяқ киім (угги), бас киім, ішік, қолғап тігеді. Бізде бұл жағы мүлде мақұрым қалып жатқаны өкінішті. Ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған табынды жылқыны өсіру бойынша тәжірибелерін ұмыту – бізге үлкен сын. Отандық жылқы өсірушілердің озық тәжірибелерін енгізіп, жайылым технологиясын, табын мен үйірдің қалыптасуын, табиғи апатқа, жұтқа қарсы күрес амалдарын зерттеу қажет. Кезінде бір ғана Павлодар облысында 7 жылқышы республикаға әйгілі болып, оларға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Олар – Ж.Әбілқайыров, Н.Әлжанов, Қ.Ермағамбетов, М.Жүсіпов, Е.Қонақов, М.Шажанқанов, Қ.Қаленовтер. Осы азаматтардың іс-тәжірибесін жинастырып, қазіргі жылқы бағушылар мен шаруашылықтарға енгізсек, нұр үстіне нұр болар еді, - дейді Павлодар облысындағы жылқы өсірушілер қауымдастығының төрағасы Төлеген АСАНБАЕВ.

Өңірдегі жылқы табындарының дені Баянауыл, Май аудандарында және Екібастұздың ауылдық аймағында шоғырланған. Өңірде жайылым мен жылқышылар тапшы. Урбанизация әсерінен жастардың көбі қалаға қашады, ал ауылдық жерлердегі жылқышының еңбегі 150-200 мың теңгеден аспай тұр.

Ал Павлодар облысының әкімі Асайын БАЙХАНОВТЫҢ пікірінше, жылқы табындарын тым қалың ету ұстамау керек.

"Қазіргі статистикаға сүйенсек, 100 биеден әрі кетсе 65 құлын алынады. Сондықтан жылқы табынын бөліп-бөліп, әрі кетсе 400-450 бастан асырмай ұстау керек. Жайылым тапшылығы да сезіліп отыр. Былтыр облыста 400 мың гектарға жуық игерілмеген жер халыққа қайтарылды. Облыста қымыз дайындау бойынша ұйымдастырылған өндіріс жоқ. Май ауданындағы "Ақжар-Өндіріс" агрофирмасы жұмысшылардың жоқтығынан тоқтап тұр. Ал құр ет өндірумен айналыссақ, жылқы шаруашылығының болашағы мардымсыз болмақ. Бұл салада нарықтық бәсекелестік деген атымен жоқ. Халықаралық нарыққа бейімделу үшін өзге елдердің тәжірибесін үлгі етуден ұтылмаймыз. Мысал үшін Моңғолия мемлекетіне қараңыздаршы, оларда жылқы арасында түрлі індет көп бола тұра, Қытайдың нарығын жаулап алды. Жергілікті экспортшылар жылқы етін әуелі ыстық суда жартылай қайнатып алады да, сосын экспортқа жібереді. Ондағы еттің килосы әрі кетсе 3,5 доллар. Интенсивті дамуға көшіп, еттің сапасын қысы-жазы бірдей қалыпта ұстау үшін мал бордақылау фермаларын салуымыз керек. Алдағы жылдары жылқының еті де қазіргіден арзандайды, оған күмәндеріңіз болмасын. Себебі ол нарықта көбейе түсті", - дейді А. Байханов.

Есектің етін ұнататын қытайларды жылқыға жерік ете аламыз ба?

Қытайдың Шыңжан өлкесіндегі Тарым университетінің профессоры Гіміңгүл МҰҚАНТАЙҚЫЗЫНЫҢ сөзінше, қытай халқы жылқы етінен гөрі, есек етін жегенді ұнататындықтан бұл елде де жылқы етін қайта өңдеу дамымаған.

Ханзу халқына жергілікті ғалымдар әлі күнге қымыздың пайдасын да жеткілікті дәлелдей алмай отыр. Мұнда 3 млн-ға жуық жылқа бар болса, оның көбі спорт және көпшілік серуені үшін пайдаланылады. Жалпы саны 3000 жылқы клубы құрылып, мұнда мініс жылқылары халыққа ұсынылады.

Фото Гіміңгүл Мұқантайқызының жеке мұрағатынан.

- Ел билігі ат спортында бәс тігуге рұқсат бермей отыр. Өйтсе, адамдар оқу-білімнен қалады, ғылыммен айналыспайды, лудоман дертіне шалдығады деген пікір бар. Әйтпесе, бізде ат спорты өз деңгейінде дамып келеді. Бие сүті аса танымал емес, себебі жұрт оның пайдасын жеткілікті білмей отыр. Кейбір кезде жылқы етін есек еті деп ұсынатын да жағдайлар кездеседі. Ғылыми тұрғыдан баға берсек, қазақ жылқысының төзімділігі мен мініске шыдамдылығына тең келетін жылқы әлемде жоқ. Қазақ жылқысын өзге тұқыммен будандастырудың қажеті жоқ, оның қасиетін сақтап қалу аса маңызды, - дейді Гіміңгүл Мұқантайқызы.

Ал Моңғолияда жылына 49,1 мың тонна жылқы еті өндіріліп, көбі сыртқа экспортталады екен. Бұл елде арнайы страгетиялық бағдарлама түзіліп, келешекте жергілікті монғол жылқыларының ет сапасын және жылдымдығын арттыру көзделіп отыр.

Жылқы еті мен қымыз – жанға дәру

Ғалымдар қымыз бен жылқы етін күнделікті дастарқанда мол пайдалануға кеңес береді. Зерттеулер көрсеткендей, жаңа сауылған саумал мен қымыздың пайдасы, химиялық құрамы бірдей.

Сондықтан саумалдың пайдасы қымыздан артық емес. Мәселе оның жеңіл сіңуінде. Сүтінде С, А, Е, Д, В дәрумендер тобы, РР дәрумені өте көп кездеседі.

Сонымен қатар микро-макро элементтері – Сa, Сu, Mn, Mg жеткілікті. 1-1,5 литр қымызда С, А, В дәрумендер тобының адам ағзасы тұтынатын тәуліктік нормасы бар. Сондықтан иммунитетті нығайтуда одан артық сусын жоқ.

- Құрамындағы майлар, амин қышқылдары, ақуыздар, толып жатқан өзге де дәрумендер, әсіресе, жас балалардың толыққанды өсіп­жетілуіне жағдай жасайды. Сондықтан балаға саумал-қымыз беріңіздер. Ал жылқының еті өт сұйықтығын реттеп, семіруден, қант диабетінен, сары аурудан, ұйқы безі ауруынан, басқа да түрлі сырқаттардан сақтайды. Үй жануарлары ішінде жылқының еті тез қорытылады. Жылқы сүтінен косметикалық өнімдер шығару, терісі мен жал-құйрығын, тұяғын өндірісте жарату да кәсіпкерлерге жақсы табыс көзі болар еді. Оны тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларды, несеп-зәр шығару жүйесінде сырқаты бар адамдарды емдеуге, яғни иппотерапияда кеңінен пайдаланған да дұрыс, - дейді ғалым Төлеген Асанбаев.

Жылқының қадірін танып-білуде ата-бабамыздан жалғасқан дәстүріміз үзіліп қалған. Бұл мақаланы жазудағы мақсатымыз – осы жылқытану мектебін ортамызға қайта оралту.

Фото: Pexels.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




журналист
Чистят дороги только те акимы, что боятся, что их снимут или не перевыберут: короче, дороги чистят только трусы
Нельзя заменить экономические реформы блогерами-штрейкбрехерами
Борьба с забастовками превращается в кампанию по дискредитации забастовщиков
В Казахстане "отмыли" структурное подразделение финансовой пирамиды "Hermes LTD"
ПК "UBW KZ" исключили из списка подозрительных проектов
Нурлан Жумасултанов: Власти хотят заново расследовать причины авиакатастрофы 2019 года
Кому и зачем нужно переписать окончательный Отчет о расследовании обстоятельств аварии Fokker-100 авиакомпании "Бек Эйр"
В Польше после перестрелки с полицией задержан 24-летний казахстанец
В польском городе Краков после полицейской погони задержаны казахстанец и украинец, подозреваемые в нелегальном владении оружием
Узкий коридор. Бумажный Левиафан
Казахстан обладает многими чертами Бумажного Левиафана, который катастрофичен для экономического процветания
"Ответ Гуриеву" от американцев
Вышедшее социсследование стало очередным свидетельством, что у Трампа почти неограниченный карт-бланш от электората
"Понравилась сатана лучше ясна сокола": как Тарас Шевченко стал моряком в степях Казахстана
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Остановись, мгновение!
Изучаем историю по старым архивным фотографиям
Тайна старого казахского фильма о любви
Вставит ли "Казахфильм" к 50-летию картины "Гауһартас" (на казахском) или "Храни свою звезду" (на русском) в титры имя певицы, которой все считают Бибигуль Тулегенову
Реклама как способ узнать о том, как жили наши прабабушки
По объявлениям в старых газетах и журналах можно составить представление о том, какой была жизнь век-полтора назад
Судьи запутались в законе
Из-за этого у жертвы пирамиды отняли его машину
В Семее учителей отправили наряжать ёлку – руководитель городского отдела образования уволен
Директоров ряда школ привлекли к дисциплинарной ответственности
Qarmet под героем труда Басиным
Кто на самом деле руководит многомиллиардным бизнесом
Нож в глазу: в СКО врачи борются за жизнь трёхлетнего мальчика
По словам матери, малыш сам неудачно упал на кухне
В Жетысу ушлые чиновники помогли некоторым квартировладельцам сохранить свои жилища
А вот другим очередникам свои права на жильё приходится отстаивать в суде
"Украли две квартиры, опоили и убили": подробности из суда по делу чёрных риелторов из Алматы
Сразу два врача центров психического здоровья способствовали этому
Парень от безденежья решил ограбить бодимассажистку в Шымкенте
Женщине, принимавшей на дому, самой пришлось испытать жесткий массаж от данного клиента
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.