БҚО-да төрт баланың әкесіне тиісті ем көрсетілмей, нәтижесінде аяғынан айырылды

1766 просмотров
0
Акмарал ШАЯХМЕТОВА
Среда, 21 Фев 2024, 11:00

Фармацевтикалық бақылау оған толық көлемде көмек көрсетілмегенін растады

42 жастағы Самиғолла Қалиев төрт баланың әкесі. Оралдан 400 шақырым қашықтықтағы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Жәнібек ауылында тұрады. "Ақтөбе жарығы" фирмасында жұмысшы болып қызмет еткен.

- Біз жол құрылысымен айналыстық. 25 қазан күні кешке таман менің аяғымды топырақ төсейтін техника басып кетті, өкшем жарақаттанды. Бригадирім мені Жәнібек аудандық ауруханасына жеткізді. Мені дәрігер-хирург Ақжігіт Калибеков қабылдады. Қабылдау бөлімінде хирург менің жарақатымды дренаж қоймастан тікті, дренаж – бұл жараның ішінен іріңді, қанды, сұйықтықты шығару үшін, шіру мен гангренаға әкелетін микрофлораның қалыптасуының алдын алатын резеңке. Сол дренаждың болмағандығы кейін менің жағдайымның нашарлауына әкеліп соқты. Осыдан кейін менің жұмыс берушім медициналық сақтандыру үшін ақшаны уақытында аудармағандықтан мені ауруханада жатып ем алуға қалдырмай, үйге жіберді. "Медициналық сақтандыру қашан болады, сол кезде ауруханаға жатқызамыз", – деді. Мен 26-29 қазан күндері жарақаттың орнын таңу үшін ауруханаға үйден келіп жүрдім, - дейді Самиғолла Қалиев.

Ер адамның айтуынша, 29 қазанда оның жағдайы күрт нашарлаған. Ыстығы көтерілген, аяғы бұрынғыдан да қатты ауырған, іскен, қарайған және іріңдей бастаған, аяғынан жаман иіс шыққан.

- 29 қазанда менің сақтандыруым ашылды, сол күні мені аудандық ауруханаға қабылдады. Алайда пайдасы болмады. Мен хирургтан "аяғыма не болды, бірдеңе жасауға бола ма?" – деп сұрадым. Ол: "Бәрі жақсы болады, қолымыздан келгенін жасап жатырмыз", – деді. Мен оған сендім, маманның қолындамын, уайымдамауға болады деп ойладым. Бірақ жағдайын нашарлаған үстіне нашарлай берді. 1 қарашада маған Әлімжан есімді басқа хирург келді. Көмектескісі келетінін, іріңді шығаратын ота жасайтынын айтты, ал кейін сізге қалаға бару қажет деді. Мен келістім. Ол ота жасады. С одан соң маған жолдама жазып берді, мен таксимен қалаға, облыстық көпбейінді ауруханаға кеттім, өйткені аудандық аурханада жедел жәрдем болмады, - дейді Самиғолла Қалиев. 

Сұхбаттасушымыздың сөзінен білгеніміз облыстық аурухана қызметкерлері оған сұрақ қоймастан, дереу қабылдаған және аяғын кесуге тура келетіні туралы бірден айтқан.

- Дәрігер аяқты тізе буынын сақтап, кесуге тырысатынын айтты. Мен келісуге мәжбүр болдым. Хирург – неге өзіңізді осы жағдайға жеткіздіңіз? - деп ұрысты, егер жарақат алғаннан кейін ең болмағанда екі күннен соң келсеңіз, аяғыңызды толығымен сақтап қалуға болатын еді, – деді. Мен ауылдың дәрігеріне бекер сенген екенмін, - дейді Самиғолла Қалиев.

Аяғын кескен соң және ауруханадан шыққаннан кейін Самиғолла Қалиев полицияға, Жәнібек аудандық ІІБ өтініш жазған. Мұнда ҚР ҚК 317-бабы, 2-бөлігі бойынша "Медицина қызметкерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген" бабымен қылмыстық іс қозғалды. БҚО бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде сараптама тағайындалды.

- Фармакологиялық бақылау Қарағанды қаласындағы өз мердігерлерінің қатарынан сарапшы тартып, ол хирургтің маған медициналық көмекті толық көлемде көрсетпегенін, медициналық көмек көрсету қағидаларының мемлекеттік стандарттарына сәйкес көрсетпегенін анықтады. Ол жарақаттың жергілікті күйін бағаламаған, бұл емдеу кезінде тактикалық қателікке әкелген, сарапшының қорытындысы бойынша, дәрігер мені дереу облыстық ауруханаға жіберуі керек еді. Біз бұл сараптама толық емес деп есептейміз. Мұнда көптеген сұраққа жауап жоқ.

Жараның іріңдеуіне және гангренаға нақты не әкелгені көрсетілмеген, хирург Калибековтың жараларды дренаж қоймастан бітеп, тігуі мен іріңдеу, ампутация түріндегі салдардың арасындағы себеп-салдарлық байланыс көрсетілмеген. 

Сарапшы бұл себеп-салдарлық байланысты қорытынды да қарастырмағандықтан емес, ол туралы жазбағандықтан Жәнібек АІІБ менің жазған өтінішіме қатысты қылмыстық істі тоқтатты, - дейді Самиғолла Қалиев.

Самиғолла Қалиевтің айтуынша, полиция қылмыстық істің орнына, дәрігер Калибековты ҚР ӘҚБК 80 бабы, 2-1 бөлігі бойынша "Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және сапасыз медициналық көмек көрсету" бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған.

- Бұл қалай болғаны, маманның сауатсыздығынан, оның жауапкершілігі жоқтығынан адамның аяғы кесіледі. Ал дәрігерге ол үшін тек айыппұл салады. Мен әрі қарай қалай өмір сүремін? Төрт балам бар. Үлкен қызым мектеп бітіреді, оны жоғарғы оқу орнына оқуға жіберуім қажет. Ал енді менің жұмысым жоқ. Қазір жұмыс берушімен арада әлі талқылау, анықтаулар жүріп жатқанда, фирма маған ай сайын еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жалақы төлеп отыр. Бірақ бұл да ұзаққа созылмайды, - дейді Самиғолла Қалиев.

Самиғолланы бәрінен бұрын туған ауылында қалыптасқан жағдай мазалайды. Атап айтқанда, аудандық полиция, прокуратура, аурухана және барлық мемлекеттік орган арасындағы байланыс жағдайы, сондай-ақ оның мәселесіне деген немқұрайлы көзқарас.

- Менің үйіме ауруханадан дәрігер келді. Маған: "Өтінішіңді қайтарып ал, соттаспа, саған ешкім үлкен көлемдегі өтемақы бермейді. Егер бас тартсаң – саған көтерме ақы ретінде 1-2 миллион қаржы төлейміз, оған қоса саған ІІІ топтағы емес, ІІ топтағы мүгедектік беру үшін ДЕСК-ға (дәрігерлік-еңбек сараптамалық комиссиясы) қолдаухат жазамыз, - деді. 

Бірақ маған онсыз да ІІ топтағы мүгедектік тиесілі, өйткені мен аяқсыз қалдым. Олардың бәрі бір-бірімен араласатыны, бір-бірімен келісетіні, барлығы бір ауылда тұратыны және олардың арасында менен мүмкіндігінше аз шығынмен құтылу сияқты әңгімелер айтылатыны жүйкеме тиеді.

Олар менің төрт баласы бар қарапайым жұмысшы адам екенімді түсінеді. Мен істі аяғына дейін жеткізе алмаймын және оларды жауапқа тарта алмаймын деп ойлайды. Адвокат жалдадым. Біз фармокологиялық бақылау департаментіне сауатсыз көрсетілген көмек пен аяқтың кесілуіне әкелген салдарлар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтайтын қайталама сараптама өткізу туралы шағым жазып жолдадық. Қылмыстық істің қайта ашылуына қол жеткізгім келеді. Сот болсын және кінәлілер заң бойынша жауапкершілікке тартылса екен деймін, - дейді Самиғолла Қалиев.

Ratel.kz тілшісі Жәнібек аудандық ауруханасының хирургі Ақжігіт Калибековпен байланысып, оның ұстанымын тыңдағысы келген. Телефонмен сөйлескен кезде дәрігер Самиғолла Қалиевті өндірістік жарақат алған күні ауруханаға бірінші жүгінген кезде шынымен де өзінің қабылдағаны туралы хабарлаған.

- Науқастың оң жақ өкшесінде жарақаты болды. Мен оны тексердім, содан кейін жергілікті анестезия салып, жараны тігіп, ота жасадым. Бұл езілген жарақат болды. Қан кетіп жатты. Қандай жағдай болғанда да ота жасау қажет еді. Сонымен қатар мен оны рентгенге жібердім. Ол науқастың саусағының негізі сынғанын дәлірек айтсақ, оң аяғының өкшесіндегі гематоманы көрсетті. Ал аяқтың езілуі бұл нақты болмады. Мен науқасқа ауруханаға жатып емделуді ұсындым. Бірақ ол бас тартты және ауруханаға жатқызудан бас тарту туралы актіге қол қойды. Медициналық сақтандырудың жоқтығы туралы әңгіме болмады, оның ауруханаға жатқызудан өзі бас тартқанын білетін куәлар бар.

Содан кейін ол бірнеше күн бойы жарақтын таңуға келіп жүрді. Бірақ сол күндердің біреуінде ол үйінде болған кезде, оның температурасы көтерілді және біз оны ауруханаға жатқыздық. Оны біздің ауруханада емдедік. Антибиотиктер бердік, система қойдық, жарақатын таңдық. Алайда ісік басылмады, температура түспеді. Мен штаттан тыс травмотологқа хабарластым, ол маған науқасты қалаға жіберуді ұсынды. Қаладағы дәрігерлер де консервативті ем көрсетуге тырысқан, бірақ көмектеспеген, содан кейін олар аяқты кесу туралы шешімге келген, - деп хабарлады Ақжігіт Калибеков.

Бұл жағдайға Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

"Жәнібек ауданының полиция бөлімі аудан тұрғынының өтініші бойынша медицина қызметкерінің тарапынан медициналық көмектің сапасыз көрсетілуі бойынша қылмыстық істі тергеді. Тергеудің нәтижелері бойынша сараптаманың қорытындысын есепке алып, қылмыстық іс құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылды. Сонымен қатар медицина қызметкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар БҚО бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды", - деп хабарлады БҚО ПД.

Самиғолла Қалиевтің адвокаты Лаура Утешева тиісті көмек көрсетпеген дәрігерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет деп есептейді.

- Біз алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қателік жіберілгенін, хирургтың жараны дренаж қоймай бітеп тігіп тастауы кейінгі гангрена мен аяқтың кесілуінің себебі болғанын сараптаманың дәлелдеуіне қол жеткізуге тырысамыз.

Фармацевтикалық бақылау мамандары бұл себеп туралы үндемейді. Науқастың аяғын неге кесіп тастағанын айтпайды. Заң бойынша, бұл дәрігерді немқұрайлылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек, өйткені бұл ауыр зардаптарға әкелді, - дейді адвокат Лаура Утешева.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




преподаватель казахского языка
Орыстілді қазақ ана тілін үйреніп алса, басқа қазақтар бұған еш мән бермейді; өзге ұлтты адам болса, қазақтар оны танымал қылады
Как оказать давление на председателя Верховного суда, чтобы получить 1 млрд тенге
Лучшие материалы Ratel.kz за 2024 год о том, как частная компания отбила атаку судей, блогеров и журналистов
Как замначальника ДУИС возвращал полученные от родственника заключённого 20 тысяч тенге
И почему категорически недопустимо с точки зрения морали бросать тень на всю структуру МВД
Падение самолёта BekAir: какие мрачные секреты всплыли в 2024 году
Ratel.kz публикует самые интересные материалы об обстоятельствах аварии Fokker-100 авиакомпании "Бек Эйр"
"КазМунайГаз" побывал в Украине, зашёл в Румынию. Стоит ли идти в Болгарию?
"Лукойл" продаёт крупнейший НПЗ на Балканах мощностью переработки в 8,8 млн тонн в год
Ратель. Лучшее за 2024 год. Жарас Ахметов
Ratel.kz публикует самые интересные материалы авторов сайта за прошедший год
Политика 47: миграционная реформа
Ровно через неделю, 20 января 2025 года, состоится инаугурация избранного 47-го президента США
Эмираты зимой: что может удивить, разочаровать и порадовать
Отдых с пользой: советы Андрея Михайлова
Для чего нужны музеи
Самые необычные музеи Казахстана, в которых я побывала
Занимательные воспоминания об акиматовской прокладке от жительницы Астаны
Полиция часами торчит в строительном магазине “Молоток”, хозяйка которого воевала с прокладкой, о ликвидации которой заявил Касымбек
Ратель. Лучшее за 2024 год. Ярослав Разумов
Ratel.kz публикует самые интересные материалы авторов сайта за прошедший год
В Актобе неизвестный захватил заложницу
Переговоры с ним полиция вела всю ночь
Акимат Семея через суд заставил работать Региональный центр государственно-частного партнёрства ВКО
Государственному предприятию из Восточного Казахстана придётся закончить модернизацию освещения в городе
Сколько стоит подарок для зампредседателя "Отбасы банк"
Деньги собирали с сотрудников на день рождения начальника
В Петропавловске конфликт в тренажерном зале довел до суда
Трое человек признаны виновными в вымогательстве
Очередная трагедия в воинской части: застрелился молодой солдат
По информации военных, началось расследование
Жильцы ЖК “Gagarin park” в Алматы выиграли восемь судов, но незаконный летник продолжает работать
Сейчас жильцы ЖК “Gagarin park” готовят заявление в Администрацию президента Казахстана в надежде восстановить справедливость
Как в Шымкенте за взятки оформляли инвалидность детям
Все дети имели врождённые тяжёлые проблемы со здоровьем
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.