Қазақстанда қораға кіріп, қарызға батқан депутаттар кім. 1 бөлім

2549 просмотров
0
Shishkin_like
Суббота, 15 Фев 2025, 13:30

Коммуналдық төлемдер, алкоголь сату, жол ережесін бұзу: Қазақстанда тағы не үшін депутаттар борышкерлер тізіміне енген

Ақпан айының басында Атырау облыстық мәслихатының депутаты Айбар ЕРЕКЕШОВ дауға қалды. Бұрынғы әйелі оның үйде зорлық-зомбылық көрсеткені мен алимент төлемейтінін айта салды. Депутат мұны жала деп атап: "Біз ажырасқан кезде ол алиментке арыз берген, бірақ мен ол туралы білмедім. Мен төлеуден жалтармаймын", - деп құтылмақ болған. Бірақ шындығында 2024 жылдың қараша айынан бастап Ерекешов ресми түрде борышкер ретінде тіркелген. Ол бұрынғы жұбайына 6 миллион теңгеге жуық ақша төлеуі керек және оның елден шығуына тыйым салынған.

Читайте также
ШҚО-да мас күйде көлікпен жүрген депутат ұсталды

Shishkin_Like telegram-каналының редакторы Маргарита БОЧАРОВА парламенттің жоғарғы және төменгі палаталарының, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент мәслихаттарының депутаттық корпусын зерттеген екен. Сонда ашылғаны, сенаттан басқа жердің бәрінде Әділет министрлігінің борышкерлер тізіміне енген тұлғалар жүр. Он депутатқа қатысты түрлі іс қозғалған, олардың жартысы Алматыда жұмыс істейді.

Бақытжан БАЗАРБЕК (тәуелсіз кандидат, мәжіліс). 2024 жылы бұл заңгерге қатысты тоғыз іс қозғалған, оның сегізін Орал соттарының бірі ашқан. 2023 жылы Базарбек пен кей журналистерге қарсы жергілікті ірі кәсіпкерлер, ерлі-зайыпты Ирменовтер сотқа арыз берген. Олар "Кублей" зауытының өндірістік аймағында салынған үйлерге қатысты дау туралы мақалаларда жала жапты деп айыпталды. Сот талапкерлердің пайдасына шешім шығарып, заңгерді кейбір ақпараттарды жоққа шығаруға, өшіруге және Ирменовтерге шамамен 500 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Асхат РАХЫМЖАНОВ (ЖСДП, мәжіліс). Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қазіргі басшысына қатысты екі іс 2013-2014 жылдары қозғалған. Сот орындаушылары одан мемлекет пайдасына 50 мың теңгеден сәл асатын соманы өндіріп алуы тиіс. Бірінші жағдайда бұл сома елорданың аудандық салық басқармаларының біріне қарыз ретінде көрсетілген, екінші жағдайда талапкер нақты көрсетілмеген. Сол жылдары Асхат Нұрмағамбетұлы партияның Астанадағы филиалын басқарған. Бәлкім, сол кезде ол әлі де жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп тұрған болуы мүмкін.

Мұхтар ЗУЛЕЕВ (AMANAT партиясы, Алматы). 2004 жылы Мұхтар Махамбетұлы Алакөл жағалауынан 1 гектар жер телімін алған. Ол жерде демалыс орны салынуы тиіс еді, алайда 2016 жылы жергілікті билік ешқандай құрылыс жүргізілмегенін анықтады. Бір жылдан кейін сот жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды. 2018 жылы бұл шешім орындалды, бірақ екі жылдан кейін сот орындаушысының жұмысынан заң бұзушылықтар анықталды: жер мемлекет меншігіне аукционсыз беріліп кетіпті. Соның нәтижесінде ол шешімнің күші жойылып, жер телімі Зулеевке қайтарылды. Қазір ол қайтадан борышкерлер тізімінде тұр.

Читайте также
"Халық партиясы" төраға Ертісбаевтан құтыла алмай жүр

Дулат РАМАЗАНОВ (AMANAT партиясы, Алматы). Бұл депутат 2024 жылдың аяғында ілеспе құжаттарсыз бес бөтелке алкоголь сатқан деп таныды. Дулат Рамазанұлы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және Түрксіб ауданындағы депутаттық қабылдау бөлмесінің жанында дүкен ұстайды. Сот оны 130 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеп, сол бес бөтелкені тәркілеу туралы шешім шығарды. Әділет министрлігінің борышкерлер тізіміне сәйкес, ол – ақшалай емес берешегі бар борышкер.

Еркінбек РАҚЫШЕВ (партияда жоқ, Алматы). 64 жастағы "Жас Ұлан" киностудиясының директорына 2018 жылдан бері елден шығуға тыйым салынған. Оның борышкерлер тізімінде бес атқарушылық ісі бар. Олардың біріне сәйкес, ол салық органдарына шамамен 180 мың теңге қарыз. Бұдан бөлек, 2018 жылдан бері оның кредиторы одан 8,5 миллион теңге қарызды өндіруге тырысып келеді. Сот құжаттарына сәйкес, 2016 жылы Еркінбек Әбдіғаппарұлы фильм түсіру үшін осы соманы қарызға алған. Ол сотта өз кредиторын фильмнің продюсері деп көрсеткісі келді, алайда сот бұл уәжді қабылдамады.

Дереккөз: Shishkin_Like telegram-каналы.

Фото: diapazon.kz.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Ледники Центральной Азии потеряли 26 млрд тонн льда в 2025 году
Как сокращение ледников Тянь-Шаня и Памира влияет на водные ресурсы Казахстана и соседних стран
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай