АҚШ-та кеткен есесін Temu Қазақстаннан қайтаруы мүмкін

1683 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 14 Апр 2025, 12:00

АҚШ пен Қытай экономикалық соғысқа кіріскенде Қазақстан құрбандыққа шалынып кетуі мүмкін

Temu онлайн-платформасы тым төмен бағаларымен, тегін жеткізуі және сұмдық жеңілдіктерімен танымал. Бірақ мұндай демпинг стратегиясы жергілікті бөлшек саудагерлерді ығыстырып, елді цифрлық тәуелділік жағдайына әкелуі мүмкін. Қазір қазақстандық тұтынушылар арзан тауарларға мәз боп қуанып жүрсе, ертең таңдау мүмкіндігінен айырылып, бағаларды тек бір ғана ойыншы белгілейтін болады.

Читайте также
Түркия Temu-ге қарсы тосқауыл тапты

Сауда соғысының басталуы

Сауда соғысы 2018 жылы АҚШ президенті Дональд ТРАМП Қытайдың валюталық манипуляциялары, технологиялық ұрлықтары және әділетсіз саудасы үшін Қытай тауарларына жоғары баж салығын енгізген кезде басталды. Оған жауап ретінде Қытай АҚШ-тың шамамен 110 миллиард доллар көлеміндегі тауарларына тарифтер енгізді. Бұл қақтығыс халықаралық нарықтарды дүр сілкіндіріп, жаһандық жеткізу тізбектеріне айтарлықтай әсер етті. Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметі бойынша, 2019 жылы санкциялар мен баж салығы салдарынан әлемдік сауда көлемі 1,2%-ға қысқарды.

Temu-ның Қазақстан нарығына енуі

Қазір АҚШ экономикалық қысымды барған сайын күшейтіп отыр. Қытай компаниялары жаңа нарықтарды іздеуге мәжбүр. Қазақстанның қармаққа бірінші боп ілінуіне бірнеше себеп бар: логистикалық орналасуы, өсіп келе жатқан онлайн-сауда нарығы және жеңіл заңдары. Statista мәліметінше, 2023 жылы Қазақстандағы онлайн-сауда көлемі 2,3 миллиард долларды құрап, жыл сайын 10-12% өсуде. Логистика белсенді дамып жатыр, нарыққа кіруге соншалық кедергілер жоқ. АҚШ Temu-ге үйіп-төгіп тосқауыл жасап жатқанда, Қазақстан нағыз “мүмкіндік есігіне” айналады.

Читайте также
Тайраңдаған Temu Өзбекстанда “таяқ жеді”

Демпингтік баға саясатының экономикаға әсері

Бір қарағанда, Temu-дың төмен бағалары тұтынушылар үшін пайдалы сияқты көрінеді. Алайда демпинг деген саясат – нарықты жаулап алу стратегиясы. 2023 жылы Қытайдың онлайн-ритейлерлерінің Қазақстан нарығындағы үлесі 22%-ға өсті. Олардың тамыр жаю қарқыны тым қатты болса, жергілікті компаниялар клиенттері мен табыстарынан айырылады. Әсіресе экономиканың негізін құрайтын шағын және орта бизнес зардап шегеді. Олардың ресурстары шектеулі, ал цифрландыру деңгейі қытайлық алпауыттармен таласа алмайды.

Болашақтағы қауіптер

Қысқа мерзімде бұл отандық кәсіпкерлерге соққы боп тиеді, өйткені олар арзан қытай тауарларымен бәсекелесе алмайды. Ал ұзақ мерзімді перспективада жағдай одан да қорқынышты. Жергілікті ритейлерлер мен өндірушілер әбден ығыстырылған соң Temu төмен бағалардың заманы бітті деп шеше салуы мүмкін. Нарықтың монополиялануы бағалардың өсуіне және сыртқы платформаға тәуелділікке әкеледі.

Temu және басқа да қытайлық платформалар ай сайын алшаң басып барады. Қолдау шаралары болмаса, отандық онлайн-ритейл құриын деп тұр. Бұл ЖІӨ, жұмыс орындары мен салық түсімдері үшін тікелей шығын. Қазақстан билігі нарық жағдайындағы осы өзгерістерге жылдам жауап беріп, отандық ойыншыларды қолдау шешімдерің таба ала ма?

Анығында, мемлекеттің қолында басқа елдер ұялмай-ақ қолданып отырған тиімді құралдар бар:

  • Қазақстанда тіркелмеген шетелдік платформаларға цифрлық баж салығын енгізу;

  • Жергілікті компанияларды ынталандыру – салықтық жеңілдіктерден бастап, логистика мен цифрлық инфрақұрылымды дамытуға арналған субсидияларға дейін;

  • Демпинг пен маркетингтік тәжірибелерді реттеу арқылы әділ бәсекелестік жағдайларын жасау.

Читайте также
Аузымызды ашып отырғанда “Ассалау” деп Temu келді

Қазақстан бұл бағытта алғашқы қадамды жасап үлгерді. Бүгінде Temu, Pinduoduo және Alibaba Group секілді 101 сауда онлайн-платформасы тіркеліп, салық есебіне қойылған. Бұл компаниялар ел азаматтарына электрондық түрде тауар сату және қызмет көрсету арқылы 75 миллиард теңге көлемінде ҚҚС немесе шетелдік компанияларға салынатын салық төлеген.

Алайда, әлемдік сауда аренасындағы соғыстарды ескерсек, қазір – шешім таңдайтын сәт. Қазақстан не өз нарығын қорғауға бағытталған шаралар қабылдауы керек, не болашақта цифрлық тәуелділікке түсіп, электрондық сауда саласын бақылаудан айырылады. Осы таңдауға келіп тұрмыз дәл қазір.

Фото: Shutterstock and Temu.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента