Бұл ақшаның көбі – сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысы
Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумды ұйымдастыру және өткізу үшін бюджеттен 15,5 млрд теңге сұрау жоспарлануда.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила МУСТАФИНА мәлімдеді, дейді bes.media.
Оның айтуынша, бұл сомаға сырттағы 63 елдегі 78 сайлау учаскелерінде республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу шаралары кіреді.
“Сметадағы жалпы соманың 71%-ы барлық органдардың комиссия мүшелерінің еңбекақысына арналған – олардың саны 700 мыңнан астам адам”, - деп қосты ОСК мүшесі.
Сабила Мустафина бұл сома ОСК-ның үкіметке жолдаған сұранысы екенін, ал қаражат бөлу туралы шешімді үкімет қабылдайтынын нақтылады.
Қаражаттың қалған 29%-ы – ұйымдастыру шығындарына – ақпараттық қолдау, бюллетень дайындау, баспа өнімдері, кеңсе тауарлары және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық заттарға бағытталған.
Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтеді. Қазақстандықтар “сіз АЭС құрылысымен келісесіз бе?” деген жалғыз сұраққа жауап береді.
АЭС-ті Алматы облысындағы Үлкен ауылында Балқаш көлі жағасында салу жоспарлануда. Құрылыс құны 10-15 млрд доллар деп бағалануда.
Фото: elements.envato.com.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!