Жетісу облысында ауыл әкімінің басы дауға қалды

1899 просмотров
0
Ратель
Четверг, 19 Сен 2024, 14:00

Мас шенеунік түнде терезеден кіріп, қоластындағы қызды зорламақ болды деседі

Ақсу ауылының тұрғыны Әсем БӨКЕНОВА ауыл әкімінің үстінен арыз жазды. Көпбалалы ана шенеунікті түн ортасында терезеден кіріп, зорлық көрсетпек болды деп айыптап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

36 жастағы Әсем Бөкенова ауылдық әкімшілікте бас маман болып жұмыс істейді. Ол өткен шілде айының 31-і күні күтпеген жағдайға тап болғанын жеткізді. Келіншек түн ішінде шырт ұйқыда жатқанда үйіне бөтен адам кіріп көрпесін ашқанын айтады.

“Сағат 02.30 шамасында ұйықтап жатсам, ту сыртымнан біреу келіп іш киімімді тартады. Басында түсінген жоқпын. Анықтап қарасам дәу біреу пыс-пыс етіп, ішімдік иісі шығып отыр екен. Шошып жүгіріп барып ас үйдің жарығын жақсам жаңағы әкім”, - дейді Әсем Бөкенова.

Фото: Айбек Құттыбек / Kazinform.
Читайте также
14 жыл отырған мектеп директоры жұмысқа тек туыстарын алады

Ал, Ілияс РАЙЫМҚҰЛОВ қоластындағы қызметкерінің сөзін жоққа шығарып отыр. Ол Әсем Бөкенованың үйіндегі дүкенге барғанын, бірақ жабық болған соң қайтып кеткенін айтады. Сондай-ақ, әкім бұл өзін қызметтен алу үшін әдейі жабылған жала деп топшылайды.

“Бұл кісі бұрынғы әкімнің кезінде жұмысқа келмей үйде жатып ақша алатын. Сол кісіні қолдап маған қарсы шығып жала жауып отыр қазіргі уақытта. 31-нен 1-не қараған түні дүкенге барғанымыз рас. Жанымда досым мен әйелім болды. Дүкен жабық екен. Қоңырауын бастық, есігін тақылдаттық. Содан біз қайтып кеттік ол жерден. Бұл кісі сұмдық жағдайды айтып отыр ғой, сондай жағдай болған болса, не себепті бірден полиция қызметкерлеріне хабарласпады? Ертеңінде түстен кейін бірақ хабарласқан”, - дейді Ақсу ауылдық округінің әкімі Ілияс Райымқұлов.

Бұл жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалған. Алайда, Әсем Бөкенова бұл баппен келіспейтінін жеткізді.

Іс Ақсу аудандық сотында қаралып жатыр, келесі сот отырысы 24 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған.

Фото: Айбек Құттыбек / Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай