Заманға сай жанармай және non-oil-ретейлінің моделі қалай қалыптасты
Бес жыл бұрын маңдайшадағы "ҚазМұнайГаз" дейтін жазудың орнына Push деген қызғылт сары батырманың белгісі ілінгенде, нарыққа жанармай сатуға деген көзқарасты өзгертетін жаңа ойыншы келгені түсінікті болды. Шынында солай болды, аз ғана уақытта Qazaq Oil қалыпты модельді бұзып, жанармай құю желісін бүтін бір экожүйеге айналдырды. Бұл – даму үстіне дами беретін, тұтыну нарығының түрлі сегменттерін қамтитын және жаңа қызметтермен толыға түсіп жатқан экожүйе боп шықты.
Жаңа бизнесті әртараптандыру стратегиясының ең табысты жобаларының бірі Q-Cafe болды – фастфуд, ыстық сусындар мен жайлы гастрозоналар. Qazaq Oil-дың әр клиенті дәмді тағамнан татып, хош иісті кофе іше алады – мейлі, қалада болсын, далада болсын – бірдей сапалы.
Қазір Q-Cafe ай сайын жарты миллион стакан кофе және екі жүз мың хот-дог сатады.Круассан мен пончик сықылды тәтті тоқаштарды санамағанда.
Q-Cafe бренді елге танылып, дамығаны сонша, ол жанармай бекетінің шекарасынан шығып кетті. Бүгінде Астанада осы франшизамен Q-Cafe кофеханасы мен бистро форматында екі жеке-дара бизнес орны табысты жұмыс істеп тұр. Франшизаны алғысы келетіндер кофехана шкаф-модулін, аралды аймақ пен павильонды қамтитын түрлі нұсқаларды қарастыра алады – ол да кез келген бюджетке арналған.
- Horeca саласындағы өз жолыңызды бөлшек саудадағы сенімді ойыншымен бастаған оңай әрі қауіпсіз. Біз франчайзилерге тиімділігін дәлелдеген дайын бизнес-модель ұсынамыз және кешенді қолдау көрсетеміз: локация таңдауға көмек, сенімді жеткізушілермен келісімшарт жасау, команданы оқыту, маркетингтік қолдау, логистика және басқа да мәселелер бойынша көмек. Қысқаша айтқанда, серіктестен тек минималды инвестиция мен бизнесті сауатты басқару қажет, - дейді Q-Cafe жобасының жетекшісі Рамис ЖАЙЛЫБАЕВ.
Qazaq Oil жаңа стратегиясының тағы бір қадамы – өз өндірісін ашу болды. Бүгінде компания Tulpar брендімен энергетикалық сусын, табиғи ауыз су, сондай-ақ TotalEnergies энергетикалық алпауыт компаниясымен бірлесіп жасалған эксклюзивті Tulpar-95 жанармайын шығарады. Айтпақшы, Qazaq Oil-дың эксклюзивті АИ-95 бензинінің экологиялық тазалық пен сапаны арттыратын көпфункционалды қоспасы Францияда жасалған.
Сондай-ақ Qazaq Oil брендімен мотор және трансмиссия майлары, әйнек жуатын су, антифриздер және түрлі автотауарлар сияқты көптеген өнімдер шығарылады.
Дегенмен, қазақстандықтардың Qazaq Oil-ды таңдайтын жалғыз себебі сапалы жанармай мен жоғары деңгейлі қызмет емес. Жыл ортасында тұтынушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, компанияның ең басты артықшылығы – ұлттық бірегейліктің айқын көрініс табуы. Адамдарды жанармай бекетінің қабырғаларындағы қазақ зиялыларын бейнелейтін муралдар, ұлы ойшылдардың экрандарда көрсетілетін шабыттандыратын сөздері және кофе стакандарындағы QR кодтары арқылы қолжетімді қазақ орындаушыларының плейлистері қызықтырады.
- Біз клиенттерімізбен бірге өсіп келеміз, олар қызығатын дүние бізге де қызық. Мысалы, жолдағы музыканың плейлистіне Мирас ЖҮГІНІСОВ және Yenlik сияқты қазіргі қазақстандық орындаушылар кіреді, ал жанармай құю кешендеріміздегі экрандар арқылы ұлы Абайдың нақыл сөздерін еске түсіруге болады, - дейді Qazaq Oil бас директоры Төлеміс ШОТАНОВ.
Qazaq Oil жанармай бекеттерінде қашан да ұлттық музыка естіледі және қазақ мәдениетін қолдайтын акциялар ұдайы өткізіледі. Мысалы, өткен аптада киімінде қазақтың ұлттық элементі бар тұтынушыларға Tulpar энергетикалық сусыны тегін сыйға тартылды.
Qazaq Oil-дың нағыз экожүйе құрып алғанына әрбір адам көзін жеткізе алады. Станцияларда автокөлікке жанармай құйып, ас ішіп, жолда қажет болатын кез-келген затты сатып алуға болады.
Мұндағы Qazaq Energy Charge орнатқан станцияларда электромобильдерді қуаттауға, Sparklo аппараттары арқылы пластик және алюминий бөтелкелерді қайта өңдеуге тапсыруға, Vlife қосымшасында балл жинауға және оны серіктес брендтерде жұмсауға болады.
Дәл қазір Qazaq Oil деген – 367 заманауи жанармай құю бекеті, ол компанияның өзінің және жалға алынған мұнай базаларымен қамтамасыз етіледі. Үш жылдан бері DODO франчайзинг бағдарламасы (Dealer owned – Dealer operated) жұмыс істеп келеді. Желінің брендбугімен 34 серіктес жанармай бекеті ашылды, жылдың соңына қарай DODO форматымен жұмыс істейтін жанармай құю бекеттерінің саны 40-қа дейін өспек.
Франшиза сатып алушылардың арқасында 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, серіктес желілердің кеңеюі бюджетке түсетін салық түсімдерінің жалпы сомасына тікелей әсер етті. 2023 жылы компания мемлекетке 13,6 миллиард теңге төледі.
Осылайша, Qazaq Oil – еліміздің түкпір-түкпірін сапалы жанармаймен қамтамасыз ететін, клиенттерге жайлылық пен күшті қызмет ұсынып, уақытты үнемдеуге көмектесетін ірі желі ғана емес, сонымен бірге аймақтарда жұмыс орындарын құратын, және және орта бизнестің дамуына ықпал ететін дарынды ұйымдастырылған бизнес. Бұл – барлық қазақстандықтарға пайдасын тигізетін кәсіпкерліктің моделі.
Фото: Qazaq Oil.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!