Өзбектер 12, қазақтар 46-орында тұр
Қоржынымызда 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.
Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы үздік 50 мемлекеттің қатарына енді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бүгін, 5 қыркүйектегі нәтиже бойынша Қазақстан спортшылары Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде 46-орынға жайғасқан. Ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.
Көршілес Өзбекстан 6 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль иеленіп, тізімнің 12-сатысына табан тіреген.
Қытай 62 алтын, 46 күміс, 27 қола медаль еншілеп, жеке дара көш бастап келеді.
Ұлыбритания құрамасы 33 алтын, 25 күміс, 16 қоланы қанжығасына байлап, екінші орынға тұрақтаса, АҚШ спортшылары 25 алтын, 26 күміс, 12 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр.
Фото: FRANCK FIFE/AFP via Getty Images.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!