Қызылорда облысынан халық қашып жатыр

16365 просмотров
0
Ратель
Пятница, 07 Июн 2024, 15:30

Өңір басшылығы қойнауы қазынаға толы жердің ен байлығын ел игілігіне жарата алмай тұр

Ұлттық статистика бюросы аталған облысқа қатысты дабыл қағарлық деректер жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2024 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Қызылорда облысында небәрі 843,4 мың адам қалған, қалалықтар – 396,3 мың (47%), ауылдықтар – 447,1 мың адам (53%).

Облыстан жұрт жаппай кетіп жатқанға ұқсайды және аталған үрдіс соңғы жылдары белең алған.

Читайте также
Қазақтың демократ қызы Бельгияда депутат болғалы отыр

"Қызылорда облысында көші-қонның теріс айырмасы қалыптасты: 2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында өңірден қоныс аударғандар саны көшіп келгендерден 2 216 адамға асып түсті, 2023 жылғы қаңтар-наурызда бұл көрсеткіш 924 адамды құраған еді", деп хабарлады Ұлттық статистикалық бюро.

2024 жылғы қаңтар-наурызда облыста 4 772 сәби ғана дүние есігін ашқан, сөйтіп 2023 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 2,2% кеміді.

Қызылордалықтардың өлім-жітімі көбейген. Биыл үш айда қайтыс болғандар саны 1 102 адамды құраған және 2023 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 1,4%-ға көп.

UPD"Егемен Қазақстан" басылымының сайтында "Жұрт жаппай кетіп жатыр": Қызылорда облысында  843,4 мың адам қалған деген тақырыппен жарияланған мәтіннен көшірілген осы ақпарат бойынша (қазір ол материалды еgemen.kz алып тастаған!) ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті байланысқа шығып, төмендегі ақпаратты жариялауды сұрады!

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы қаңтар-сәуір айы бойынша атқарған жұмыстарының қорытындысы:

  1. Қызылорда облысы халқының саны 2024 жылдың қаңтар-наурызында 843,4 мың адамды құрады (2023 жылдың қаңтар-наурызында 836,5 мың адам), оның ішінде қала халқы – 396,3 мың адамды немесе жалпы санның 47% (2023 жылдың қаңтар-наурызында 392,7 мың адам немесе 46,9%), ал ауыл халқы – 447,1 мың адамды немесе 53% (2023 жылдың қаңтар-наурызында 443,8 мың адам немесе 53,1%) құрады. Тиісті кезеңмен салыстырғанда Қызылорда облысы бойынша 0,8%-ға көбейіп, оның ішінде қала халқы – 0,9%-ға және ауыл халқы – 0,7%-ға өскенін байқауға болады.
  2. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 181,1 мың шаршы метрді құрады, соның ішінде, көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы алаңы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,7%-ға өсті. Ал, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,0% азайды.
  3. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 25056,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1,7%-ға өскен.
  4. 2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында көші-қон легінің қарқындылығы әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық және басқада факторларға байланысты теріс айырымы
    -2216 адамға (2023жылғы қаңтар-наурыз -924 адам) қалыптасып өңірден қоныс аударғандар саны 11326 адамды (2023 жылғы қаңтар-наурыз 5414 адам), ал көшіп келгендерден 9110 адамды (2023 жылғы қаңтар-наурыз 4490 адам) құрады. Ол дегеніміз өңірден қоныс аударғандар саны тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,1 есеге өссе, көшіп келгендер саны 2 есеге көбейген.
  5. 2024 жылғы қаңтар-наурызда облыста 4772 сәби дүниеге келген, ал 2023 жылғы қаңтар-наурызда 4878 сәби немесе 2,2% кеміген.
  6. Қызылорда облысы халықтың табиғи қозғалысы есебі бойынша 2024 жылдың қаңтар-наурызында қайтыс болғандар саны 1102 адамды құраса, 2023 жылғы қаңтар-наурызда 1087 адамды құрап 1,4%-ға көбейген.
  7. Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырға жағдай бойынша 10581 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2,7% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 10222 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8831 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 8472 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 7922 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1% азайды.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 25 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда 7,2% азайды, оның ішінде экспорт 14,9 млн. АҚШ долларын (3,4%-ға өсті), импорт 10,1 млн. АҚШ долларын құрады (19,2% азайды).

  1. Қызылорда облысында тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 108%-ды құраса, 2023 жылдың қаңтар-мамырында 118,5% болған, бұл дегеніміз 10,5%-ға төмендегенін байқауға болады. Сонымен қатар, алкогольді ішімдіктер және темекі бағасы 117,5% (2023 жылы 122,8%), денсаулық сақтау 114,1% (2023 жылы 114,3%), Мейрамханалар мен қонақ үйлер 113,5% (2023 жылы 124,1%), киім және аяқкиім – 112% (2023 жылы 119,4%), ақылы қызметтер – 110,6% (2023 жылы 112,8%), демалыс және мәдениет қызметтері – 110,4% (2023 жылы 111,5%), тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлерінің бағасы – 110,2%-ды (2023 жылы 110,5%) құрайды.
  2. Сонымен бірге, 2024 жылғы мамырда Қызылорда облысының аудандары мен қалаларында ең төмен күнкөріс деңгейі 44 121 теңге болса, 2023 жылдың тиісті кезеңінде 43 060 теңгені құраған және 2,5%-өскен. Қызылорда қаласында ең төменгі күнкөріс деңгейі 44 755 теңге. Жалағаш ауданында – 42 311 теңге, Сырдария ауданында – 42 233 теңгені құрайды.

Фото: gov.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента