Таразда 2,5 млрд теңгенің тендерін ұтқан компания жоқ боп кетті

2445 просмотров
0
Ратель
Пятница, 27 Дек 2024, 15:00

Тұрғындар компанияға іздеу жариялады

Мектеп құрылысын бастаған мердігер бес айдан бері ізім-ғайым жоқ. Салдарынан мыңға жуық бала қаңғып қалды дейді ата-ана, деп хабарлайды Информбюро 31.

Читайте также
ШҚО-да мас күйде көлікпен жүрген депутат ұсталды

Ал жергілікті билік төбе көрсетпей кеткен компания басшысын сотқа берген. Өйткені бөлінген қаржыны кімнен қайтарарын білмей дал. “Екі ортада оқушылардың обалына қалдық” дейді жұрт.

Осы жылдың жазында құрылысы басталған оқу орны оқу жылының ортасында ойраны шығып жатыр. Басталған іс орта жолда тасталған. Бес айдан бері мұнда тұяқ серпілген тірлік жоқ.

№15 мектеп-гимназиясы жанынан 300 орындық қосымша ғимарат салу үшін қыруар ақша бөлінді дейді жұрт. Анығы, әкімшілік әмиянынан 2 млрд 500 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу шартымен мердігер табылады. Білім ошағы құрылысқа жабылады. Сол жабылғаннан әлі күнге дейін қаңырап қалады. Сұрауын сұраған ел алапат құрылыс болса бір сәрі, қосымша құрылыстың аяғына жеткізбеген жергілікті билікке өкпелі.

- Балаларға обал болды. Ең бірінші білім сапасы. Білім сапасы төмендеп кетті қазір. 11-ді бітіретін балалар келесі жылы ҰБТ-ны қалай тапсыратынын ешкім білмейді. Ешкім жауап бермейді. Жауап бергісі де жоқ қазір. Жамбыл облысына бұл ұят нәрсе. Қосымша құрылыс 300 орындық. Соны тоқтатып қою дегенді айта алмаймын, - дейді Тараз қаласының тұрғыны Мұхтар СЕНБЕКОВ.

Қазір мұндағы балалар қаладағы үш мектепке жіберілген. Бұл қолайсыздық ата-аналардың ашуын тудырған. Басқа білім ошағында үш ауысымда оқыту білім сапасына кері әсер тигізетінін айтады. Биліктен бақылаудың борпылдақ болуынан, бұқара зардап шекті дейді.

Читайте также
Уақыттың ауысқаны Қазақстанда құрылыс сапасын нашарлатты

- Біз балалар үшін шырылдаймыз. Балалар үш ауысымда үш мектепте оқып жатқаны біздің жанымызға батып тұр. Бір үйден үш мектепке таситын 5 балалы ата-аналар бар арамызда, - дейді Тараз қаласының тұрғыны Жәмилә ДОМБАЕВА.

Тапсырыс беруші құрылыс басқармасы бұл тек біздегі жағдай емес дейді. Ел бойынша дәл осы компания 40-қа жуық нысанды жарты жолда тастағанын айтады. Ендігі жаңа нысан тұрмақ, алдын ала берілген ақшамызды ала алмай отыр екен. Себебі, серіктестік банкрот болған.

- Бұл істің нақты қашан бітерін ешкім айта алмайды. Қазір келісім-шартты бұзуға, аванстық сумманы қайтаруға сотқа бердік. Бірақ алғашқы отырысқа компаниядан ешкім келген жоқ. Сондай-ақ біз жобаға түзету енгіздік. Соған сай келісім-шарттағы суммадан 700 млнға қысқартқанымызды айта кету керек, - дейді Жамбыл облыстық құрылыс басқармасының басшысы Ерлан ОРЫМБАЕВ.

Осылайша мұндағы мыңға жуық баланың жағдайы бүгін ертең бітер түрі жоқ. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы келесі жылы конкурсты қайта ойнату дейді шенеуніктер. Бірақ соттың қашан аяқталары белгісіз. Ал, мердігермен байланысу біз тұрмақ, әкімдіктің өзіне мұң болып тұр.

Фото: Информбюро 31.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Задержание бывшего главы внешней разведки Германии может быть связано с его контактами в Центральной Азии
Августа Ханнинга подозревают в получении секретных документов BND и передаче разведывательной информации иностранным спецслужбам
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Битва за Баб-эль-Мандеб, уличные протесты и досрочные выборы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Каждый пятый ребёнок в опрошенных семьях Ливана ложится спать голодным
UNICEF: война и многолетний экономический кризис лишают детей еды, лечения и образования
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай