Су жоқ! Жамбыл облысында елдің егіні мен шөбі күйіп барады

1898 просмотров
0
Ратель
Вторник, 13 Мая 2025, 15:00

Өзекті мәселе енді қайтіп шешімін таппақ?

Жамбыл облысында шаруалар судан тарығып отыр, деп хабарлайды 24KZ. Әсіресе бір ай бұрын дән сепкен Байзақтық диқандарға қажетті су әлі жеткен жоқ. Бұған жауапты Қазсушар мамандары: “Талас тартылып барады”, - дейді.

Егістік алқаптарына су жетпей қалған 30-ға жуық шаруа Қазсушар мекемесіне барды. Солардың арасында Бақытжан ЖИДЕБАЕВ. Биыл диқан 40 гектарының жартысына арпа мен бидай еккен. Қалған алқапта дала жұмыстарын дайындап қойғанымен, дақыл себу науқанына кірісе алмай отыр. Себебі еккен егісінің өзін суара алмаған.

Читайте также
Кирилл Павлов: Биыл да “Жем – елу, шөп – елу” деп шулаймыз

- Жоңышқаға 1 млн 600 мыңдай ақша кетті. Оның бәрі күйіп кетейін деп жатыр. Не шөп жоқ. Малға беретін шөп таппай отырмыз. Былай шығып көрсеңіздер, күйіп кеткен жердің бәрі. Сол жоңыршқадан бір нәрсе алып, малға берейін деп отыр едік, оны да құртайын деп отыр ғой. Арпаға 800 мыңдай кетті. Ол да жоқ болып тұр. Мынандай бір қарыс болып тұр бойлары, - дейді шаруа Бақытжан Жидебаев.

Шағымын айта келген шаруалар: “Бір апта ішінде су алмасақ, егісіміз түгел күйіп кеткелі тұр”, - деп күйінеді. Сондықтан осы іске жауаптылардан келісімшарқа сай суды жеткізуді талап етіп отыр.

- Бәрінің жоңыршқасы қурап жатыр. Бәрінің малы бар, бәрі сонымен күн көріп отырған адамдар. Ал қазір туралап келгенде Қазводхоздың кінәсінан, неге олар қырғыздармен келісімшартқа отырмады? Соның бәрін неге ерте шешпеді? Соның бәрін шешіп ерте шешкен кезде тура осыған келмейтін едік қой біз. Қаншама елді шырылдатып отыр қазір, құрғап кеткен “полялары”, - дейді шаруа қожалығының басшысы Нұркен НҰРДӘУЛЕТ.

Қазсушар мекемесінің мамандары биыл жауын-шашын аз түскенін және таудағы мұздықтардың аз болғанын алға тартады. Су қоймаларының толық толмау себебі де сонымен байланысты екен. Ал Қызрғызстандағы Киров су қоймасынан 18 текше метр су сұратқанымен, келіп жатқаны 10 текше метр ғана. “Ал бұл үш ауданның шаруалары үшін жеткіліксіз көлем”, - дейді салаға жауаптылар.

- Бірінші суарым бәрі дақылдарын шығарғысы келеді. Бөліп кезекпен алуға келіспей отыр. Бәріне бір мезетте су керек болып тұр. Бірақ сонда да осы жағдайдан шығу үшін біз Терісащыбұлақ су қоймасын ашып, қазір қосымша 5 куб Аса-Талас деген каналымыз бар, өзенаралық сол канал арқылы тастап жатымыз. Бір 3-4 күнде келіп қалу керек ол су осы жерге, - дейді “Қазсушар” РМК Жамбыл филиалы директорының орынбасары Бағдат БЕЙСЕНҚҰЛОВ.

Сумен қамту ісіне жауаптылар “диқандарды сусыз қалдырмаймыз”, - деп уәде берді. Тек биыл тіршілік нәрін үнемдеп қолдануға тура келмек. Сол себепті шаруа қожалықтарына суды аз тұтынатын дақылдарды егуді ұсынып отыр.

Фото: 24kz телеарнасы.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Ледники Центральной Азии потеряли 26 млрд тонн льда в 2025 году
Как сокращение ледников Тянь-Шаня и Памира влияет на водные ресурсы Казахстана и соседних стран
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай