Премьер-министрге қарыз беріп, ақшасыз қалған Асеке

1779 просмотров
0
Ратель
Среда, 25 Сен 2024, 14:00

Алаяқтарға алданып қалмаңыз

Читайте также
Автокөлік ұта жаздап, ақшасыз қалған Асеке

Асеке – ойдан шығарылған адам дегенмен, оның басына туған күн сіз бен бізге де келіп тұрмасын.

Асекең кеше ғана мерейтойын тойлатқан. Тойына кісі көп келді, жасаған тойы өзін артығымен ақтады. Асекеңде ақша көп, күніне бірнеше рет телефонын ашып, картасындағы мол ақшаға мәз болады.

Ол ақшаны жұмсайтын ойы жоқ, жата берсін деп шешкен. Әйелі ғана "ақша орнында тұр ма, үйді жөндейміз, қақпа ауыстырамыз, кенже ұлға үйге жинаймыз" деп күнде маза бермей жүрген.

Сөйтіп жүргенде телефонына сыңғыр етіп бұған хат келмей ме. Жазып тұрған адамның түрі таныс сияқты. Аты-жөніне қараса – біздің премьер-министрдің өзі! Асекеңнен көмек сұрап тұр!

Асекең оның ақша сұраған қолын қалай қайтармақ. Бас салып сұраған ақшасын аударып жіберді. Қиналып тұрғанда ақша бергенін премьер-министрдей азамат ұмыта қоймас. Кейін оның да көмегі тиеді. Ертең БЕКТЕНОВПЕН бір дастарханда бірге отыратынын ойлап кетті.

Читайте также
ҰҚК-ның арнайы операциясына қатысып, ақшасыз қалған Асеке

Кешке әйелі ақша жайында тағы сұрады.

- Ақша жоқ, мен оны Олжекеңе қарызға бердім.

- Қайдағы Олжеке?

- Ей, қараңғы, біздің премьер-министрімізді білмейсің бе? - деген Асеке.

Әйелі бәрін бірден ұғып, еңкілдеп жылай жөнелді.

Асекең үлкен шенеуніктің атын жамылған алаяқтарға сеніп қалған ғой. Бүкіл ақшасын соларға бере салған.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Үкіметтің баспасөз қызметі мессенджерлерде премьер-министр мен үкімет мүшелерінің атынан ақша сұрайтындар пайда болғанын хабарлайды.

Бұл – жалған! Мұны интернет-алаяқтар істеп жатыр.

Жалған ақпаратқа сенбеңіздер, ақша аудармаңыздар және күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер. Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттерді жасаған тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Бигельды Габдуллин: «Мы все в одной лодке»
Президент ПЕН-клуба о деградации общества и страхе власти перед правдой
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Теперь Минфин знает, кто чем торгует и сколько зарабатывает
Казахстан завершает цифровизацию госфинансов
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента