Коронавирус пен пневомния өкпеде дақ қалдыра ма – Маман пікірі

2084 просмотров
0
Ратель
Пятница, 30 Окт 2020, 11:20

Коронавирустық инфекцияның алғашқы сатысында рентген ештеңе көрсетпейді

Ұлттық кардиохирургия орталығының радиология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан радиологиялық қоғамының вице-президенті Тайырхан ДӘУІТОВ коронавирус пандемиясы кезінде қалай жұмыс істегендерін, компьютерлік томографияның қаншалықты тиімді екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Қазақстандықтар психотерапиялық көмекті онлайн ала алады

"Коронавирус инфекциясы анықталған наурыз айында науқастар көп болған жоқ. Нағыз шарықтау шегі – мамыр, маусым, шілде айларында болды. Онда көптеген клиникалар және провизорлық орталықтар екі ауысыммен жұмыс істеп жүрді. Ал қала сыртындағы туберкулезге қарсы фтизиопульмоногиялық орталық тәулік бойы жұмыс істеп тұрды. Мұндай сұраныстың басты себебі – компьютерлік томографияның өкпе ауруларын анықтаудағы тиімділігі деп есептеймін. Себебі коронавирустық инфекцияның алғашқы сатысында рентген ештеңе көрсетпейді. Халықаралық деңгейде мойындалған әдіс – компьютерлік томография болды. Бір қызық дерек, Қазақстан радиологтар қоғамы – Еуропа қоғамының, Азия және Тынық мұхиты радиологтары қоғамының мүшесі. Солармен форум жасағанда, Азия елдерінің барлығында маусым-шілде айларында КВИ науқастары көбейгенін білдік", - деді дәрігер ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Дәрігер компьютерлік томография мен рентгендік тексерудің айырмашылығын түсіндіріп берді.

"Жоғарыда атап өткенімдей, өкпе ауруларын анықтаудағы халықаралық мойындалған әдіс – компьютерлік томография болды. Оны халықаралық радиологтар қоғамы, МАГАТЭ мойындаған. Ал рентген профилактика үшін қолданылады немесе ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқандарды компьютерлік томографияға апара алмаған жағдайда ғана қолданады. Өкпенің неше пайызға зақымдалғанын рентген емес, компьютерлік томография көрсете алады.

Сосын компьютерлік томографияның дозалық жүктемесі өте төмен. Адамдар радиация деп қашпауы керек. Кез келген адам ұшаққа мінгенде жылына 2-3 миллизиверт алуы мүмкін. Компьютер де сондай доза, тіпті одан да аз болады. Мәселен, онкологиялық науқастар жылына 1-2 рет тексеруден өтеді. Одан ағзаға зақым келмейді. Тиісінше, жылына неше рет түсуге болады деген ұғым жоқ. Дәрігерлер тексеріп, дене қызуы, ентігу және өкпеден сырыл естілсе, компьютерлік томографияға жібереді", - деп түсіндірді Тайырхан Дәуітов.

Читайте также
Масканы дұрыс тағудың 10 ережесі

Сонымен бірге, маман "КВИ, пневмониямен ауырғандардың өкпесінде із қала ма?" деген сұраққа жауап берді.

"Компьютерлік томографиядан көрінуі мүмкін. Бірақ қайта тексеруге келген науқастардың көпшілігінде өкпе 1-2 айдан кейін ізсіз жазылып келеді. Бұл жерде ілеспе аурулар өте көп ықпал етеді. Бронхит, ХОБЛ, қант диабетімен ауыратындарда коронавирус инфекциясынан кейін із қалуы мүмкін. Ал денсаулығы жақсы адамдардың өкпесінен тіпті компьютерлік томографиямен де ешқандай із көрінбейді. Науқасты аман алып қалу да осы ілеспе ауруларға тікелей байланысты. Көп жағдайда иммунитетті түсіретін қант диабеті, онкологиялық ауруы барлар қайтыс болды", - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сәйкес, 100 мың халыққа 1 компьютерлік томография болуы қажет.

"Елордада 1 млн халыққа оншақтысы жетеді деген сөз. Ал бізде Нұр-Сұлтан қаласында жеке клиникаларды қосқанда, 20 компьютерлік томография бар. Қазақстан бойынша 170 компьютерлік томография. Демек, олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында орналасқан", - деді Т. Дәуітов.

Читайте также
2025 жылға қарай сапалы ауыз су мәселесі толық шешіледі - Асқар Мамин

Сөз соңында дәрігер коронавирус пен пневмониядан қорғану бойынша тұрғындарға кеңес берді.

"Коронавирустың тағы бір толқыны келсе де, жеңіл өтеді деп ойлаймын. Өйткені адамдар көндікті, баяғыдай дүрлікпе жоқ. Маска, дезинфекциялық режим сақталуда. Ең бастысы, имунитет пен психологиялық тұрғыда мықты болу керек. Адамның үрейге берілуі де иммунитетке тікелей әсер етеді. Ілеспе аурулардан сақтану керек. Сосын қонақ пен тойдан әлі де тартынуымыз керек. Біз тойшыл халықпыз. Карантиннен аман-есен шықтық, жуайық деген әңгімені қою керек. Енді коронавирус келмейді деп арқаны кеңге салуға да болмайды. Кей елдерде қорғаныс киімдері, маска тағу тұтас мәдениетке айналып кетті ғой. Біз де жеке гигиена мен оқшаулануды ұстансақ, дәрігерлерге көп көмектескен болар едік", - дейді дәрігер.

Фото: АГН "Москва".

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Политолог Марат Шибутов: «Боюсь, со СМИ уже у нас покончено»
Или что скрывается под прессом уголовных преследований на журналистов
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Как построить демократию без хаоса
Гражданское общество, партийное строительство, национальный Курултай
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером