Expo-2017 көрмесіне алынған қарыз әлі өтелмей жатыр

1599 просмотров
0
Ратель
Вторник, 08 Окт 2024, 14:00

Ол енді 10 жылдан кейін өтеледі

Осыдан 7 жыл бұрын Астана қаласында өткен EXPO-2017 көрмесіне дайындалуға Ұлттық қордан 76,10 млрд теңге облигациялық қарыз берілген. Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес қор қаржысына мемлекеттік “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингінің облигацияларын сатып алу туралы шешім шығарған. Яғни қарыз қаржыны “Бәйтерек” холдингі қайтарады. Бұл туралы Ұлттық банктің kursiv.media сауалына берген ресми жауабында жазылған.

Читайте также
Референдумда жылтың етіп Нұрсұлтан Назарбаев шыға келді

“Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің шешімдеріне сәйкес EXPO-2017 көрмесіне дайындалуға жалпы сомасы 76,10 млрд теңгеге мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен “Бәйтерек “ҰБХ” АҚ-ның облигациялары Ұлттық қорға сатып алынды”, - делінген жауапта.

Ұлттық қордан көрме құрылысына бөлінген қарыз әлі өтелмеген. Облигациялық қарызды холдинг 2034, 2035 және 2036 жылдары жабуы тиіс.

“Қазіргі уақытта облигациялық қарыздар өтелмеген. Эмитенттің бастамасы бойынша өтеу мерзімінен бұрын өтеу құқығымен облигация айналым мерзімінің соңында көзделген”, - делінген жауапта.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Ұлттық қордың жалпы 3,5 трлн теңге қаржысы облигациялық қарыз ретінде берілген. Қазіргі кезде 3,5 трлн теңге қарыздың 453 млрд теңгесі қайтарылған. Қалған 3,09 трлн теңгесі облигациялық қарыз ретінде есепте тұр.

Ұлттық қор қаражатынан қарыз “ЭКСПО” нысандары құрылысынан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары мен мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үй мен темір жол салуға берілген.

Мәселен, 2022 жылы Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатын пайдалана отырып, 162,8 млрд теңгеге “Самұрық-Қазына” қорының облигацияларын сатып алған. Бұл қаражат Достық-Мойынты учаскесінің екінші жолын салу үшін ҚТЖ-ға несие беруге жұмсалды. 2023 жылы Ұлттық банк тағы да “Самұрық-Қазынаның” облигацияларын 173,7 млрд теңгеге сатып алды. Бұл қаржы да темір жол желісі құрылысына құйылды.

Ұлттық қор валюталық активтерін басқару есебінде, қордың жинақ портфелінің 10%-ы корпоративтік облигацияларға салынғаны жазылған.

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның Ұлттық қорында 31,37 трлн теңге жинақталған. Ұлттық қордың түсімдері және оны пайдалану туралы есепке сәйкес, 9 айда қордан 4 трлн теңгеден аса қаржы алынған.

Соның 2 трлн теңгесі – кепіленділіген трансферт болса, 2,019 трлн теңгесі – нысаналы трансферт. Яғни, 9 айда 1 жылға жоспарланған қаржы артығымен жұмсалып кеткен.

Фото: ашық дереккөзден. 

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Бигельды Габдуллин: «Мы все в одной лодке»
Президент ПЕН-клуба о деградации общества и страхе власти перед правдой
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Теперь Минфин знает, кто чем торгует и сколько зарабатывает
Казахстан завершает цифровизацию госфинансов
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента