Бүгін – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні

2321 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 28 Июн 2020, 10:00

Біздің тарихшылар жалпы қазақ даласында журналистиканың негізі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қаланғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда былтырдан бастап Үкіметтің қаулысымен 28-ші маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілгені белгілі. Яғни бүгін халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар тарататын тілшілер қауымы кәсіби мерекесін атап өтеді.

Журналистика – БАҚ құралдарының (интернет, баспа, радио, телевидение, сайт) көмегімен ақпаратты жинау, өңдеу және тарату жұмысы. Журналистиканың ғылыми тәртібі баспаның дүниеге келуімен тікелей жолға қойылған. Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында фото мен киножурналистика өмірге келіп, салаға тың тыныс әкелді. Ізінше 1920-1940 жылдары радио мен тележурналистиканың дәуірі басталды.

Читайте также
Реальность на связи

Әлемдегі зерттеушілердің бір шоғыры журналистиканың екі бағыты барын айтады. Олар: зерттеу журналистикасы мен тергеу журналистикасы. Яғни зерттеуші журналист әдетте ашық ақпарат көздерімен, ал тергеуші журналист жабық мәлімет көздерімен жұмыс істейді. Тиісінше осы екі амалдың жұмыс әдістемесі де екі түрлі.

Зерттеулерге қарағанда, біздің дәуірімізге дейін 59 жылы газеттің алғашқы нұсқасы Римде пайда болған. ЦЕЗАРЬДЫҢ бұйрығымен топырақты тақтада "Сенат пен Рим халқының күнделікті хаттамасы" ("Acta diurna senatus ас populi") басылып шығып тұрған. Кейін ақпарат таратудың осы амалы екіге бөлінеді. Атап айтқанда "Acta senatus" жиындардағы, сенаттағы жаңалықтардан хабар берсе, базарлар мен алаңдарда ілінетін "Acta diurna populi romani"-да қаланың күнделікті жаңалықтары басылып тұрған. Бұл "газеттерден" көшірме таралғандықтан сол тұстың өзінде тираждың жолға қойылғанын аңғаруға болады. "Acta diurna" үшін мәлімет жинайтын адамдарды ол дәуірде "диурналист" дейді екен. Міне "журналист" сөзінің түбірі осыдан шыққан.

Ал біздің тарихшылар жалпы қазақ даласында журналистиканың негізі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қаланғанын айтады. "Түркістан уәлаятының газеті", "Дала уәлаятының газеті", "Киргизская степная газета", "Қазақстан" газеті, "Айқап" журналы, "Серке" газеті... Жалпыұлттық сипат пен сұранысқа ие болған "Қазақ" газеті жарыққа шыққанға дейін аталған басылымның барлығы бірде үкімет қысымымен, бірде қаржы тапшылығынан жабылып жатты. "Қазақ журналистикасының атасы" атанған Мұхаметжан СЕРАЛИНДЕР де сол тұста еңбек еткенін атап өту керек.

Читайте также
Последнее прибежище патриота

ХХ ғасырдың басындағы басылымдардың ішінде Алаш зиялылары шығарған ұлттық идеяның шырақшысы, азаттық рухының қоңырауы атанған "Қазақ" газетінің шоқтығы биік. 1905 жылғы "Қарқаралы петициясында" қойған талаптардың бірі (петицияның 3 тарауы) - "қазақ тілінде газеттер басып шығару қажеттігі" болатын. Алаш азаматтарының мақсаты орындалып, 1913-1918 жылдары "Қазақ" газетінің 265 нөмірі жарыққа шықты. Кейбір мәліметтерге қарағанда, "Қазақ" газетінің таралымы алғашында 3 мың дана болса, кейіннен ол 8 мың данаға жетіп, ұлттық миссияны орындауға өлшеусіз еңбек сіңірді. Газет тарихы туралы толығырақ "ҚазАқпараттың" былтыр жарияланған зерттеуінен танысуға болады.

Совет дәуіріндегі қазақ журналистикасының идеологиялық шеңберден шыға алмағаны белгілі. Бұл ретте ғалым Кәкен ҚАМЗИННІҢ пікірі құнды. "Абай.кз" сайтында жарияланған мақалаларының бірінде ғалым "Кешегі моноидеология заманында қазақ журналистикасы да дүрмекке ілесе шауып, билеуші режимнің қызметшісі күнін кешті. Бірақ қызмет ету құлшылық ету, бұдырсыз бас ұру, табансыз табыну дегенді білдірмейді. Ол белгілі бір дәрежеде зиялы қауым мен саяси топ-менеджерлер арасындағы "қоғамдық келісім" болатын. Кеңестік кезеңнің өзінде күн тәртібіне өткір мәдени, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық проблемалар қоя білетін озық үлгідегі журналистика мен өжет қаламгерлер күн кешкені әмбеге аян" дейді.

Читайте также
«Антикорпикчерз» представляет

Тәуелсіз Қазақстан тарихына келер болсақ, елімізде 1991 жылдың 28 маусымында Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң қабылданғанын атап өту керек. Бұл заң ел ішіндегі тілшілер қауымының жұмысына тың серпін беріп, баспасөз саласында мемлекеттік БАҚ-пен қатар, жекеменшік басылымдар пайда бола бастаған кез.

Ал 2011 жылдан былтырға дейін аталып өткен журналистер күнін белгілеу алдында тілшілер қауымының арасында біршама пікірталас туындаған. Бір топ қазақ даласында сонау бір ғасырдан астам уақыт бұрын мамыр айында жарық көрген "Түркістан уәлаяты" газетінің шығу төркіні құрметіне орай, тілшілер мерекесін мамыр айында белгілеуді сұраса, енді бірі журналистер күнін "Қазақ" газетінің тарихына икемдеуді ұсынған. 2011 жылы шыққан Тұңғыш Президенттің №164 Жарлығы бұл пікірталастардың бәріне нүкте қойса, 2019 жылы Үкіметтің тиісті Қаулысы жарияланып, 28 маусым күні Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі аталып өтетін болды. Оның алдында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде Үкіметке тапсырма берген болатын.

Читайте также
Уволить журналиста Перхальского и выплатить 20 миллионов тенге

Әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты қазіргі таңда журналистердің жұмысына да бірқатар өзгеріс енгізіліп жатыр. Баспасөз мәслихаттарының көбі бүгінгі күні онлайн режимге өткендіктен, газет пен интернет журналистика саласындағы тілшілердің көбі қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшіп кеткен. Әйтсе де ТЖ режимі кезінде де журналистердің біршамасы, әсіресе телевизия саласындағы мамандардың медициналық және әскери қызметкерлермен иық тіресе, халыққа ақпарат таратқаны мәлім.

Бүгінгі мерекеге орай еліміздегі тілшілер қауымын президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Асқар МАМИН, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида БАЛАЕВА құттықтап, Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтарды беру туралы Жарлыққа қол қойды. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды тапсырды. 

Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
На какие уступки может пойти Киев: интервью с экспертом Максимом Крамаренко
Аналитик о скандале вокруг нового мирного плана, реакции Киева и вероятных сценариях для Украины
ЕАЭС в поисках новой динамики
Десять лет ЕАЭС: работающие механизмы и нерешенные вопросы
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента