Мотивация мен мағына жоқ
Қазақстанда әскерге бару міндетін алып тастау туралы петиция жарияланды, деп хабарлайды massaget.kz.
Петиция epetition.kz сайтында жарияланды. Автор петицияны Қорғаныс министрлігіне жолдаған.
Петиция авторлары құжатты дайындауға соңғы кездері сарбаздарға қатысты болып жатқан жайттар себеп болғанын айтқан.
Олар әскерге бару міндетін алып тастауға бірнеше себеп барын айтады.
- Әлімжеттік және жарғыға сай емес әрекеттер;
- Шақырылған сарбаздардың біліктілігінің төмендігі және қазіргі заманғы сын-қатерлерге дайын еместігі;
- Медициналық бақылаудың және қауіпсіздіктің жеткіліксіздігі;
- Психологиялық қысым және суицид жағдайлары;
- Әскерге шақырылушыларға қызмет етудің жеке мотивациясы мен мағынасының болмауы.
8 қыркүйекте Ақтау гарнизонындағы 25744 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметші мерт болды. Ресми дерек бойынша командир сарбаздың бетіне оқ атып жіберген.
Іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Ш-Х. ЖАЗЫҚБАЕВТЫҢ басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде.
Қорғаныс министрлігі кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Фото: Ⓒ Ratel.kz / Айдын Олжаев.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!