Ақтөбелік ауыл тұрғындары 40 мың шошқа өсіретін ферманың жабылуын талап етуде

2264 просмотров
0
Ратель
Пятница, 20 Ноя 2020, 11:15

Бұқараның айтуынша, күн сайын 280 жануарды етке өткізу үшін бауыздайды. Ал оның зардабы ұшан-теңіз

Ақтөбе облысының тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етеді. Айтуларынша, ауыл маңындағы шаруашылықтың доңыздары халықты әбден мезі еткен. Айнала тезекке толған. Ал қолқаны қабатын жағымсыз иіс қар жауса да басылмай тұр, деп хабарлайды Аstanatv.kz.

Ол аздай, талпақ танаудың ішек-қарындары көмілген жерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Әлеуметтік желі арқылы да араша сұраған ауыл тұрғындары шошқа қалдықтарының 900 шаршы метр аумақты алып жатқанын айтады.

Читайте также
Келесі жылы қазақстандықтарға 42 500 теңге төлене ме - министр жауабы

"Шыдамның да шегі бар" деген Бастамақ ауылының екі жүзге жуық тұрғыны 12 жылдан бері жанайқайға құлақ асар жан таппағандарына ашулы. Кәсіпкер әу-баста бұл жерге түйеқұс өсіремін деп рұқсат алған көрінеді.

"Түйеқұс ұстаймыз деді. Оның аяғы не болып кетті. Бір емес, екі емес 26 баз бар. Бір базда мыңдаған шошқа бар. Соның нәжісін әкеп төккенде мына Бестамақ қана емес Бесқопа, Қарағашқа дейін, тіпті Алғаға да иісі жетеді. Тыныс алу мүмкін емес", – дейді ауыл тұрғыны Ерболат Кенетаев.

Ауылдасының сөзін қоштаған Гүлнәр Айтжанова да су мен ауа ластанғандықтан терезе ашып, кір жая алмай жүргенін алға тартты.

Бұқараның айтуынша 40 мың шошқа өсіретін үлкен ферма, күн сайын 280 жануарды етке өткізу үшін бауыздайды. Ал оның зардабы ұшан-теңіз.  

"Мешіт, медресеміз бар. Жабу керек. Қалдықтары мен боқтығын суға құйып жатыр. Балықтың бәрі қырылды. Суды мал да, адам да ішіп отыр", – дейді тағы бір ауыл тұрғыны Мақсат Жолдыбаев.

Басы дауға қалған кәсіпкер соңғы кезде қалдықтарды жерге көміп жүргендерін мойындады. Соңғы 20 күнде алты мың тоннадай өндірістік қалдықты көмген.  

"Бізде экструдерлер сынып қалып, содан өткір содамен араластырып, көміп тастады. Жиырма күн болды", – деді шаруашылықтың атқарушы директоры Нұрым Құмаров.

Аудан әкімі бұл жағдайдан хабардар екен. Ол арнайы комиссия құрып, тексеріс жүргізетінін атап өтті.

"Біраз кемшіліктер анықталды. Арнайы келген комиссия тексереді. Соның қорытындысы бойынша іс сотқа беріледі. Соттың шешімімен ғана мекемені тоқтатуға болады", – дейді Алға ауданының әкімі Мамырғалы Аққағазов.

Шошқа фермасы жабыла ма, жабылмай ма ол жағы әзір белгісіз. Ал тұрғындар ферманың көзін жою үшін аянып қалмаймыз деп отыр.

Информация: Sputnik.

Иллюстративное фото из открытых источников.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай