Үшаралдан Достыққа дейінгі аралықта автобустар мен жүк көліктері тегін жүре алмайды
Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті "Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық автомобиль жолын ақылы негізде ортақ пайдалану туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады kolesa.kz.
Құжатқа сәйкес трассаның 180 шақырымында мына көлік түрлерінен ақша сұралады:
- орын саны 16-дан аспайтын автобус пен жүк көтергіштігі 2.5 тоннаға дейінгі жүк көлігі – 1240 теңге;
- орын саны 32-ден аспайтын автобус пен жүк көтергіштігі 5.5 тоннаға дейінгі жүк көлігі – 2500 теңге;
- орын саны 32-ден артық автобус пен жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көлігі – 3740 теңге;
- 10 тоннадан 15 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көлігі – 5010 теңге;
- тіркемесі барын қоса алғанда, 15 тоннадан артық жүк көтеретін жүк көлігі, ершікті тартқыш – 6250 теңге.
Жеңіл машиналар тегін жүреді.
Ал жолға іргелес жатқан елді мекен тұрғындары 3692-18 460 теңге төлеп ай сайынғы, 44 304-221 520 теңгеге жылдық абонемент ала алады.
Фото: "ҚазАвтоЖол".
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!