Аягөздегі офицер өлерінің алдында бастығына 213 мың теңге аударған

2281 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 23 Сен 2024, 15:00

Марқұмның анасы Ботакөз Ысқақова ұлымен соңғы рет сөйлескенде не дегенін айтып берді

Анасының сөзінше, Аягөздегі гарнизонында “суицид жасады” деген 26 жастағы офицер Нұрсұлтан АЛДАМҰРАТОВ өлерінің алдында бастағының шотына 213 мың теңге аударған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Читайте также
Путин барда Ресей ешқашан дамымайды – саясаттанушы

“Балам маған 15 қыркүйекте 213 мың теңге ақша аударып жіберді. Біраз уақыттан кейін балам қайтадан телефон шалып, “Жаңағы ақшаны қайтадан жіберіңізші, мен бастыққа жіберем деп сізге аударып қойыппын”, деді. Сосын мен ақшаны қайтадан балама жібердім. Сол кезде көңіліме күдік ұялады. Балама өзім қайта хабарластым да, “ол ақшаны неге бастығыңа бересің?” дедім. Ол: “Ертең саған “подъемный” түссе, сен көп ақша алдың деп әркім ақша сұрауы мүмкін, сондықтан маған ақшаңды аударып қой деді бастық”, - деді Нұрсұлтан”, - дейді Ботакөз ЫСҚАҚОВА.

Анасы ұлына “бастығыңа ақшаны берме, ертең қайта сұрап жүресің бе” дегенде, марқұм жігіт “өзім де соны ойлап отырмын” деп жауап берген.

Ботакөз Ысқақова Нұрсұлтанның өліміне сол ақша себеп болды ма деп ойлайды.

“Осы ақша үшін менің баламды жамандыққа қиды ма деп ойлап отырмын. Бастығының аты - Нұржан НҰРҚАБАЕВ”, - деді ол.

Анасы ұлының өз-өзін өлтірді дегенге сенбейді. “Жұмысына адал, жамандыққа бармайтын, өз өмірін қия салатын бала емес еді” дейді Ботакөз Ысқақова.

Еске салайық, өткен жұмада Аягөз гарнизонында офицер кенеттен көз жұмды. Алдын-ала болжам бойынша, ол суицид жасаған. Қорғаныс министрлігі марқұмның қаржылық қызметте лауазым атқарғанын айтты.

Әскеридің өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Фото: azattyq-ruhy.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай