Мал бордақылауға субсидия алынып тасталды

8880 просмотров
0
АЙНУР ТУНГЫШБАЕВА
Четверг, 06 Фев 2020, 13:40

Еттің қымбаттағанының көкесі енді болайын деп тұр

Ауыл шаруашылығы министрлігінен мына хат келгелі мал шаруашылығымен айналысып отырған азаматтардан маза қашты. Онда "әлеуметтік маңызы бар тауарларға арналған субсидияларды, яғни бұқашықтарды бордақылау, тағамдық жұмыртқа, қозы еті, жүн, бие, түйе сүтін алып тастау жоспарлануда" делінген. Бұл ұсыныс хат ретінде келген. Бірақ, сөздің шыны керек, орындалуы талап етіліп отыр.

Читайте также
Родственники чиновников не остались без земли

– Амал жоқ, орындадық, - деді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Арыстанбек ОМАРОВ.

Былтыр жыл аяғында осы мәселенің шеті шыққан-ды. Сол сәттен-ақ сырбойылық шаруашылық иелері қарсылығын білдіріп, әкімдікке келген-ді.

Соған сәйкес, облыс әкімінің орынбасары жағдайды баяндап, Ауыл шаруашылығы министрілігіне хат та жолдаған-ды. Алайда ведомство айтқан бетінен қайтпайтынын ашық білдірді. Осылайша ақпанның 5-інен бастап жергілікті әкімдік мал борадақылау, тағамдық жұмыртқа мен түйе, бие сүтіне субсидия бөлінбейтіні туралы қаулы қабылдауға мәжбүр болды.

Облыста жалпы мал шаруашылығы бойынша 1200 шаруашылық субсидия алады. Оның ішінде мал бордақылаумен 3 шаруашылық айналысады. Соның ең ірісі – "Сыр маржаны" ЖШС. Былтыр бұл шаруашылық 45 млн теңге субсидия алды.

Осы санатта Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қыркеңсе ауылының "Бекарыс агрофуд" шаруашылығының төрағасы, жас кәсіпкер Серік МЫРЗАБАЕВ та биыл субсидиядан үмітті еді. 80 миллион теңгедей қаражат жұмсап, бүкіл инфрақұрылымын жасақтап (жолын, жарығын, суын), техникасын, жем-шөбін даярлап, мал сою алаңын салып, 600-ден астам бұқашықты бордақылап, шаруашылықтың ісін ілгерілеткен сәтте, "биылдан бастап бұл мақсатқа субсидия бөлінбейді" деген ережені естіп, есеңгіреп қалды. Осы кәсіпті бастасам ба деп жүргендер мына жаңалықтан кейін тіпті шегіншектеп кетті.

Читайте также
Молокозавод в ВКО могут закрыть из-за выбросов в атмосферу

Біз аталған жәйтқа қатысты облыстық кәсіпкерлер палатасы нендей мәлімет біледі екен деген оймен жауапты өкілдеріне жолыққан едік. Жергілікті палата шаруалар үшін жағымсыз жаңалықтан хабардар. Әкімдік, ауыл шаруашылығы басқармасы, ұлттық кәсіпкерлік палатасымен де пікірлесіп үлгеріпті.

- Ауыл шаруашылығы министрлігі заңды түрде әлі күшін жоймаған ереженің кей бағыттарын ешқандай да заңды құжат шығармай алып тастап отыр, - деді бізге берген сұхбатында облыстық кәсіпкерлік палатасы агроөнеркәсіптік кешені бөлімінің басшысы Жасұлан СЕРІКОВ. – Министрліктің позициясын телефон арқылы білдік. Ведомство облыстық әкімдіктерге аталған бағыттарға қаралған субсидияны қолданыста бар ережеден алып тастауға ұсыныс беріп отыр.

Бөлім басшысы Ж.Серіков кәсіпкерлер палатасы бұл шешімге қарсы екендігін білдірді. Облыстық бюджетте дәл осы мақсатқа қаралған 60 млн теңге қаражат бар екен. Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми түрде аталған бағыттарға субсидия бөлуді тоқтатса, әлгі қаражат кері қайтарылады, болмаса басқа бағытқа жұмсалуы да мүмкін деген пікірді ол.

- Қаражат кері қайтарлмайды, басқа салаға бағытталады, мәселен, омарташылыққа, яки бал арасын өсірумен айналысатындарға берілуі әбден мүмкін, - деді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Арыстанбек Омаров.

Айтпақшы,жоғарыда аталған "Сыр маржаны" ЖШС облыста 3-4 жерден әлеуметтік дүкен ашып, еттібазар бағамынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатып келген-ді. Енді субсидия тоқтады, бұл шаруашылық әлгі әлеуметтік дүкендерін жабуы әбден мүмкін.

Фото: © Sputnik / Александр Кондратюк.

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Чей председатель? Как строительные недоделки становятся расходами жильцов
Адвокат Асқат Сулубек — о зависимости управления домом от застройщика, гарантиях и цене молчания о дефектах новостроек.
Шынайы құрмет пен жасанды «көкірек»
Аз ғана билікке қолы жетсе, эмпатиядан жұрдай болып, «көкірегін» қағатын адамдардың психологиялық сыры
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Как меняется рождаемость в Казахстане
За девять месяцев 2026 года число зарегистрированных рождений снизилось на 8,95%, при этом естественный прирост населения остается положительным
Казахстан между модернизацией и новым этапом развития
Политолог Равшан Назаров — о суверенитете, инфраструктурной модернизации, искусственном интеллекте и значении казахстанских реформ для Центральной Азии
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
Коррупционное преступление или инсценировка: что выясняется в суде Балхаша
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Токаев повышает ставки: великая перезагрузка власти и капитала в эпоху мирового раскола
Послание 2026 о новом этапе реформ, едином центре инвестиционной политики, цифровой экономике и новой цене казахстанского суверенитета
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай