Бір айда 1000 материал дайындайтын “алғыр” редакция

5535 просмотров
0
Бэлла Орынбетова Ғалымжан Оразымбет
Суббота, 27 Мар 2021, 16:30

Түркістан облысында мемлекеттік саясатты насихаттауға жұмсалатын қаржы қалай игеріледі

"Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі 2021 жылғы үш айда (5 Қаңтар 25 наурыз аралығында) 775051175 теңгеге шарт жасаған, оның 90%, яғни 697 482 662 теңгесі мемлекеттік саясатты насихаттауға (пропагандаға) бағытталған. Осы насихаттың өзі қалай жүзеге асырылады, оның қызығын кім көретініне тоқталайық.

Бір тендердің жеті қыры

Читайте также
БЖЗҚ-дан ақшаны мерзімінен бұрын алуға қанша уақыт кетеді

 "Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі ЖК “Жандаров М. С”-мен 2021 жылдың 25 ақпанында келісім-шарт жасаған. Қызмет құны – 6,9 млн теңге.

Келісім-шарт тақырыбы – "Рухани Жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалалар бойынша облыстағы позитивті мақалаларды жариялау, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы, Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасы бойынша позитивті материалдарды жариялау.

Сатып алу ашық конкурс тәсілімен өткен. Конкурсқа екі заңды тұлға қатысқан. Олар - ЖК “Жандаров” және ЖК "Қамытбек".

Техникалық сипаттама бойынша өнім беруші мынадай талаптарға сай болуы керек:

- газет аптасына 1 реттен кем емес жиілікпен, 12 беттен кем болмайтын көлемде, А3 форматта шығуы керек;

- бір реттік таралымы 10 000 данадан кем емес;

- баспахананың 2021 жылғы анықтамасын тіркеуі керек;

- ақпараттық порталда 100 материал жариялау керек. Әр материал көлемі 120 сөзден кем емес;

- сайттың әлеуметтік желілердегі жазылушыларының жиынтық саны 50 000-нан кем емес;

- орындалатын жұмыстың жалпы көлемі – 30000 шаршы см.

Біз ашық дереккөздерден ЖК “Жандаровтың” осы талаптарға сай ресурстарын таппадық. Есесіне техникалық сипаттама талаптарын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу порталында жүктелген құжаттар арасынан басқа газет, сайттармен келісімдерді көруге болады. Мысалы: 11 ақпан күні «Рейтинг Media» ЖШС-мен «Рейтинг» газеті мен  Qazreiting сайтында ақпарат жариялау туралы келісім жасаған. Ал 1 ақпан күні ЖК «Қамытбек Н.Б»-мен Oinet және Infomediа сайттарында ақпарат жариялау туралы келісім жасайды. Яғни, бұл ресурстардың ешқайсы Өнім беруші ЖК “Жандаровқа” тиесілі емес. Талапқа сәйкестік өзге ұйымдармен келісім-шарт жасау, жалға алу арқылы жасалған. Тағы бір назар аударатын жағдай, бұл конкурсты ЖК Жандаровтың ұтуына “жәрдемдескен” Оinet және infomedia сайттары ЖК «Қамытбек Н. Б»-ге тиесілі. Ал ол ЖК “Жандаровтың” осы конкурстағы жалғыз бәсекелесі. Яғни, ЖК «Қамытбек Н. Б» осы келісім-шарттар арқылы өзінің жалғыз бәсекелесінің жеңісіне үлес қосып отыр.

Читайте также
Әнші Қайрат Нұртасқа карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл салынды

5 ақпан күні  "Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" ақпаратты тарату қызметіне №5409805-1 лот жариялайды. Техникалық сипаттама талаптары бойынша мерзімді басылым ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігі бар, айына 1 рет жиілікпен шығатын, таралымы 2000 данадан кем емес, көлемі 100 беттен кем емес журналда мемлекеттік бағдарламалар, мемлекет басшысының жолдауының орындалу, Түркістан облысының дамуы туралы позитив материалдар жариялануы тиіс,  жарияланатын мақалалардың жалпы көлемі - 17 000 шар.см, сонымен қоса 3 ақпараттық порталда 20 имидждік материал жариялануы шарт, әр материал көлемі 120 сөзден кем емес, осы мақалалар жарияланатын сайттардың бірінің әлеуметтік желідегі парақшасы жазылушыларының жиынтық саны  50 мың болуы қажет. Техникалық сипаттамаға қарап, бұл лотты жеңу мүмкін емес сияқты көрінер. Алайда, қолында не ай сайын шығып тұратын 100 беттік журналы жоқ, не парақшасында 50 мың жазылушысы жоқ ұйым ұтып алады. Ол ұйым - ЖК “Жандаров”.  Иә, бізге алдыңғы сатып алудан таныс кәсіпкер. Бұл жерде де бұрынғы тәсілдерді көреміз: өзінде жоқ, бірақ техникалық сипаттама талап етіп отырған шарттарға басқалармен келісіп қол жеткізу. Ал ЖК “Жандаровтың” медициналық тақырыптағы diagnews сайты бар. Бірақ бұл жолы көмекке келгендерге ЖК “Қасымбекова М. К.” қосылған. Ескі таныстармен бірге бізге қызығы да осы кәсіпкер. Келісім-шарт бойынша ЖК “Қасымбекова М. К.” техникалық сипаттама талап еткен журнал қызметін беруі керек. Журналдың атауы “Тұран-Түркістан”. Алайда, бұл журналды мерзімді басылым ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендер тізідемесінен таппадық. Тізімдемеден бөлек, басқа да ақапарат көздерінен осы атаумен ешқандай журнал табылмады. Мұндай басылым тендер алушылардың қиялында ғана болса да таң қалмаймыз. Ендеше тендер талаптары қалай орындалатыны, ал тапсырыс беруші есепті қалай қабылдайтыны қызық.

Бір техсипаттама, бір компания, бір есеп

ЖК “DAMIRA”  2020 жылғы 30 шілдеде "Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесімен “Әлеуметтік желідегі БАҚ-ның сабақтастығы мен мониторингіне” шарт жасайды. Шарттың сомасы 15 млн теңге. Сатып алу тәсілі - тікелей бір көзден келісім шарт жасау. Орындалатын жұмыстың жалпы

Читайте также
"Бөлшектеп тастаған": Алматыдағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы белгілі болды

1000 материал. Шартты орындау мерзімі 5 ай, яғни 2020 жылдың 21 желтоқсанында аяқталады. 

Дәл осы ЖК “DAMIRA” 2021 жылғы 26 қаңтарда “Облыстық әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мәселелерін жария ету, республикалық жетістіктерін насихаттау және преспективаларын түсіндіру бағытында материалдар жариялауға” тағы да 15 млн теңгеге шарт жасайды. Сатып алу тәсілі дәл сондай. Атауы басқа болғанымен техникалық сипаттамасының мәтіні дәл былтырғыдай. Тек әлеуметтік желіні нақтылап facebook-тегі 10 топта күнделікті кемінде 2 материал жариялау деп нақтылаған және ақпараттық агенттікте кемінде 3 журналистің орнына 2  журналисті қалдырған, материалдар үш тілде жариялануға тиіс деген тармақты алып тастаған. Орындалатын жұмыстың жалпы көлемі баяғыдай 1000 материал. Ал орындалу мерзімі небәрі 2 ай. Яғни 4 наурыз күні шарттың орындалуы туралы есеп өткізілген.

Ең қызығы (сорақысы деп ұғыңыз) дәл осы ЖК “DAMIRA” биыл 5 ақпан күні “Әлеуметтік желідегі таргетинг пен БАҚ-ның сабақтастығы мен мониторингіне 23 млн теңгеге және бір шарт жасайды. Шарттың техникалық сипаттамасының мәтіні 2020 жылы жасалған шарт мәтінімен 100% сәйкес. Тіпті “Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарды және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы позитивті материалдарды әлеуметтік желілерде таргетинг (2020 жыл соңына дейін)” деген жолдарында жылы да өзгертілмеген. Неге бірдей қызметке төленетін ақының бір жылда 65% өскені түсініксіз.

Бірнеше айда 1000 материал жариялауды талап ететін дәл осы техникалық сипаттама (еш редакциясыз) басқа да шарттарда кездеседі. Мәселен, ЖК “Дүйсенбай Абылай” биыл 25 және 26 қаңтарда  17 млн теңгеге және 15 млн теңгеге шарт жасайды. Шарт атаулары әртүрлі бірі “БАҚ-ның қоғаммен тиімді коммуникациялары”, екіншісі  “Президенттің саясатын жүзеге асыру мақсатында облыс көлеміндегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерін насихаттау бойынша позитивті материалдардың жариялануын қамтамасыз ету” деп аталады. Мемлекеттік сатып алу порталында 2021-01-26 және 2021-02-05 тіркелген, келісімшарт номері № 190840005402/210021/00 және №190840005402/210015/00. Екі шарт, алайда техникалық сипаттамасы бірдей (сәйкестік 100%). Шарттың талаптары бойынша  Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарды және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы позитивті 1000 материал жариялануы қажет. Иә, жоғарыда айтқан ЖК “DAMIRA” шартының техникалық сипаттамасы бұл. Енді бір жарым ай ішінде 1000 материал қалай және қайда жарияланғанына көз салайық. Жұмыстың орындалуы туралы есепті ашсақ, бұл материалдар бір айға жеткізбей жазылғанын байқаймыз. Яғни есепте жұмыстар 18.01.2021 – 15.02.2021 аралығында атқарылғаны көрсетіледі. Бірден ескертіп қояйын, атауы екі бөлек, сомасы екі бөлек екі шарттың есебі бір (мәтін сәйкестігі 100%). Байқаусызда екі шартқа бір файлды жүктеп қойған болар дерсіз. Мемлекеттік сатып алу порталында жүктелген, лауазымды тұлғалар қой қойып, ақшасын аударуға негіз болған есеп файлының атауы екі түрлі. Есептің бірінші бетіндегі орындалған жұмыстар актісі бланкіндегі сомалары, датасы әртүрлі. Ешқандай техникалық қате емес.

Читайте также
Алматылықтарға сауда үйлері мен базарларда вакцинация жасалады

Сонымен екі аптаның ішінде 1000 материал қалай жазылған деп сұрарсыз? Техникалық сипаттамаға сәйкес үш адамнан тұратын редакция басқа мәселелерді елемей, тек Түркістан облысының дамуы туралы позитив материалдар ғана жариялағанның өзінде күніне кемі 71 мақала жазуы қажет.  Осы мақалалардың мазмұнына, сапасына назар аударайық. Есептің ең бірінші тармағында “Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді” тақырыбымен efenday.kz сайтында жарияланған мақалаға сілтеме беріледі. Мақала 18 қаңтар күні жарияланған. Дәл сол мақала тақырыбы мен сөйлемінің бір әріпі өзгертілмеген күйде 15 қаңтар күні «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі сайтында жарияланған. efenday.kz сайтының плагиаты туралы бөлек әңгіме, себебі бұл сайттың иесі ЖК “Дүйсенбай Абылай” емес, домен Қамбар Хамитұлы есімді азаматқа тиесілі. Контенттің орыс тіліне аудармасының өзін есептегенде  материалды мыңға жеткізу оңайға соқпайды. Сөйтіп есепте жаңа сайт пайда болады. Танысып қойыңыз otau.info! Түркістан облысында жөнделген 1500 шақырым жолды ұмытпаған шығарсыз? Otau.info сайтында да дәл сол материал еш өзгеріссіз жарияланған. Барымта болған материалдың орысша көшірмесі де 1000 материал есебіне кіріп тұр. Бірақ мұнымен де материал мыңға толмайды. Осылайша есепте тағы бір сайт пайда болады - otaumedia.kz. Түркістан облысының  1500 шақырым жолы туралы мақала “мұрты бұзылмаған” күйі бұл сайтта да тұр. Түсініп тұрсыз ба, бұл уникал контент емес, плагиат материалды үш сайтқа көшіріп басқан материалдар үшін неліктен 15 000 000 және 17 000 000 теңге алуы керек?  "Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мұны білмей отыр дегенге сену мүмкін емес. 

Біз бір ғана Түркістан облысында осы жылдың үш айында өткен сатып алуларға ғана сараптама жасадық. Солардың бірнешеуінің мысалында пропаганда қандай сапада, сипатта жүзеге асып жатқанын көрсеткіміз келді. Алдағы уақытта бюджетті игерудің басқа да “қырлары” туралы жазамыз.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




журналист
Марафондарыңды… Сендер айдалаға барып жүгіріңдерші. Көше жауып, пробка жасамай.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
От публикации на Ratel.kz до отказа от закупки георгиевских лент ко Дню Победы прошло всего несколько часов
Как научить отечественных чиновников отличать казахстанский патриотизм от российского
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Ходоки из Сеула у министра энергетики
Корейцы первыми пожаловались на дешёвую нефть для казахстанских заводов
Штрихи к портрету экономики Казахстана
Количественные характеристики
AMERICA IS BACK
США переходят от модели глобального одностороннего доминирования и мирового шерифа к знакомой парадигме самодостаточного лидера
Подгорное: чем ныне живёт старый казачий выселок, откуда уехали русские
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Гендерное неравенство в городских названиях
Пища для размышлений
Как замруководителя ДЭР СКО давил на присяжных, а дело возбудили на другого
Департамент собственной безопасности АФМ сообщил борцам с коррупцией, что расследует дело по факту давления на присяжных, указав при этом номер совсем другого дела
Казахстанская энергетика: перезимовали… Что дальше
В южных регионах Казахстана уже в первой половине апреля отключили отопление
За что актюбинский нотариус набросился на юриста
Причиной могла стать денежная клиентка
Медики ВКО прогнозируют ухудшение здоровья населения из-за грядущего повышения налоговых ставок
По их подсчётам, цены на услуги поликлиник вырастут на 30-40 процентов
Стройка BI Group в центре Караганды: при чём тут Дарига Назарбаева
Жители города продолжают выступать против застройки участка возле парка
В СКО 99-летнего ветерана войны нашли на улице с серьёзными переломами
Василий Макиенко был доставлен машиной скорой помощи в многопрофильную больницу Петропавловска
Почему упали таможенные поступления на границе с Китаем
Как фискалы объясняют расхождения в зеркальной статистике с данными коллег из Поднебесной
Алматинка 14 лет назад взяла более 300 млн в банке и сейчас должна столько же, несмотря на продажу дорогостоящего имущества. Часть 2
Ужасающая и нескончаемая история банковского рейдерства
Как охранники разворовывали "АрселорМиттал Темиртау"
В 2016 году члены банды вахтёров расстреляли шахтёров в Степногорске
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.