АШМ құрылымдық бөлімшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жүр
Су басу өңірлерінде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 60,0 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Оның ішінде:
- Ақмола облысы – 18,8 мың бас,
- Қостанай облысы – 12,9 мың бас,
- Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан астам,
- БҚО – 4,5 мың бас,
- Қарағанды облысы – 1,5 мың бас.
Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан мал өлімі орын алды, жедел деректер бойынша республиканың жеті өңірінде саны 5 711 басты құрады, оның ішінде ІҚМ – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары.
"Республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп шығын болған жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар. Қазірге дейін 1013 бас, соның ішінде ІҚМ -133, ҰМ – 809 және жылқы – 64 өртеліп жойылды", делінеді хабарламада.
Фото: gov.kz
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР