Жандарбек Бекшин Алматыда карантиннің күшейтілуін түсіндірді

2460 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 21 Июн 2020, 10:00

Соңғы екі аптада қалада науқастар саны екі есе артты

Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек БЕКШИН енгізілген қосымша шаралардың қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3292 оқиғасы тіркелді. Ал соңғы екі аптада қалада науқастар саны екі есе артты. Осыған орай, қосымша карантиндік шаралар қабылданды.

Читайте также
Алматы облысында мемлекетке 28 миллион теңге қарызы бар адам ұсталды

"Коронавирусты жұқтырудың негізгі орындары адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық көліктер екені жасырын емес. Ол жерлерде адамнан адамға тығыз қарым-қатынас жолымен жұғады және одан іс жүзінде қашып құтылу мүмкін емес. Міне, сол себепті осы демалыс күндері қоғамдық орындарға баруға шектеу қою және сол жерлерде жаппай дезинфекция жүргізу шешімі қабылданды. Дезинфекция – коронавирусты алдын алудың негізі болып табылатынын және осы ұғымға жеке гигиенаны сақтау, қолды жиі жуу, үйде дезинфекциялық құралдардың көмегімен ылғалды тазалық жүргізу және бөлмелерді желдетіп отыру сынды талаптар енеді", - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Ол сонымен бірге, осыған дейін енгізілген шектеу шаралары сақталатынын атап өтті.

Еске салайық, аурудың алдын алудың келесі шараларын жалғастыру қажет:

- көшеден келгеннен кейін, адамдармен байланыс жасағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

- амандасу кезінде құшақтасып, қол алыспау;

- қоғамдық орындарда бірреттік медициналық маскаларды әрбір 2-3 сағат сайын ауыстыру;

- қоғамдық орындарға барудан аулақ болу (СОО, спорттық және ойын-сауықтық шаралар, қарбалас кезде қоғамдық көліктерге мінбеу);

- коронавирус белгілері бар адамдармен бір бөлмеде қалудан және жақын байланыс жасаудан аулақ болу;

- қолмен ұстаған гаджеттерді, оргтехниканы және кез келген заттың үстіңгі бетін дезинфекциялау.

Читайте также
Маңғыстауда жаңа босанған ана сәбиін сатып жіберген

COVID-19-ға күдіктенген жағдайда дереу оқшауланып, маска тағып, оны әрбір үш сағат сайын ауыстыру керек. Жағдайы нашарлап, дене қызуы көтерілсе емханаға хабарласып, өзінің жағдайы мен шағымдары туралы айтып, дәрігерлердің нұсқаулығын қатаң ұстану қажет. Сонымен бірге адамдармен байланысты азайту керек. Әсіресе жұқтыру белгілері болса, жөтеліп, түшкірген кезде ауызды жабу үшін бірреттік салфеткаларды пайдаланған жөн. Бөлмеде ылғалды тазалықты дезинфекциялық құралдардың көмегімен жүргізіп, жиі желдетіп отыру керек.

Сұрақтар болған жағдайда Алматы тұрғындары 1406 немесе 1308 номерлері бойынша хабарласа алады (OpenAlmaty).

Осы күндері қалада санитарлық норманы сақтамаған 300-ден астам нысан жабылды. Қосымша шектеу шараларына байланысты полиция қызметкерлері қоғамдық орындарға бақылауды күшейтті. 

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Ледники Центральной Азии потеряли 26 млрд тонн льда в 2025 году
Как сокращение ледников Тянь-Шаня и Памира влияет на водные ресурсы Казахстана и соседних стран
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай