Шаңғы жолымен төмен сырғанап бара жатқан жасөспірім ағашқа соғылып, сол жерде көз жұмған
Зерендідегі тау шаңғысы базасында астаналық 16 жасар жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қаңтардың 2-сінде сағат 17:25-те Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне шаңғы базасының менеджері хабарласып, Садовое ауылынан 10 км қашықтықта шаңғы жолында Астана қаласының 2006 жылғы тұрғыны қайтыс болғандығын айтқан.
"Анықталғандай, жасөспірім ата-анасымен бірге шаңғы базасына демалуға келген. Шаңғы жолымен төмен сырғанап бара жатқан жасөспірім ағашқа соғылып, сол жерде көз жұмған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша ("Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету") сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деді ведомстводан.
Фото: instagram.com/sinegor.kz.