Өзбекстанда туыстар арасындағы некеге тыйым салу ұсынылды

1204 просмотров
0
Ратель
Вторник, 23 Июл 2024, 14:00

2023 жылы туа біткен дерт пен генетикалық ауруы бар балалардың 9,7%-ы жақын туыстардың некесінен туған

Өзбекстанда жақын туыстармен некелесуге тыйым салу ұсынылады. Отбасы және әйелдер істері комитеті "Отбасы кодексіне" осындай өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан АСҚАР. 

Қоғамдық талқылауға шығарған құжатта жазылғандай, Өзбекстанда екінші, үшінші және төртінші дәрежелі туыстық қатынасы бар адамдар арасында некеге тыйым салу қарастырылып отыр. 

Читайте также
Қазақта талақ айту дәстүрі болған ба

2023 жылы туа біткен дерт пен генетикалық ауруы бар балалардың 9,7%-ы жақын туыстардың некесінен туған. 

"Талдауға сәйкес, 2023 жылы туа біткен дерті мен генетикалық ауруы бар балалардың 9,7%-ы жақын туыстардың некесінен туған. 2021 жылы бұл көрсеткіш – 9,1%, 2022 жылы 8,3% болған еді. Бұл ретте ең жоғары көрсеткіштер Сұрхандария (31,6%), Қашқадарияда (26%), Сырдария (13%), Андижан (12%), Самарқан (10,3%) және Бұхара облыстарында (10,1%) байқалып отыр", - делінген құжатта.

Дегенмен медициналық генетикалық тест нәтижесі бойынша неке құруға ниетті жұптар мен олардың болашақ перзенттерінің денсаулығында ықтимал дерттердің болмайтыны туралы дәлелдеме алынса, онда некеге рұқсат етіледі. Бұл орайда заң жобасын әзірлеген кометет Оңтүстік Корея, Ресей, Швейцария, Ұлыбритания, Украина, АҚШ және көршілес елдердің тәжірибесін негізге алған.

Әкесі мен анасының бауырлары, олардың балалары, атасы мен әжесінің бауырлары, олардың балалары және тағы да басқалары екінші, үшінші және төртінші дәрежелі туыс болып саналады.

Айта кетейік, қазір Өзбекстанда ата-анасы бір және бөлек бауырлар мен апалы-сіңлілер арасындағы некеге рұқсат етілмейді.

Фото: Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай