Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды

1405 просмотров
0
Ратель
Среда, 25 Янв 2023, 12:45

Активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарлануда

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, президент Әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшыларының қатысуымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Читайте также
Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: ҚР Ұлттық мұражайы директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Қатысушылар президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге және т. б. бағытталған нормалар қарастырылған.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижелері бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарлануда. Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаған жағдайда, негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады.

Келіп түсетін активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген.

Премьер-министр Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды.

Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Фото: primeminister.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
За прошедшие сутки из снежных заносов спасено и эвакуировано 87 человек