Қымбатшылық қашанға дейін жалғасады – министрдің жауабы

1627 просмотров
0
Ратель
Четверг, 17 Ноя 2022, 12:45

Министр қазіргі қымбатшылық Қазақстанда кейінгі 10-15 жылдан бері болмағанын еске салды

ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне елдегі қымбатшылық қашанға дейін жалғасатыны туралы болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Жолдағы кептеліс, қара түтін, тозған коммуналдық жүйе - Тоқаев Алматының проблемаларын атады

"Кейбір сарапшылар келесі жылы Қазақстанда суперинфляция болатынын айтып жүр? Бұл рас па? Қымбатшылықтың беті қашан қайтады?", - деп сұрады журналист.

Министр қазіргі қымбатшылық Қазақстанда кейінгі 10-15 жылдан бері болмағанын еске салды.

"Айтайын дегенім, биылғы бағаның өсуі, инфляция 18,8 пайыз болып тұр. Бұл соңғы 10-15 жылда болмаған үлкен көрсеткіш. Оны бәріміз түсініп отырмыз. Шет елдерде соңғы 40-50 жылда болмаған нәрсе. Қазір атқарылып жатқан шаралардың қорытындысында осы жылдың соңы, келесі жылдың басында инфляцияның күрт төмендеуі байқалатынына үміт артып отырмыз. Шыңы 20 проценттің айналасында болады. Сосын барып түседі", - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, келер жылдың аяғында инфляция қазіргі деңгейінен екі есе түсуі мүмкін.

"Ендігі жылға бюджетте көрсетілген мөлшерлеме 7,5 пайыз бен 9,5 пайыздың аралығы. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сол көрсеткішке жетсек, мұны үлкен көрсеткіш деп есептеу керек. Себебі сол кезде екі есе төмен түсейін деп тұр ғой", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд