Түркия Temu-ге қарсы тосқауыл тапты

1996 просмотров
0
Ратель
Среда, 09 Апр 2025, 13:00

Салықтық және кедендік шаралар

Соңғы жылдары халықаралық электрондық коммерция қарқынды дамып келеді, және осы трендтің ең айтулы өкілдерінің бірі – Қытайдың Temu платформасы. Ол қолжетімді бағалар мен кең ассортиментімен бүкіл әлемде жылдам тарап барады. 2023 жылдың аяғында Temu өсу қарқыны жағынан Amazon және eBay секілді алыптардан озды. Зерттеулерге сенсек, Temu платформасы Түркия нарығында 2023 жылдың соңында кірген, қазір Түркияда Temu  қолданушыларының саны екі миллионнан асып кетті. Алайда оның экспансиясы жаңа салықтық және кедендік кедергілерге тап болды, бұл шаралар жергілікті өндірушілерді қорғауға және Қытайдан келетін тауарларға тәуелділікті азайтуға бағытталған.

Читайте также
Тайраңдаған Temu Өзбекстанда “таяқ жеді”

Түрік нарығын қорғау: салықтық және кедендік тосқауылдарды арттыру

2024 жылы Түркия трансшекаралық сауда туралы заңнаманы өзгертіп, жаңа салықтық және кедендік ережелер енгізді. Бұл шетелдік тауарларды, соның ішінде Қытай платформаларының өнімдерін импорттау шарттарын айтарлықтай өзгертті. Бұл шаралар тек салықтық өзгерістер емес, елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған күрес.

Ең маңызды қадамдардың бірі – салықсыз тауарларды әкелу шегін төмендету болды. Бұрын салықсыз келетін тауарлардың құны 150 еуро болатын, ал қазір бұл шек 30 еуроға дейін төмендетілді. Бұл шешім Temu сияқты платформалар арқылы сатып алудың құнына бірден әсер етті, енді Қытайдың онлайн алаңынан сатып алынатын әр екінші тауарға салық салынатын болды. Қызығы, 2023 жылы Түркияға пошта арқылы келген тауарлардың 40%-ының бағасы 30 еуродан төмен болды, олар бұрынғы салықсыз лимитке енетін. Енді жағдай өзгерді.

Сонымен қатар, Еуроодаққа кірмейтін елдерден әкелінетін тауарларға салынатын салық ставкасы артты. Бұрын Қытай немесе басқа елдерден келетін тауарларға 18% салық салынса, қазір бұл ставка 30%-ға дейін көтерілді. Кейбір тауар түрлері, мысалы, электроникаға салынатын салықтар 60%-ға дейін өсуі мүмкін.

Шығындарын өтеу үшін Temu өз стратегиясын өзгертуге мәжбүр болды. Платформа Түркия қолданушылары үшін тапсырыстың минималды сомасын 2000 лирадан 670 лираға дейін төмендетті, бұл салықтық өзгерістердің әсерін азайтуға және нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде, тұтынушылар үшін бағаларды төмендетіп, сауданы ынталандырды.

Читайте также
Аузымызды ашып отырғанда “Ассалау” деп Temu келді

Жергілікті өндірушілердің реакциясы

Шетелдік тауарларға салықты арттыруға бағытталған жаңа шараларға жергілікті өндірушілер мен сатушылар, оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері қуанды. Түрік тауар өндірушілері қауымдастығының (TÜKOD) дерегінше, бұл шешім – арзан қытай тауарларымен бәсекелесетін жергілікті өндірушілерге қолдау. 2023 жылы олар қытай импортынан туындаған қиындықтарға жауап ретінде өндірісті арттыра бастады.

Мысалы, киім және текстиль секторында, мұнда түрік өндірушілері бұрыннан арзан қытай тауарларымен бәсекелеседі, жаңа салықтық шаралар үлкен сый болды. Мысалы, бұрын қытай брендтерімен күресіп қиналатын Koton қазір ассортиментін кеңейтіп, жақсы бағамен сапалы өнімдер ұсына алатын болды. Ал түріктер енді сапа үшін төлеу керек екенін түсініп, тек арзан бағалар жолымен жүрудің дұрыс емес екенін көрді.

Ел билігі трансшекаралық сауданы реттеу стратегиясын жетілдіруді жалғастыруда. Бұл шаралардың ұзақ мерзімді перспективада қаншалықты тиімді болатыны әлі белгісіз. Түркияда қытай платформаларының тағдыры қалай болатынын уақыт көрсетеді. Бірақ қазір үкімет жергілікті өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауға дайын екенін анық көрсетуде. Сонымен қатар, жаңа салықтық саясат сатып алушылардың әдеттерін өзгертуі мүмкін және алдағы жылдары жергілікті брендтердің өнімдеріне деген қызығушылық артуы мүмкін.

Фото: Nurphoto / Getty Images.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

президент Республики Казахстан:
- К сожалению, есть недоброжелатели, которые пытаются исказить саму суть принципа «Закон и Порядок», представляя его как инструмент давления. Считаю это нечистоплотным.
Посол Израиля Йоав Быстрицкий о новых проектах с Казахстаном: разговор на творческом вечере Владимира Фридмана
Израильский актёр театра и кино представил в Алматы программу «Про ту и эту жизнь…», а посол рассказал о перспективах сотрудничества двух стран в экономике, медицине и культуре
Когда исчезает знание: что художники Центральной Азии искали в кыргызском Кадамжае
Экспедиция Tamyr Central Asia Art Lab началась с истории почти исчезнувшей профессии и превратилась в исследование памяти, мифа и художественного опыта
От Каспия до алгоритмов: что московский саммит ОДКБ меняет для Казахстана
Расширение повестки ОДКБ ставит перед Астаной прагматичный вопрос - какие механизмы организации реально работают на национальные интересы
Казахский язык в глобальной стратегии средней державы
Как мягкая сила, цифровые технологии и культурное продвижение получают новое место в государственной политике
Чей председатель? Как строительные недоделки становятся расходами жильцов
Адвокат Асқат Сулубек — о зависимости управления домом от застройщика, гарантиях и цене молчания о дефектах новостроек.
Шынайы құрмет пен жасанды «көкірек»
Аз ғана билікке қолы жетсе, эмпатиядан жұрдай болып, «көкірегін» қағатын адамдардың психологиялық сыры
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Смена руководства КНБ: кто такой Марат Ирменов и как складывалась карьера Ермека Сагимбаева
Новый глава спецслужбы прошел путь от региональных департаментов до руководства Комитетом
Казахстан между модернизацией и новым этапом развития
Политолог Равшан Назаров — о суверенитете, инфраструктурной модернизации, искусственном интеллекте и значении казахстанских реформ для Центральной Азии
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай