Тоқаев екі күннен кейін Мәскеуге барады

3756 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 22 Июн 2020, 18:10

Осы кезге дейін еліміздің Қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге аттанған

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге барады. Бұл ақпаратты мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік УӘЛИ растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Читайте также
"Мемлекет көмек береді": Тоқаев желіде жазба жариялады

"Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр", - деді Уәли.

Айта кетейік, 26 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир ПУТИНПЕН телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатын. Сол кезде Ресей басшысы Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырған.

Кейіннен президент Тоқаев Твиттердегі парақшасында: "Шақыртуды ризашылықпен қабылдадым", - деп жазды.

Бұған дейін Қазақстанның Қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге аттанған болатын.

Фото: akorda.kz.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.