Temu-ден Үндістан қалай қорғанып отыр

1892 просмотров
0
Ратель
Вторник, 01 Апр 2025, 13:00

Қауіпсіздік стратегиясы және цифрлық егемендік

Читайте также
Тайраңдаған Temu Өзбекстанда “таяқ жеді”

Деректер қауіпсіздігі

Қытайлық платформалардың нарыққа кіруіне шектеулер қою жағынан Үндістан белсенді боп отыр. Негізгі себеп – деректердің ұрлануынан сақтану. Temu деген басқа да қытайлық сервисер сияқты пайдаланушылардың жеке ақпараттын көп көлемде жинайды, оның ішінде сатып алушылардың қалауы, мекен-жайы, қаржылық деректері және басқа да жеке басқа қатысты ақпараттар. Сондай деректер Қытайдың мемлекеттік құрылымдарыныа берілуі мүмкін деген күдік артқандықтан, Үндістан бұл ақпараттың саяси немесе экономикалық мақсаттарда пайдаланылмай ба деп алаңдайды.

2023 жылы Үндістанның тұтынушылар құқықтарын қорғау қауымдастығы дерек жинау мен бақылау жасай алатын қосымшаларға шектеу енгізу үшін ұжымдық шағым жолдады. Сол кезде Үндістанның Ақпараттық технологиялар министрлігі Қытайдың цифрлық платформалары мен қызметтерін, соның ішінде Temu-ды бұғаттаудыға бағытталған жаңа ережелер енгізгенін жариялады. Бұл шара 2020 жылы қабылданған саясаттың жалғасы еді, ол кезде 200-ден астам қытайлық қосымша, соның ішінде танымал TikTok, PUBG және WeChat азаматтардың деректерін қорғау және цифрлық егемендікті сақтау мақсатында бұғатталған болатын.

Басты қадамдардың бірі – Цифрлық егемендік туралы заңның қабылдануы болды, ол Үндістанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардан қауіпсіздік стандарттарына сай болуды және Үндістан заңнамасы бойынша деректерді қорғау ережелерін сақтауды талап етеді. Атап айтқанда, заң шетелдік компанияларды, мысалы, Temu, деректерді Үндістанда сақтап, оны биліктің рұқсатынсыз басқа елге бермеуге міндеттейді.

Читайте также
Оңтүстік Корея да Temu-ға қарсы

Одан бөлек, Үндістан үкіметі халықаралық ұйымдар мен басқа елдердің үкіметтерімен тығыз жұмыс істей отырып, қытайлық цифрлық платформалардан келетін қауіптерді болдырмау үшін жаһандық қауіпсіздік желісін құруда. Үндістан қытайлық сервистерге салынған бұғат пен санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылуы мүмкін халықаралық транзакциялар мен төлем жүйелерін бақылауды күшейтті.

Экономикалық қауіп және жергілікті өндірушілерді қорғау

Үндістан билігін алаңдататын тағы бір маңызды мәселе – жергілікті өндірушілер мен шағын кәсіпорындарға төнетін қауіп. Temu негізінен Қытайда жасалатын арзан тауарлар ұсынып, Үндістандағы өндірушілер бәсекелесе алмайтын теңсіз жағдай туғызады.

Үндістандағы шағын және орта кәсіпорындар, сондай-ақ тәуелсіз өндірушілер Қытай сатушыларының агрессиясына тап болуда, Қытайдың арзан жұмыс күші мен өндірістік қуаттары тауар бағасын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Соған қарап Үндістанның өндірушілері де бағаларын төмендетуге мәжбүр болады, бұл табыстың төмендеуіне, тіпті банкроттыққа әкеледі. Үндістанның өндірушілер қауымдастығының 2023 жылы жарияланған есебіне сәйкес, бұл құбылыс текстиль, электроника және аксессуарлар сынды секторларда байқалуда.

2023-2024 жылы Үндістанның Қытайға экспорты $16,65 млрд құраса, Қытайдан импорт $101,74 млрд жетті. Соңғы бес жылда саудадағы дисбаланс салдарынан Үндістан $334 млрд-тан астам сауда дефицитіне тап болды, бұл Қытай тауарларына деген тәуелділіктің артқанын көрсетеді.

Читайте также
Аузымызды ашып отырғанда “Ассалау” деп Temu келді

Қытайдан импорттың өсуіне жауап ретінде Үндістан кейбір тауарларды импорттауға қосымша шектеулер енгізуді қарастыруда. Ондай шаралардың бірі – Қытай тауарларына антидемпингтік баждар енгізу, бұл Қытай өндірушілерінің субсидиялар мен басқа да мемлекеттік қолдау түрлері арқылы алған артықшылықтарын жоюға бағытталған. Бұл баждар Үндістан өндірушілері үшін бәсекелестікке тең жағдай жасауға және Қытайдың импортына тәуелділікті азайтуға бағытталған.

Қытай маркетплейстерінен туындайтын қауіптерге қарсы тұру үшін Үндістан өзінің цифрлық платформаларын дамытуда. Мысалы 2007 жылдан бері Қытайдың AliExpress пен Temu сияқты онлайн-алпауыттарымен бәсекелесе бастаған Flipkart платформасы пайда болды. Flipkart Үндістандық сатып алушылар үшін бәсекеге қабілетті бағалар мен қызметін ұдайы жақсарту бағытында жұмыс істейді, бұл жергілікті нарықты шетелдік платформалардың монополиясынан сақтайды.

Сонымен қатар, Үндістан өз тұтынушыларына бағытталған Snapdeal және Myntra сияқты e-commerce платформаларын дамытуда. Бұл платформалар жергілікті өндірістің тауарларын ұсынады, бұл елдің экономикасын қолдауға және Қытай тауарларына тәуелділікті азайтуға көмектеседі.

Білім беру және қолданушылардың сауатын арттыру

Қытай сервистерін пайдаланудан келетін қауіптерден сақтану үшін Үндістан өз азаматтарының сауатын арттыру шараларын қабылдауда. Үкімет халыққа Қытай қосымшалары мен қызметтерін, оның ішінде Temu-ды пайдалану қауіпті екенін ескертіп отырады.

Сондай шаралардың бірі – мектеп пен университеттерде киберқауіпсіздік бойынша міндетті білім беру курстарын енгізу болды. Бұл өскелең ұрпаққа жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын түсінуге және сенімсіз цифрлық платформаларды пайдаланудың қауіпті екенін түсінуге көмектеседі.

Фото: Getty Images.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером