СҚО-да оқу жылы қарсаңында ауыл мектептеріне жаңа автобустар берілді

1264 просмотров
0
Ратель
Суббота, 26 Авг 2023, 15:00

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мектептеріне 29 жаңа автобус тапсырылды

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мектептеріне 29 жаңа автобус тапсырылды. Оқушыларды қауіпсіз тасуға арнайы жарақтандырылған көлік мүмкіндігі шектеулі балаларға да ыңғайлы болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Солтүстік Қазақстандағы бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады

СҚО мектептерінің автопаркі бүгін 29 автобуспен толықты. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жаңа автобустардың кілтін табыс етіп, жиналған қауымды қуанышты сәтпен құттықтады.

"Елімізде білім саласына әрқашанда көп көңіл бөлініп келеді. Мемлекеттің қолдауының арқасында өңірде білім жүйесін дамытуға қомақты қаржы бағытталған. Біз балалар қауіпсіздігін нығайтуға ерекше мән беріп отырмыз.

Бүгін ауыл мектептеріне жаңа 29 автобустың кілтін табыс етеміз. Жаңа автобустар оқушылар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болады. Барлығы ауыл мектептеріне беріледі. Бұл жұмысты біз одан әрі жалғастырамыз", - деді Айдарбек Сапаров.

Мектеп автобустары қауіпсіздік белдіктерімен, есіктері ашық кезде қозғалысты тежейтін механизммен, ауа баптағыштармен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін пандус және жүргізушіні шақыратын түйме орнатылған.

"Қазір СҚО-ның ауыл мектептерінде 143 автобус бар. Автопаркті жаңарту бойынша жұмыс әлі де жалғасады. Балалардың қауіпсіздігі, сапалы білім алуы үнемі назарда, салаға қомақты сома бөлініп жатыр.

Читайте также
Тәжікстан президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Петропавлда 4 заманауи мектеп салынады. "Береке" шағын ауданында коррекциялық мектеп-интернат құрылысы басталады", - деді СҚО әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, биыл 49 мектепті күрделі жөндеуге 4,3 млрд теңге бөлінді. 2,8 млрд теңге білім ордаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалды. Оның ішінде білім беру ұйымдарын мамандандырылған күзетпен қамту да бар.

СҚО-да 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтуға 1 млрд теңге бөлінді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына деген қажеттілікті жабу үшін жақында "Жас өркен" және "Береке" шағынаудандарында 2 балабақша құрылысы басталмақ.

Фотоmtrk.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Бензиновая афера на 37 миллиардов, новые правила для должников и тревожный сигнал из ООН
Главное за неделю: Раскрытие масштабной схемы контрабанды топлива, изменения в работе нотариусов, развитие Алатау и другие главные события недели
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай