Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1-курс курсанты өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өмір белгілерісіз табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді", - делінген хабарамада.
Фото: МО РК.