Корея Республикасындағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды
Сеул қаласында болған қайғылы оқиғаның салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Корея Республикасындағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды. Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр.
Консулдық бөлім жанындағы жедел штабтың шұғыл байланыстары
Жұмыс тел.: +82 2 379-9714, +82 2 394-9716;
Ұялы тел.: +82 10 6682 2992, +82 10 6542 7771;
Эл. пошта: seoul@mfa.kz;
Мекен-жай: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul, 140-809 서울시 용산구 장문로 53, 140-809.
Сурет: GETTY IMAGES.