Сенат төрағасы: сейсмикалық қауіпсіздікті сақтауда жүйелі қадам жасау керек

1045 просмотров
0
Ратель
Пятница, 08 Дек 2023, 12:00

Сонымен қатар ол жақында өрт салдарынан Алматыда қайғылы жағдай болғанын еске салды

Читайте также
Президент алғашқы болып QAZAQ TILI қорына жеке жарна аударды

Қостанай мен Абай облыстарындағы орман өрттері жауапты мемлекеттік органдардың жұмысындағы түйткілдерді және осы бағытта тиімді жүйенің жоқ екенін айқын көрсетті. Бұл туралы сенатта азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында палата төрағасы Мәулен ӘШІМБАЕВ айтты, деп хабарлайды Kazinform.

- Біз бүгін парламенттік тыңдау аясында елімізде азаматтық қорғау жүйесін дамыту мәселелерін талқылаймыз. Қазір бұл өте өзекті мәселе екені сөзсіз. Сондықтан бұл бағытты Сенат ерекше бақылауда ұстап отыр. Жалпы, табиғи әрі техногендік апаттардың салдары қашанда ауыр болады. Сол себепті, азаматтық қорғауды күшейту, осы саладағы қауіптердің алдын алу мемлекеттік органдардың ең маңызды мақсаттарының бірі. Өкінішке қарай, кейінгі жылдарда табиғи және техногендік сипаттағы апаттар орын алды. Соның салдарынан мыңдаған адам зардап шекті. Қаза тапқандар да бар екені жасырын емес. Бұл – алаңдатарлық жағдай. Осы ретте, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі аса маңызды екенін айрықша атап өткен жөн. Өйткені соңғы жылдардың өзінде осы бағытта көптеген төтенше оқиғалар болды. Олардың қатарында Қостанай, Абай облыстарында болған ірі орман өрттері де бар. Бұл екі оқиға өртті сөндіруге жауапты мемлекеттік органдардың жұмысындағы түйткілдерді және осы бағытта тиімді жүйенің жоқ екенін айқын көрсетіп берді, - деді М. Әшімбаев.

Сонымен қатар ол жақында өрт салдарынан Алматыда қайғылы жағдай болғанын еске салды.

Читайте также
"Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің өткізу қабілеті жылына 20 млн тонна жүкке дейін артады

- Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ азаматтық қорғау жүйесін жаңғырту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдардың алдында ауқымды жұмыстар тұр. Сондай-ақ, елімізде өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесінде де олқылықтар аз емес. Қарағанды облысындағы шахталарда болған апаттар соның салдары екені сөзсіз. Бұл ретте, алдын алу жұмыстарының жүзеге асырылмауы, тиісті бақылаудың әлсіреуі, уақтылы жүргізілмеген күрделі жөндеу, жүйесіз жобалық және техникалық шешімдер қайғылы оқиғаларға әкелетін жағдайлар екені анық. Осы бағытта кешенді жұмыстар жүргізу қажет. Қазіргі таңда әлем бойынша сейсмикалық апаттардың да жиілеп кеткенін байқап отырмыз. Еліміздің географиялық орналасуына байланысты бізге бұл мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондықтан сейсмикалық қауіпсіздікті сақтау бағытында да жүйелі, жоспарлы қадам жасауымыз керек. Жалпы, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнеркәсіптік қауіпсіздікті жетілдіру, сейсмикалық қауіпсіздікті сақтау және басқа да осы бағыттағы мәселелерді шешу мемлекеттік органдардың үнемі назарында болуы тиіс. Бізге осы мәселеде әлемдегі озық тәжірибелерді зерттеп, жаңа тәсілдерді енгізу өте маңызды. Сонымен қатар, ғылыми әлеуетті кеңінен пайдалану қажет, - деді сенат төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, азаматтық қорғау сияқты маңызды сала тиісті деңгейдегі қаржыландыруды қажет етеді. Алайда кейінгі жылдарда бұл саладағы көптеген іс-шараларға тиісті деңгейде қаржы бөлінбей келді. Сондықтан үкімет пен әкімдіктер осы мәселеде жүйелі және кешенді шешімдер қабылдау керек.

Фото: senate.parlam.kz.

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Ледники Центральной Азии потеряли 26 млрд тонн льда в 2025 году
Как сокращение ледников Тянь-Шаня и Памира влияет на водные ресурсы Казахстана и соседних стран
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай