Сенат электр самокаттарын пайдалану талаптарына қатысты заңды мақұлдады

923 просмотров
0
Ратель
Четверг, 22 Июн 2023, 12:45

Заңның негізгі мақсаты - құқықтық оқылықтарды жою және шағын электр көліктер мен самокаттарын пайдалану мәселелерін реттеу

Бүгін сенаттың жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл құжат жолда көлік қозғалысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында парламент мәжілісі депутаттарының бастамашылығымен әзірленді. Заңның негізгі мақсаты - қолданыстағы құқықтық оқылықтарды жою және шағын электр көліктерін, сондай-ақ электр самокаттарын пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеу. Бұдан бөлек, заңмен көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізіледі. Сонымен қатар, заңмен Қазақстан Республикасының “Жол қозғалысы туралы” және “Рұқсаттар мен хабарламалар туралы” 2 заңға өзгеріс пен толықтыру енгізілді.

“Заңға сәйкес “Шағын электр көлік құралы” ұғымы енгізіліп отыр. Онда осы көлік түрінің техникалық сипаттамаларын және пайдалану тәртібін құқықтық регламенттей отырып, жүргізушілер үшін тыйым салулардың тізбесін белгілеу ескерілген. “Электрондық самокат” ұғымы енгізіледі, ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады және олардың қозғалысы үшін тиісті орындар айқындалады. Сондай-ақ олардың жүргізушілеріне тиісті шектеулер болады”, - деді сенат депутаты Евгений Больгерт.

Атап айтқанда, заңмен енгізілген шарттар мен тыйымдарды сақтай отырып, жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шеті бойынша электр самокаттардың жүруіне рұқсат етіледі. Бұл тұрғыда жүргізушінің 18 жасқа толуы, кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі мен шлемнің болуы, ал тәуліктің қараңғы уақытында қозғалу кезінде басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуі үшін тиісті жарық түсіретін белгілерді тағу ескерілген.

“Электр самокатына тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруіне рұқсат етіледі. Шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Сонымен қатар, мопед, велосипед, шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттары жүргізушілеріне қатысты шектеулер нақтыланды”, - деді депутат.

Бұдан бөлек, басқа құзыретті органда тіркелген көлік құралдарының “Жол қозғалысы туралы” заңда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлік құралдарын тоқтатуының негіздерін белгілейтін түзетулер енгізілді.

“Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласында мемлекеттік монополия енгізілмек. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы ҚР ІІМ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына беріледі. “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Заңы көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаның жаңа түрімен толықтырылады”, - деді сенатор.

Фото: zakon.kz.

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Ледники Центральной Азии потеряли 26 млрд тонн льда в 2025 году
Как сокращение ледников Тянь-Шаня и Памира влияет на водные ресурсы Казахстана и соседних стран
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай