Әділжан елордадағы иттер көрмесіне қатысу үшін арнайы Семейден келген
1 жасар Әділжан Жеңіс бүгін Астанада өтіп жатқан иттер көрмесіне арнайы келген. Халықаралық көрмеге 3 айлық Шағала атты тазысын қатыстырып жатыр. Kazinform тілшісі жас тазы ұстаушымен әңгімелескен еді.
"Көрмеге әкеммен келдім, екі тазы қатысып жатыр. Бұл менің күшігім, аты – Шағала, туғанына 3 ай болды. Итке әуестігім 5 жасымнан басталды, әкемнің қасында жүріп иттердің тілін түсіне бастадым. Көрмеге Шағала күшігімді енесімен бірге алып келдік", - деді Әділжан Жеңіс.
Әділжан елордадағы иттер көрмесіне қатысу үшін арнайы Семейден келген.
"Үйде 5 тазы бар, олармен аңшылыққа шығып тұрамыз, көбінесе қоян, қарсақ және құс аулайды. Әкеммен аңшылыққа шығып қыр-сырын әлі үйреніп жүрмін. Тазыларға арнайы тамақ береміз. Біздің тазылар Семейде әртүрлі жарыс, шараларға қатысып жүр, Астанаға бірінші рет келіп тұрмыз", - дейді ол.
Айта кетейік, бүгін Астанада халықаралық иттер көрмесі өтіп жатыр.
Іс-шараның мақсаты – тазыны қазақы ит ретінде әлемге танытып, мойындату.
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!