Семейде жүргізуші жетіспей, қоғамдық көлік азайды

1220 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 28 Июл 2024, 16:30

Таксидің өзі базарға дейін 700-1000 теңге алады

Семейде жұрт қоғамдық көлік санын арттыруды талап етуде. Олардың айтуынша, атқамінерлер бұл мәселені шеше алмай отыр. Соның салдарынан жұрт аялдамаларда автобусты сағаттап күтуге мәжбүр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

- Еріксіз такси ұстаймыз. Таксидің өзі базарға дейін 700-1000 теңге алады. Егер көлік жақсы жүрсе, 80 теңгеге жетуші едік. Біз сияқты зейнеткерлерге өте қиын. Көліктің жүргені өте нашар. Әкімдік, автопарк осы мәселені мықтап қолға алса, риза болушы едік, - дейді қала тұрғыны Сәуле ЕСЕМБАЕВА.

Читайте также
Ақтөбеде мас полицей көлігімен ерлі-зайыпты жұпты қағып өлтірді

Қазір шаһарда қоғамдық көлік санының аздығынан такси құны аспандап кеткен. Ара қашықтығы екі-үш аялдаманың өзіне жүргізушілер мың теңгесіз қозғалмайтын көрінеді. Өйткені күнделікті бағытқа шығатын автобустар бірен-саран. Ал мамандар қалада күнделікті 325 автобус жолаушы тасымалымен айналысатынын айтады. Олардың қызмет сапасын жақсарту үшін биыл 5 млрд теңге субсидия бөлінген екен. Дегенмен қоғамдық көлікте жүргізушілердің жетіспеушілігі қолбайлау болып тұр, дейді.

- Мұндай мәселелер бар – қоғамдық көліктің бағытқа аз шығуы немесе мүлдем болмауы. Оның бәрі автобус жүргізушілерінің жетіспеуінен туындап отыр. Қазір, мысалы, жүз жүргізуші жетіспейді. Тапшылықтың орнын толтыруды қарастырып жатырмыз. Алдағы уақытта шешімін табамыз, - дейді Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Аман ЖОЛАМАНОВ.

Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Игорь Проценко: Реестр казахстанских товаропроизводителей спасёт государство от ущерба на сотни миллиардов тенге
С какими проблемами сталкивается бизнес при регистрации в реестре (видео)
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Бейнеуском гарнизоне прошел День открытых дверей для родителей солдат