Рүстем Әбдіраштың халықаралық фестивальдан бас жүлде алған тарихи фильмі Португалияда көрсетілді

2218 просмотров
0
Ратель
Четверг, 15 Дек 2022, 17:00

Кинофильм "Ең үздік режиссерлік жұмыс" номинациясында жеңіске де жетті

Белгілі қазақстандық кинорежиссер Рүстем Әбдіраштың "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" кинокартинасы ең үздік фильм деп танылып, Еуропалық Парламентпен бірлесіп Брага қаласында жыл сайын өтетін "BRAGACINE" тәуелсіз кино халықаралық фестивалінде гран-при жүлдесін алды.

Читайте также
Қазақстан қандай жағдайда Түрікменстанға көмек көрсетеді

Сондай-ақ, кинофильм "Ең үздік режиссерлік жұмыс" номинациясында жеңіске де жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз бұл жобамен бірнеше жыл айналыстық және Қазақстанда бірінші болып толықметражды көркем фильм мен тарихи сериалды ұсындық. Менің ойымша, фильм тарихымызды тек біздің елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де көрсетуге лайықты", – деп атап өтті Р. Әбдіраш.

Қазақстандық фильмді португалдық көрермендердің жылы қабыл алуы осы сөздерді растаған тәрізді. Кино және теледидар саласындағы сарапшылар, сондай-ақ болашақ кинематографистер қазақ тарихымен, мәдениетімен және көшпелі өркениеттің өмірімен қызығушылықпен танысты.

Кинофестиваль директоры, Минью университеті Кинематография институтының профессоры Артур Барроса Морейра Қазақстанның шығармашылық тобын құттықтай отырып, жеңімпаз фильмнің жоғары көркемдік деңгейін атап өтіп, қазақстандық кинематографпен алғашқы танысу шынайы достық пен серіктестіктің бастамасы болғанын және оның жалғасын табатынына үміт білдірді. Фестиваль аясында бірнеше еуропалық дистрибьюторлар қазақстандық фильмді ағылшын тілді көрермен үшін прокатқа шығаруға ниет білдірді.

"BRAGACINE" - Португалияда 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан және Еуропа, Америка және Азия фильмдерін жинайтын халықаралық тәуелсіз кинофестиваль. Биылғы жылы 20-шы мерейтойлық байқау округтің муниципалитеті басшылығының, саясаткерлердің, дипломаттар, танымал актерлер, сыншылар және Минью университетінің болашақ кинорежиссерларының қатысуымен "Braga Parque" ең үлкен кино орталығында өтті.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Встречи министров, старые убийства, интернет-мошенники, массовая драка и споры вокруг Кок-Жайляу
Что происходило в Казахстане и странах региона — коротко о самых обсуждаемых событиях за неделю
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай