Ресейдің астығы Қазақстандыкі деп Иран мен Ауғанстанға сатылған

1466 просмотров
0
Ратель
Среда, 26 Июн 2024, 12:00

Бұл заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабында айқын көрсетілген

Заңсыз астық импорты бойынша өңірдегі шаруа қожалықтарына қатысты 12 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген 10 қылмыстық іс сотта қаралды, деп хабарлады kazinform.kz.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ең қауіпті әрі күдікті қаржылық операцияларды талдай келіп, 30 қылмысты анықтаған.

Бұл заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабында айқын көрсетілген.

Келген залал 6 миллиард теңгеден асқан.

Оның 300 миллион теңгесі тергеу процесі кезінде өтелді.

- Көршілес мемлекеттерде, атап айтқанда, Ресейде өндірілген астықты үлкен көлемде елге әкеліп, жалған шот-фактура жасау арқылы Таяу Шығыс елдеріне қазақстандық өнім ретінде экспортқа шығарып жатқандар анықталды. Олар өнімді көбіне Ауғанстан, Иран, Тәжікстан сияқты мемлекеттерге жібереді. Бұл біздің отандық экономикамызға, өңіріміздің шаруа қожалықтарына айтарлықтай зиян келтіріп отыр. Өзіміздің өнімдеріміз шетелге шықпай қалады немесе сатылған күнде де бағасы төмендеп кетеді. Сондықтан да мұндай заңсыз іс-әрекеттер біздің ұлттық экономикамызға үлкен залал келтіреді, - дейді Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерік ЕСЕНОВ.

Облыстағы жүйелі проблемалардың бірі — заңсыз астық импорты. Бұл ретте шаруа қожалықтарына қатысты 12 қылмыстық іс тіркелген.

Читайте также
Ресей қоғамы қылмысқа тұншықты. Бұл әлі басы ғана

Оның ішінде мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген 10 қылмыстық іс сотқа жолданып, қаралды. 

Атап айтқанда, олардың бірі - "Ертіс" шаруа қожалығы. Басшысы жалған шот-фактура жасау есебінен 50 миллион теңгеге жуық кіріс тапқан.

Ол бұл қаражатқа Toyota Camry автокөлігі мен Павлодардағы элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған.

Шаруа қожалығы басшысы үш жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. 

Тағы бір кәсіпорын - "Восток" ЖК өкілдері бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар "Дамас" ШҚ, "Дияр", "Алтын Бидай", "Север", "Ансар" ЖК және "Ansar_ANSAR" ЖШС-тері үшін дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бойынша жалған шот-фактура дайындап отырған.

Қылмыстық табыс сомасы 50 миллион теңгені құраған.

Фото: Павлодар өңірлік коммуникациялар орталығы.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Работы по очистке около 110 км русел рек проводятся в рамках подготовки к весенним паводкам